Филология факультеті



бет42/75
Дата02.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#133991
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау, Морф. 2021 Лекция

Тақырыбы: Шылау
Қаралатын мәселелер:

  1. Шылаулардың басқа сөз таптарынан ерекшелігі

  2. Шылаулардың дәнекерлік қызметінің және атаушы сөздермен тіркесу қаблетінің олардың қалыптасқан грамматикалық мағыналарының сипаттарына қарай жалғаулықтар, спетеуліктер, демеуліктер болып бөлінетіндігі

  3. Жалғаулықтар, олардың өздеріне тән грамматикалық қызметі

  4. Септеуліктер, олардың өзі қатысты сөздің белгілі тұлғада тұруын талап ететіндігі

  5. Демеуліктер, олардың өздері тіркесетін сөздерге түрлі қосымша реңктер үстейтіндігі

Қысқаша мазмұны: Шылаулар, олардың мағынасы, тілдегі қызметі, қолданылу ерекшеліктері, жазылу емлесі, тыныс белгілері. Шылаулар, олардың мағынасы, тілдегі қызметі, қолданылуы. Септеуліктер, демеуліктер, жалғаулықтар деп бөлінуі. Жалғаулықтар, семантикалық мағыналары мен абстрактілі грамматикалық қызметтері, тілде пайда болу, даму жолдары. Салыстырғыш және сабақтастырғыш жалғаулықтар. Ыңғайластық және талғаулықты салыстырғыш жалғаулықтар. Қарсылықты, себептік, салдарлық, шарттық, айқындағыш болып сабақтастырғыш жалғаулықтардың бөлінуі. Септеуліктердің септік жалғауларын меңгеретін көмекші сөздер екендігі. Демеуліктер, олардың лексика-грамматикалық сипаты, түрлері. Сұраулық демеуліктер, күшейткіш демеуліктер, нақтылық демеуліктер, шектік демеуліктер, болжалды демеуліктер. Бұлардың қолданылу ерекшеліктері, жазылу емлесі, тыныс белгілері. Зерттелу тарихы.


Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Сыздықова Г. Қазақ тілі морфологиясы. Алматы, 2012.

  2. Момынова Б.Қ., Саткенова Б. Қазақ тілінің тарихи морфологиясы. Алматы, 2014.

  3. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002

  4. Оралбай Н., Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы, 2012

30 лекция.


Тақырыбы: Одағай
Қаралатын мәселелер:

  1. Одағай лексика-грамматикалық сипаты жағынан адамның әр түрлі көңіл-күйіне байланыты ишараттар және төрт түлік малға арнайы айтылатын, сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін, оқшау қолданылатын сөздер тобы екендігі

  2. Одағайлардың зерттелуі

  3. Одағайлардың түрлері: негізгі одағайлар, туынды одағайлар

  4. Одағайдың мағынасына қарай бөлінулері

  5. Модаль сөздер

Қысқаша мазмұны:
Одағайлар, оларға тән ерекшеліктер. Негізгі және туынды одағайлар. Одағайлардың синтаксистік қызметі, зерттелуі. Негізгі және туынды одағайлар. Одағайларды мағынасына қарай көңілкүй, ишарат, шақыру деп бөлу. Одағайлардың синтаксистік қызметі, тыныс белгілері, зерттелуі.
Модаль сөздер. Түркі тілдерінің біразында көмекші сөздердің бір тобына модаль сөздердің жатқызылатындығы. Қазақ тілшілері модаль сөздерді жеке топ ретінде бөліп алса да, оларды көмекші сөздердің қатарына қоспайтындығы. Қазақ тілінің материалының көрсетуінше, модаль сөздер семантикалық, синтаксистік қызметі жағынан жеке топ ретінде бөліп алуға болатындай ерекшелікке ие екендігі. Дәстүрлі грамматика тұрғысынан модаль сөздер іштей етістікті және есімдікті болып жіктелетіндігі модаль сөзге тән белгілер қарастырылады.
Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Сыздықова Г. Қазақ тілі морфологиясы. Алматы, 2012.

  2. Момынова Б.Қ., Саткенова Б. Қазақ тілінің тарихи морфологиясы. Алматы, 2014.

  3. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002

  4. Оралбай Н., Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы, 2012

  5. Хасанова С. Қазіргі қазақ тілі морфологиясынан пысықтау жаттығулары. Алматы, 1991





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет