Филология факультеті



бет27/41
Дата29.09.2022
өлшемі1,24 Mb.
#151117
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
Байланысты:
6В01700. Ежелгі дәуір. қазақ әдеб. ПОӘК.

Сабақтың нәтижесі:

  • студент Рабғузи мұрасын қарастыра отырып, оны көркемдік тұрғысынан ажырата, нақтылай алатын болады және кәсіби маман ретінде түсіндіре, талдай, талқылай және деректер келтіре алатын болады.

Шығарманың жазылған уақыты. Автор туралы мәліметтер. Рабғузидің бұл кітабының мазмұнына қарай әр-түрлі діни кітаптардан ауысқан қисса-хикаялардың топтасқандығы. Олар табиғат, діни құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы жайлы; әулие-әнбиелер жайындағы діни-мифологиялық әңгімелер; тарихи-діни қайраткерлер туралы қисса-хикаялары. Әсіресе, райғамбарлардың өмір тарихына байланысты аңыз-әңгімелер екендігі. Алайда, олардың көпшілігінде тәрбиелік, дидактикалық сарынның басым келетіндігі. Қиссаның сюжеті, мотивтері қазақтың ұлттық фольклорына ХІХ ғасырда қалыптасқан дастаншыл кітаби жазба әдебиетке де үлкен әсер етіп, ұлт мұрасының қайнар көздерінің бірі болды.


Негізінен, ақындылық, данышпандық, татулық, достық, махаббат, қамқорлық, сабырлық сияқты т.б. ұлық қасиеттердің дәріптелетіндігі. Қазақ әдебиетінің көне мұраларын зерттеп, түркілік ортақ әдебиетке барлау жасауда, оларды көркемдік дәстүр сабақтастығы тұрғысынан бағалауда көрнекті ғалым Б. Кенжебаевтың еңбегі айрықша. Ол Рабғузидің «Қисас-ул анбийа» ескерткіші жөнінде алғаш рет сөз етіп, ескерткішке: «Қисса-сұл әнбия» таза діни кітап қана емес, түгелдей әулиелер, пайғамбарлар туралы хикая да емес.
Ерте замандардағы түркі текті халықтардың, ру-тайпалардың қисса-хикаяларының, аңыз-ертектерінің, өлең-жырларының жинағы, өңделген түрі, ескі ұрпақ мәдениетінің нұсқасыдерлік көркем шығарма», - деп баға берген еді. Ғалым өз еңбегіне «Қисас-ул әнбийаның» 1914 жылы Қазанда Каримовтар баспасынан шыққан нұсқасынан «Лұқпан Хакім», «Әбіл мен Каин», «Нұх пайғамбар», «Зұлқарнай», «Адам ата» қиссаларының тақырыбына, мазмұнына жалпы шолу жасаған. Б. Кенжебаевтың бұл еңбегі «Рабғузи қиссаларын» аудару, зерттеу жұмыстарын жүргізген кейінгі зерттеушілер үшін аса игілікті істің бастамасы болды. Рабғузи қиссаның кейбір үзінділері 1967 жылы шыққан «Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясында» жарияланды. «Рабғузи қиссаларын» әдеби мұра ретінде зерттеуде көрнекті ғалымдар Б. Кенжебаев, Х. Сүйіншәлиев, Н. Келімбетов, А. Қыраубаева және т.б. ғалымдар мол үлес қосты. Аталған ғалымдар арасында «Рабғузи қиссаларын» жан-жақты зерттеп, талдау жұмыстарын жүргізген А. Қыраубаеваның еңбегін айрықша атауға болады. Ғалым аталған жазба мұрағаттан «Жүсіп-Зылиха», «Үш түрлі топырақ», «Адам ата мен Хауа ана», «Нұх қиссасы», «Лұқпан Хакім», т.б. қиссаларды аударып, ол туындылардың маңызын анықтады. Рабғузидің қиссаларын қазіргі түркі тілдеріне аудару барысында аудармашылар халық алдындағы жауапкершілік салмағын терең түсініп, сезінген. Бір тілден екінші тілге аудару барысында аудармашылардың көркем аударма, ғылыми аударма, жолма-жол аударма, еркін аударма жасайтыны белгілі. Ал жоғарыда аталған аудармашылар мүмкіндігінше ғылыми аударма жасаған. Осы аталған мәселелерді мектепте оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет