Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту үшін қолданылатын ойындардың маңызы
Балабақшадағы оқыту – тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста дидактикалық ойындар арқылы қолдана білуге ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- дидактикалық ойындар арқылы тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Суреттерді қарау балалардың идеялары мен сөздіктерін нақтылауға бағытталған және әрқашан бұрын жинақталған сөздікті белсендіретін әңгімемен бірге жүреді. Сөздік жұмыс диалогтық сөйлеудің дамуымен тығыз байланысты. Тәрбиеші өз сұрақтарымен балаларды белгілі бір (алдын-ала таңдалған) сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға шақырады. Сұрақ сөзбен жұмыс істеудің негізгі әдісі болып табылады. (Сұрақтардың түрлері "когерентті сөйлеуді дамыту" тақырыбында қарастырылады.)
Дидактикалық ойындар-сөздік жұмыстың кең таралған әдісі. Сөздік ойындары ойыншықтармен, заттармен, суреттермен және ауызша негізде (ауызша) өткізіледі. Сөздік ойындардағы ойын әрекеттері негізінен қолда бар сөздік қорын белсендіруге мүмкіндік береді. Жаңа сөздер енгізілмейді. Егер мұғалім жаңа сөздер айтқысы келсе, ол сөзсіз ойын әрекетіне енеді, балаларды ойыннан түсініктемелермен алаңдатады, бұл ойынның бұзылуына әкеледі.
Сөздік дидактикалық ойындар түрлердің де, жалпы ұғымдардың да дамуына, олардың жалпыланған мағыналарында сөздердің дамуына көмектеседі. Бұл ойындарда бала бұрын алған білімі мен сөздігін жаңа жағдайларда қолдануға мәжбүр болатын жағдайларға тап болады.
Дидактикалық ойындарға арналған материалды таңдау сөздік жұмысының міндеттерімен анықталуы керек. Тұрмыстық сөздікті белсендіру үшін тұрмыстық заттарды бейнелейтін ойыншықтар немесе суреттер таңдалады, табиғаттану сөздігін белсендіру үшін – табиғи материал (жапырақтар, көкөністер, жемістер, жануарлар, құстар). Ойындарды нақты басқарудың шарттарының бірі-игерілетін сөздердің тізімін анықтау.
Балалармен дидактикалық ойын арқылы сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретуіміз керек.
Кішкентай балаңыздың сөздік қоры бай болу үшін ата-аналардың өздері кейде идеалды сөйлеуден алыс болуы керек. Ересектердің әңгімесі жарқын және мәнерлі сөздер мен сөз тіркестеріне толы болуы маңызды. Бала сөздерді біліп қана қоймай, оларды іс жүзінде қолдануы керек. Ол үшін балалармен мүмкіндігінше көп сөйлесіп, оларға кітап оқу керек.
Бұл тұрғыда өлеңдер әсіресе пайдалы деген пікір бар. Тыңдау және қайталау арқылы бала сөздерді айтуды үйренеді, бұл оларды жаттау процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Өлеңдер арқылы бала дыбысы бірдей әр түрлі сөздер және мағынасы ұқсас әр түрлі сөздер бар екенін біледі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде дидактикалық ойын арқылы балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып
– балалардың сөздік қорларын дамытамыз;
– жаңа сөздерді меңгертеміз;
– үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отырамыз[5];
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі дидактикалық ойын арқылы сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда дидактикалық ойындар, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде дидактикалық ойындар –баланың шын тіршілігі. Дидактикалық ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады.
Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Дидактикалық ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала ешнәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал, еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлайда білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп –есейгенде де жалғаса береді. Ойын барысында өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.
Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл-қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым-қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным-түсінік, мінез-құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады[6].
Дидактикалық ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Ойын дегеніміз – баланың тілін дамытатын, қызықтыра отырып, ойдан ойға жетелейтін тыныс кең, алысқа меңзейтін, қиялға қанат бітетін нәзік нәрсе.
Дидактикалық негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын,байқампаздығын, еске сақтау, қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болса, сол ойындардан үлкенде мәнді, мағыналы істер туындап өрбейтінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандайда бір өнердің бастауы деп білеміз.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы?», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы аз, қайсысы көп?» т.б. Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады.
Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш?», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «Не артық?»
Ал, сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуді үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолнаумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр»,
«Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін береді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады. Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытта қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
Балабақшаларда сонымен қатар ұлттық педогогиканы дидактикалық ойындармен ұштастырып ұтымды пайдаланылса, онда тәрбиеленушілердің тілін дамытуға, білімге деген құштарлығын арттыруға және қазақ халқының мол мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады.
Қазақтың белгілі ғалым – ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин Халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін, өткен ұрпақтың дәстүрі мен тарихын құрметтеп, эстетикалық, адамгершілік, қасиеттерінің дамуына, сөздік қорынының баюына қосатын үлесін жоғары бағаласа, біртуар ақын Мағжан Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастаулары қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігінің, тілдік тәрбиенің негізгі ажырамас бөлшегі деп тұжырымдайды. Тілді дамыту мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жұмыстарының негізі болуы тиіс, өйткені баланың сөздік қорының нығаюы оның танымдық қабілетін арттырып, сана –сезімін кеңейтеді[7].
Мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде ұйымдастырылған оқу қызметтеріне арналған дидактикалық ойын әдістеріне үлкен мән беріледі. Оқытудың әдістері мен тәсілдері ережеге сәйкес қолданылады, әртүрлі үйлестіруде оқытудың көп бейнелі әдістері мен тәсілдерін пайдалану, оларды шебер үйлестіру керек, сонда ұйымдастырылған оқу қызметі балаларға пайдалы, қызықты болады.
Баланың сөйлеу мәдениеті әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасады. Оның пайда болуы және қалыптасуы баланың қатынас қажеттілігінен туындайды. Қарым-қатынастағы қайшылықтар баланы тілді білу қабілетін ұштауға, сөйлеудің жаңа формаларын білуге жетелейді. Жас ерекшеліктерін, баланың қабілетін ескере отырып, баланың ересектермен қарым-қатынасы арқасында нәтижеге жетеді, мектепке дейінгі әр түрлі топтардағы балалардың тілін дамытуда дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану осы бағыттағы атқарылатын игі іс-шаралардың нәтижесіз қалмайтындығының айқын дәлелі деп санаймын.
Еркін сюжетті-рөлді ойын -мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ең қызықты іс-әрекет. Оның тартымдылығы -ойнай отырып, бала субъективті еркіндікті сезінеді, тәжірибелік туынды іс-әрекеттегі қарсылықтарға тап болып, қиынға түсетіндердің барлығы -заттардың, әрекеттер және қарым-қатынастардың оған тәуелді екенін сезінеді. Сонымен қатар, педагогикалық әдебиетте балабақшадағы балалардың ойын іс-әрекеті тиісті деңгейіне жете алмайтыны туралы мәселе бірнеше рет көтерілген болатын.
Ойын -кез келген әрекет сияқты бей-берекет пайда болмайды -ересектер тарапынан қалыптастырылады. Балалар ойнай алу үшін олардың саналарында эпизод-әрекеттердің жиынтығы тұрақталу тиіс. Балалар қандай әрекеттерді орындау керек екенін білулері қажет және меңгерген білімдерінен тек осындай лайық сәттерді таңдай біліп, оларды қиялдан құрылған жаңа сәттер ойлап таба білулері тиіс[8].
Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да рөлдік ,сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін.
«Ұлттық қазақ ойындары: «Қыз қуу», «Орамал тастау, «Асықтар», «Бәйге» ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын.
Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. Мысалы : «Қуыршаққа қонаққа бару», «Мен кіммін», «Қуыршақты киіндіреміз», «Шарбақты құрастыру», «Көлемі бойынша қой» деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Кез келген ойын түрлерін сабағымен тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың шығаршашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты- бір нәрсе жайында сұралап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.
Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді, ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауды үйрене бастайды. Қорыта айтқанда, ойын араласқан сабақ көңілді әрі сапалы өтеді, балалардың білуге деген құштарлығын арттырады, түсініктерін тереңдетеді, бағдарламалық материалдарды меңгеруіне жақсы ықпал етеді[9].
Қойылымдық ойындарда рөлдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөлді ойынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертегі айтып берсең бар ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой-қиялын, сөздік қорын дамытады.
Ойын балалардың қимыл-қозғалысын, ойлау қабілетін, тілін дамытуда,ойынға деген қызығушылығын арттыру қажет .Соны мен қоса,ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлді өзі таңдап алған жөн. Сонда ғана олардың ойыны да ,тілі де нақты және сенімді шығады.
Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс .
Бала өзін рөлде неғұрлым еркін сезінетін болса,ол соғұрлым қызыға ойнайтын болады.
Осындай шарттар бойынша дайындалған материалдар қолданылса ойын соғұрлым жоғары тиімділік береді.
Ойын барысында тәрбиеші рөлі үнемі өзгеріп отырады.
1.Бастапқы кезде тәрбиеші балалардың ынта-жігерін бақылаған жөн.
2.Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды.
3.Кейде тәрбиешінің өзі де,басты рөлден басқа кез келген рөлде ойнауына болады,тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болсын.
4.Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап ,жұмысына жәрдем беруіне болады.
5.Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді,тек білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да,келесі сабақта осындай қателермен жұмыс істейді.
6.Рөлдерді бөлу .Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады.Адам туралы мәлімет берілсе :ақ көңіл,адал,мейірімді деп сипаттама берілді[10].
Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі қажет.Әдетте ойнайтын рөл туралы көп айтудың да қажеті жоқ,себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету керек,ол үшін уақыт беру керек.
Рөлдерді тәрбиеші бөледі,кейде балалардың қалауларына да ерік берген жөн, себебі қазақ тілін өзі қаншалықты біледі,соған орай өздеріде рөлді тез таңдайды .Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде тәрбиеші дұрыс тәсіл қолданып,әсіресе,алғашқы мадақтауда абай болғаны жөн.Өйткені,баланың ынтасын жоғалтады.Талдауда алдымен жақсы жақтарын айтып,содан кейін ғана кемшіліктерге тоқталу қажет[11].
Егер мүмкін болса,ойын барысын бейнетаспаға немесе магнитофон лентасына жазып алған жөн.Кейіннен балалармен бірге көріп,тыңдап отырып,барлық ойынды немесе кейбір тұстарын талдаған өте тиімді. Себебі,мұнда тәрбиеші ойынға дайындық кезіндегі жіберіп алған қателіктерін байқайды да,келесі жолға ойындарда осындай кемшіліктерге жол бермейді,есте сақтайды.
Тіл дамыту сабағында драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді,интонацияны дұрыс пайдалануды,мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді.Актерлер ретінде көбінесе басқа ұлттық балалары ойнаса,ал сарапшылар,кеңес берушілер ретінде қазақ балалары ойнайды.
Драматизацияланған ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек себебі,ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құралады.
Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді.Мысалы:драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:
-Шығарманы өзгертпей дәл түрінде сахнаға қою
-Мәтінге шығармалық түрде өзгеріс жасап ,сахнаға қою.
-Драматизацияланған ойындардың белгілі,айқын мақсаты болады.
-Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру .Тілдік қарым қатынасқа түсу дағдыларын дамыту.
-Балаларды сөйлеуге үйрету.
-Өмірде кез келген оқиға туралы естігенін ұғуға және іс-әрекет жүзінде көрсете білуге үйрету[12].
Достарыңызбен бөлісу: |