Ғылыми зерттеу саласындағы ұлттық және халықаралық құқық негіздері



бет25/25
Дата30.05.2022
өлшемі0,49 Mb.
#145496
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Менеджмент рк1 302АБ

29. Мета-анализ. Түрлері
Мета-анализ -бірнеше клиникалық сынаманың біріктірілген қорытындыларының сандық анализі.• Жеке сынамалардың статистикалық анализі
• Бірінші Мета – анализ- ХХ ғасырдың басы, Karl Pearson, ішек лихорадкасының алдын алудың нәтижелілігін зерттеген.Мета-анализ бірнеше зерттеулердің нәтижесін жалпылау және зерттеу нәтижелерінің дәлелділігін жоғарылату үшін қолданылады.
• Мета-анализ -бұл бір медициналық әрекетті бірнеше клиникалық зерттеулерден өткізіп, оның қорытындыларын біріктіріп, сандық талдау жүргізу.Талдаудың бұл түрі іріктеу көлемінің ұлғаюына байланысты әр жекеленген зерттеулерге қарағанда, статистикалық мүмкіндігі зор, сол сияқты емдеу,алдын-алу және диагностикалық шаралардың пайдалыларын таңдауда маңызды.
Мета-анализдің 3 негізгі этапы бар:
1) таңдалған тақырып бойынша ең сенімді мақалаларды жинау
2) мақалалардың бұрын бекітілген критерийлерге сәйкестігін бағалау:зерттеу әдісі, мәліметтерді жинау әдісі, пациенттердің саны бойынша
3)көптеген зерттеулердің сандық нәтижесін біріктіру арқылы, жекелеген зерттеулерге қарағанда, статистикалық маңызы зор, бір үлкен зерттеу құрастырылады.Мета анализдің қорытындысы кесте(график) түрінде беріледі. Біздің кафедрада екіншілікті зерттеу түрлерін өткенде мета анализдер берілген бірнеше мақалалар талданады.(нормограмма түсіндірілгеннен кейін)Сондықтан мақала ағылшын тілінде болса да, зерттеудің нәтижесі кесте(график) түрінде берілгендіктен, студенттерге түсінікті.
Мета-анализдің кезеңдері:
• анализдің негізгі мақсатын анықтау
• нәтижелерін бағалау әдістерін таңдау
• ақпараттарды жүйелі түрде іздеу
• сандық ақпараттарды жалпылау
• оны статистикалық әдістердің көмегімен талдау
• нәтижелерді интерпретациялау
Мета-анализдің артықшылығы:
• бұл әдіс әртүрлі білім көздерінен алынған ақпараттарды ғылыми негіздеп, ұдайы толықтыру жолдарымен жалпылап отырады
• зерттеулердің статистикалық шынайы емес мәліметтерін біріктіргенде, шынайы мәлімет алынуы мүмкін жекеленген топтағы науқастар терапиясының нәтижелерін болжауға және болашақтағы зерттеулердің гипотезасын тексеруге мүмкіндік береді.
• мүмкін болатын қателерді болдыртпайды
• нәтижені тура бағалайды
• ашық жасалады
Мета-анализдің кемшілігі:
• автор оң нәтижелерді баспаға жариялап, теріс нәтижелерді жасыруы-
мета –анализ нәтижелерінің бұрмалануына әкеледі
• ақпаратты іздеуді соңына дейін жүргізбеу және білім көздерін дұрыс таңдамау нәтижелердің бұрмалану себептері болады.
Мета-анализ жүргізу кезінде кездесетін қиындықтар:
• зерттеу түрлерін таңдау, табу
• ақпараттың біркелкі болмауы
маңыздаы ақпараттың жоғалып қалуы
• салыстырылатын топтар дұрыс сәйкестікпен талданбайды
Кумулятивті мета-анализ жаңа мәліметтер пайда болған кезде жинақталған мәліметтердің кумулятивті қисығының пайда болуын қамтамасыз етеді.Проспективті және ретроспективті мета-анализ жаңа нәтижелер мен ескі нәтижелерді біріктіреді.Жекеленген мәліметтердің мета-анализі - жекелеген науқастардың емдеу нәтижелерін зерттеуге негізделген талдау.
30.Ғылыми жұмысты жазудың жақсы тәжірибесі

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет