Ғылыми-зерттеу жұмысы тақырыбы: «Ойын арқылы балалардың сөздік қорын дамыту»



бет3/12
Дата04.10.2023
өлшемі1,27 Mb.
#183734
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Жаңабаева Қ.А КУРСОВОЙ )

Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың жас мүмкіндіктеріне сәйкес сөздік қорын дамытуда сюжеттік және дидактикалық ойындарды қолдану жолдарын анықтау.
Зерттеудің нысаны: мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту процесі.
Зерттеудің пәні: Мектеп жасына дейінгі тіл дамыту әдістемесі
Зерттеудің міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту жұмысында дидактикалық және сюжеттік ойындарды қолдану мәселесінің жай-күйін зерттеу.
- Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту жұмысында дидактикалық және сюжеттік ойындарды қолдану жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеу.
- Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту бойынша жұмыста дидактикалық және сюжеттік ойындарды қолдану жолдарын тәжірибелік сынақтан өткізу.
Зерттеудің ғылымии болжамы: егер дидактикалық ойындар мен лексикалық жаттығулар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту жұмысының тиімділігі келесі жолдарды жүзеге асырумен қамтамасыз етілген болса онда балалардың сөйлеу дамуының ерекшеліктеріне сәйкес сөздік қоры дами түседі өйткені дидактикалық ойындар мен лексикалық жаттығуларды таңдау; сөйлеу сабақтарында дидактикалық ойындар мен лексикалық жаттығуларды мақсатты пайдалану; балалар сөздігін нақтылау және жандандыру дидактикалық ойындар мен лексикалық жаттығуларды қолдану сөздік қорды қалыптастырады.
Зерттеудің әдістері: теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелерін зерделеу және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау,сұрыптау, талдау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттен, қосымшадан тұрады.


  1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН АРҚЫЛЫ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

    1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытудың ерекшеліктері

Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту мәселесі жаңа бағдарлама бойынша осы бағытта белгіленген. Алайда әлі оқи, жаза білмейтін балаларға жалпы тілге қойылатын талаптарды меңгерту, жаңа сөз үйрету, сөйлеу тәсілдеріне жаттықтыру, қоғам өмірінен, табиғат тіршілігінен тыс емес, осылармен тығыз бірлікте, сабақтаса жүргізіледі. Олай болса, тәрбиешілер тіл дамыту сабағын жоспарлағанда баланың өмірден алған әсерін, естіп, білгенін ұдайы ескеруге тиісті. Сөз үйретуге арналған сабақтар экскурсия, бақылау жұмыстарымен үйлестіріле жүргізіледі.


Сөздік қорды дамытумен жұмыс келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- белсенді және пассивті сөздікті байыту;
- сөздікті бекіту және нақтылау;
- сөздікті белсендіру;
- әдеби емес сөздерді шеттету;
Сөздікпен жұмыс мазмұнын күрделендіру келесі бағыттарда жүргізіледі:
1) заттар және құбылыстар бейнесін тұтастай қабылдаумен бірге сөздікті меңгеру;
2) сөздіктің өсуі сапаны, қасиетті, заттар мен құбылыстардың бөлігі, олардың қатынасын білдіретін сөздерді түсіну есебімен. Бұл үдеріс қабылдауға қабілеттілікті талап етеді, талдау және салыстыру ретінде ой операцияларын меңгеру;
3) лексикаға элементарлық түсініктерді білдіретін сөздерді кірістіру. Маңызды белгілері бойынша заттар мен құбылыстарды жалпылай білу.
5-6 жастағы балалардың тілін дамыту сипаттамасы. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар ана тілін жетерліктей еркін меңгереді. Белсенді сөдің сөздік қоры 2500-3000 сөзді құрайды. Бұл балалардың үлкен тәжірибесімен (алдыңғы кезеңмен салыстырғанда), олардың зияткерлік қабілетінің дамуымен: көптүрлі байланысты белгілей білуіне, бар білімдерін жеңіл пайдалану, жалпылау және қорытынды жасаумен байланысты. Қатынас адамның эмоциялық жағдайы мен көңіл-күйін белгілеу әдісімен, өзінің меншікті ішкі әлемін тану әдісімен мінез-құлық ережесін меңгеруге бағытталған[2].
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілін дамытудың басты бағыттары:
- тілдің мазмұндылығы мен байланысы (диалог пен монолог);
- тілдік шығармашылықты дамыту, сөз мәнерлігі;
- тілдік қызметтің зияткерлік қабілеттілігін дамыту.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Балалар өзара қатынас мәселелерін талқылай білуді, адамдар әрекетінің адамгершілік жақтарын, дәлелді бағалар беруді үйренеді. Балалар диалогтік және көплогикалық сөйлеуді меңгеруді үйренеді, қоршағандармен жақсы тілдік қатынасқа түседі. Олар ұжымдық әңгімелесуге қатыса алады, тілдік қатынастың қабылданған сыпайы ережелерін пайдаланады, әңгімелесушіні ынтасымен тыңдайды, сұрақтарды дұрыс қояды, сұраққа жауап береді, балалардың жауабын тыңдайды, ортақ әңгімені қолдайды, әңгімелесушіні бөлмей, кезекпен сөйлеседі.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытудың басты мақсаты диалогтік және көплогикалық сөйлеуді жетілдіру болып табылады.
Сөздікті дамыту. Балалар тұрмыстық сөздікті белсенді меңгеруі керек; тұрмыстық және табиғи заттардың атауын білдіретін, олардың қасиеті мен сапасын, құрылысын, материалын және оның ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дәл және дұрыс қолдануы керек. Объектінің басқа қасиеттерін және өлшемін, формасын, сөздерді меңгеруді жалғастыруы керек.
Балалар таныс заттардың қасиеттері мен сапасын анықтау үшін өз еріктерімен тексеріп, қажетінше іс-әрекетте қолданады және оларды атайды (сипайды, үрлейді, иіскейді, қолдарына өлшейді және т.б.)
Ересек топтарда сөздік жұмысының басты мазмұны балалармен игерілетін сөздерді саналы қолдану болып табылады.
Бұл жаста балалар ойша заттарды салыстыра алады, маңызды белгілерін табады, топтарындағы заттарға қарап оларды құрастырады. Заттарды сипатты белгілеріне қарай құрастыру қабілеттіліктерін меңгереді: ыдыс-аяқ, жиһаз, киім, аяқ-киім, көкөністер, жемістер, көліктер және т.б.
5-6 жастағы балалардың сөздік қорын байыту олардың әлеуметтік өмірдегі оқиғаларға және оларға деген қызығушылықтарының артуына, оның ішкі әлеміндегі адамдарға және сыртқы мінез-құлқына байланысты. Балалар адамдардың әртүрлі мамандықтарымен танысу барысында олардың сөздік қоры жаңа заттардың, еңбек құралдарының, жұмысқа қажетті техниканың, еңбек қызметінің және олардың орындалу сапасының атауларымен толығады.
Сөздің грамматикалық дұрыстығы. Мектепке дейінгі ересек жаста балалар сөздің барлық негізгі грамматикалық формаларын қолдану керек. Балалар өздерінің құрбыларының сөздеріндегі грамматикалық қателіктерді тауып оларды түзетуді үйренеді және өздіктерімен грамматикалық формаларды қолдана алады[3].
Сөздің дыбыстық мәдениеті. Мектепке дейінгі ересек жаста балалар дыбыстардың дұрыс айтылуын және сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйренеді. Олар өз ана тілінің дыбыстарын таза және дұрыс айту керек. Күнделікті сөздік қатынас барысында олар дұрыс дыбыстауға жаттығады.
Өлең оқығанда, әдеби әңгімелерді айтқанда балалар ырғақтың мәнерлілігін түрлі құралдар арқылы қолдану керек: екпінмен, сөздің ырғағымен, логикалық екпінмен. Бұл құралдармен балалар тілімізге енген үштұғырлы өлеңдерді оқығанда, әдеби әңгімелерді оқығанда (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) қолдануға болады.
Монологты сөз. Балалар алдын-ала дайындықсыз коммуникативтік жағдаяттармен ұсынылатын тілдің материалдық бағдарламасы, білім беру және тұрмыстық қызмет аясы бойынша сөйлей алулары керек.
Сөйлеу аумағы – тілдік қатынаста дұрыс рәсімделген 3 сөйлемнен кем емес. Жұмыстың негізгі бағыты үш тілділікке балаларды төрт жастан дамыту, ынтасын тәрбиелеу және үлкендермен, құрбыларымен сөздік қарым- қатынастағы дербестігі, монологты формаларды үйренуі болып табылады.
Оқыту мазмұнына өлеңдер, әндер, санамақтар кіреді. Сонымен қатар мектептегі білім беру жағдайларын шағылыстыратын тілдік құралдар да қосылады. Тілдік материалдар көлемі 70 түрлі сөйлеу үлгілерін құрайды, олардың ішінен 50-і айтуға арналған.
Грамматикалық дағдыларын қалыптастыру. Балалармен тілдің грамматикалық жағын меңгеру сөйлеудің үлгісі негізінде жүзеге асады, функционалды қолдану, сөйлеушінің коммуникативті ойын білдіреді. Балалар зат есімнің жекеше және көпше түрлерін, етістіктің осы шақ, келер шақ, өткен шақ формаларын (Present Indefinite Tense, Future Indefinite Tense), 3-ші жақтағы етістіктің жекеше түрін жіктеу формаларын меңгереді. Сөйлеу үлгісін дұрыс қолдану негізінде сөйлемнің құрылымын меңгереді, балаларға берілген қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлемдердің сөздік ретін түсінуге көмектеседі.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалармен төмендегідей жұмыс түрлері қолданылады:
1. Айтылуы бойынша жұмыс:
а) «Жанды тіл» ертегісі;
б) жаңылтпаштар;
в) ұйқастыру.
2.Ойыншықтармен жұмыс:
а) ойыншықпен сұхбат;
б) ойыншықты бейнелеу.
3. Суретпен жұмыс:
а) суретпен баяндау;
б) «Не жоғалды?» ойыны;
в) «Суретті тап».
4. Өлеңдерді жаттау және декламация:
а) Өлеңдер сайысы;
б) Сөз сөйлеу декламациясы, көңіл-күй өзгеруінің декламациясы (оптимистік, қайғылы, ашулы және т.б.).
5. Әндерді жаттау:
а) «Көрсет» әні;
6. Қысқаша әңгімелер мен көріністерді сахналау;
7. Қимыл-қозғалыс ойындары;
8. Жай ойындар;
9. Шығармашылық ойындары;
10. Ситуациялық диалогтарды орындау;
11. Суретке қарап әңгіме құрастыру;
12. Әріптерді жаттау[4].
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті негізінде айтарлықтай дәрежеде мазмұнға сәйкес қолданылатын дидактикалық материалдарға, топтасуына байланысты топта жұмыстар ұйымдастырылады. Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы балабақшада өтілетін барлық сабақтарда (шығарма оқу, сауат ашу, сурет, математика, музыка, дене шынықтыру, т.б.) баланың жасына қарай жүргізіледі. Мысалы, жазда «Мектеп», «Мұғалім», «Дәрігер», т.б. творчествалық ойындар өткізіледі.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет