Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


Ежелгі дүние ғылымының ерекшеліктері. Теориялық ғылымның алғашқы формаларының пайда болуы



бет16/137
Дата13.12.2021
өлшемі335,4 Kb.
#125866
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   137
Байланысты:
ûëûìíû òàðèõû ìåí ôèëîñîôèÿñûíû ï í³

17.Ежелгі дүние ғылымының ерекшеліктері. Теориялық ғылымның алғашқы формаларының пайда болуы

Ғылымның бастамасын анықтаудың оңай емес екендігі белгілі, бірақ оның даму тарихын ең алдымен үлкен екі кезеңге бөліп зерттеуді ғалымдардың көпшілігі жақтайды. Ғылым зерттеуші ғалым А.Карноның пікірінше, суы мол, арнасы кең ұзаққа созылған үлкен өзеннің бастауын дəл табу қандай қиын болса, ғылымның қайнар бастауын да дəл көрсету оңай емес. Оның бастамасына ой жүгірткенде, қап-қараңғы, шым-шытырық күңгірт ойларға тап боласың, ақырсоңында тұрпайы да жабайы түсініктерге келіп тірелесің1. Орыс зерттеушісі В.И.Ильин "Ғылым бастамасы" ұғымының айқынсыздығы мен релятивистігі бұл проблеманың шешімін аса қиынға соқтыратынын атап көрсетеді. Осы қиындықтардың нəтижесі ғылымның бастамасын сыртқы жəне ішкі деп бөлуге мəжбүр етеді. Сыртқы бастама — ғылымға дейінгі санадан ғылымның белгілі бір түрде құралуының шегі болса, ішкі бастамасы — ғылым тарихының алғашқы ағымын анықтау, содан бастап есептеу. Ғылымның сыртқы бастамасын қарастыру деген сөз, оның алғашқы ғылыми танымдық формалардан қалай шыққанын, қалыптасу динамикасын айқындау болып табылады. Ал ішкі бастамада — тарихи кеңістікте дамыған ғылым белгілерін көрсету. Ғылымның ішкі жəне сыртқы бастамаларын қарастыра отырып, біз ғылым қашан, қалай жəне қайда пайда болды деген сұрақтарға жауап бере аламыз. Ғылымның бастауын анықтау үшін көп мəнді "ғылым" ұғымның қазіргі заманғы мазмұнын ашып көрсету міндетті. Жоғарыда атап көрсеткендсй, ғылым, ең алдымен, білім жəне ол білімді алуға бағытталған іс-əрекет, қоғамдық сананың айрықша формасы, əлеуметтік институт (XIX ғ.ғ. екінші жартысында пайда болған арнайы ұйымдар мен мекемелер жүйесі), XX ғасырдың екінші жартысынан бастап қоғамның тікелей өндіргіш күші т.б. Бұл сұрақтың елдің бəрі мойыңдайтын жалпы жауабы болмағанымен, бірақ Г.Спенсердің ғылымның бастауы "есейген "жабайы адамның" ақыл-ойы..." деген пікірімен келісуге болмайды жəне оның бұл пікірін қолдаушы О.Конттың жəне басқалардың ғылымды мəдениет пен тарихтан тəуелсіз түсіндіретін пікірін де қолдауға болмайды, өйткені ғылым дегеніміз білім "өндіруге" арнайы бағытталған қоғамдық қызметтің нəтижесі болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет