Пайдаланатын әдебиеттер:
Сыздықова Г. Қазақ тілі морфологиясы. Алматы, 2012.
Момынова Б.Қ., Саткенова Б. Қазақ тілінің тарихи морфологиясы. Алматы, 2014.
Қазақ грамматикасы. Астана, 2002
Оралбай Н., Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы, 2012
Жұмағулова, Ө.А.Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік кешен - Көкшетау: Ш.Ш.Уәлиханов атындағы КМУ баспасы, 2016.- 251б.
№15 лекция.
Тақырыбы: Сан есімнің мағыналық топтары және синтаксистік қызметі
Қаралатын мәселелер:
Сан есімнің мағыналық топтары
Сан есімдердің жасалу жолдары
Сан есімдердің қолданылу ерекшеліктері
Сан есімдердің синтаксистік қызметі
Қысқаша мазмұны: Сан есімдер құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Тілімізде дара сандар көп емес, барлығы жиырма шақгы- бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жөті, сегіз, тогыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексөн, тоқсан, жүз, мың.
Күрделі сан есімдерге Ә. Хасенов «екі немесе бірнеше дара саннан құралған сан есімдер«, -деген анықгама берген. Мысалы, Қазақстан жерінде сүтқоректілердің жүз елу алты, құстардың төрт жүз жетпіс төрт, балықгыңжүз қырық түрі бар (оқулықган). Осы сөйлемдегі сан есімдер екі, үш, төрт сан атауынан құралған.
Грамматикапарда дара сан есімдер іштей негізгі және туынды болып екіге бөледі. Негізгі дара сан есімдерге морфемалық бөлшектерге бөлінбейтін сөздер жатқызылады. Мысалы, бір, екі, бес, жеті, сег/зт.б. Ал туынды сан есімдер әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жасалады. Мысалы, бірер, бірінші, үшеу, төртеу т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |