Филология факультеті


Пән бойынша студенттерді лекциялық сабақтарда бағалау өлшемі



бет46/75
Дата02.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#133991
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   75
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау, Морф. 2021 Лекция

Пән бойынша студенттерді лекциялық сабақтарда бағалау өлшемі



Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Сабаққа қатысымы мен ақпаратты қабылдауы, материалды игеруі

5

Сабаққа қатысуы

1 балл

Конспект жасауы

1 балл

Сыни ойлауы

1 балл

Белсенділігі

1 балл

Диалогқа түсуі

1 балл

Барлығы

5 балл



Ескерту: Егер студенттің іс-әрекеті өлшемнің біріне сәйкес келмесе, балл қойылмайды.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ




Практикалық сабақ – оқу үдерісін ұйымдастырудың белсенді формасы, студенттің пән бойынша жүргізетін оқу жұмысының ең маңызды түрі болып саналады және кафедра пәндері бойынша сабақ жоспарында қарастырылған сағаттар шегінде орындалады.
ПС мақсаты – студенттің танымдық, өз бетінше ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамыту, студенттің бойында қосымша дағдыларды, сондай-ақ оқу пәндерін оқып үйренуге қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыру.
ПС міндеті мыналар:

        • Арнайы пәндер бойынша практикалық тапсырмларды орындау;

        • Лекциялық сабақтарда алған білімдерін бекіту, тереңдету және кеңейту, студенттерді теориялық ережелер мен оқу пәндерінің тұжырымдамасына талдау жасаудың түрлі әдістеріне, практикалық тәсілдері мен дағдыларына үйрету;

        • Студенттердің нақты практикалық тапсырмаларды шешуге қажетті жаңа және дәстүрлі материалдар мен құрал-жабдықтарды, жаңа теориялық, ғылыми-практикалық әдістерді пайдалана білуін және үйренуді қалыптастыру;

        • Пәннің оқыту бағдарламасындағы нақты тақырыптар бойынша әдеби, тарихи және этнографиялық негіздерін үйрену және талдау жасау;

        • Тілдік іс-әрекеттің барлық түрлері бойынша сөйлеу, оқу және жазудың коммуникативтік дағдыларына қойылатын талаптарын нақтылау.

ПС студенттердің білімін тексерудің төмендегі түрлері қарастырылады:



  • Ауызша сұрау – бір немесе бірнеше тақырыптарды оқып үйренгеннен соң сұрақ-жауап түрінде және мән-жайды талдау арқылы жүргізілетін бақылау түрі;

  • Жазбаша бақылау - жеке сұрақтарды болжай отырып, пәннің жекелеген тақырыптары бойынша практикалық тапсырмаларды орындау:

  • Аралас сұрақ – бір немесе бірнеше тақырып бойынша ауызша немесе жазбаша түрде студенттердің білімін бағалау формасы;

  • Үй жұмысымен таныстыру және оны қорғау - тапсырмалардың орындалу дұрыстығын жеке немесе топтастырылған үй тапсырмаларын байқау мақсатында студенттің білімін бақылауға курс тақырыбының логикалық байланысын сақтай отырып, одан қорытынды шығару және қорғау;

  • Пікірсайыс, тренингтер, дөңгелек үстел – өз бетінше шешім қабылдап, өздігінше ойлау машықтарын көрсете білуді, шешуді қажет ететін келелі мәселелерді топ болып шешу;

  • Тестер - студенттердің оқу процесіндегі жетістіктерін сапалы түрде бағалауды қамтамасыз ететін арнайы формадағы тапсымалар жиынтығы.

Практикалық сабақ тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар қазақ тілінің стилистикасы ғылымының өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық қабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімнің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, өздік жұмысты орындау, коллоквиум, кезендік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Практикалық сабақ тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу қажет. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегінде өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі практикалық сабақта алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыппен байланыстырып отырыңыз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет