Филология факультеті



бет5/75
Дата02.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#133991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау, Морф. 2021 Лекция

Қысқаша мазмұны:
Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма, ол екеуінің жиынтығынан құралатын грамматикалық категорияның негізгі грамматикалықұғымдар қатарына жататындығы. Грамматикалық категорияның морфология-лық сипаты жағынан лексика-грамматикалық және таза грамматикалық бо-лып бөлінетіндігі жайында. Ғылымда сөз атаулының атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер деп бөлінетіндігі. Қазақ тіліндегі сөздерді грамматикалық топтарға профессор А.Ысқақов анықтаған семантикалық, морфология-лық, синтаксистік үш негізгі белгі, ұстаным негізге алынатындығы. 
Грамматикалық мағынаны білдірудің ең бірінші тәсілі – семантикалық тәсіл. Ол – сөздің лексикалық мағынасының абстракцияланып, жалпылануы арқылы іске асады. Сөйтіп, жалпы грамматикалық мағына пайда болады. Екінші – синтетикалық тәсіл. Грамматикалық мағынаның синтетикалық тәсіл арқылы берілуінің тіл білімінде бірнеше жолы бар. Олар: қосымша қосылу жолы, яғни грамматикалық тұлғалардың ( формалардың) үстелуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, префикс қосылу жолы, яғни сөзге префикс қосылу арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; ішкі флексия жолы, яғни сөздің ішкі кейбір дыбыстарының өзгеруі, алмасуы, қосылуы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; екпін арқылы, яғни екпіннің өзгеруімен грамматикалық мағынаның берілуі, супплетивті жол, яғни грамматикалық мағынаның жеке-жеке сөздер арқылы берілуі. Үшінші аналитикалық тәсіл. Аналитикалық тәсілдің бірнеше түрі , жолы бар. Олар: негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі (мысалы, алтын сағат, темір күрек, ағаш үй, шәкірт бала сияқты тіркестерде алғашқы зат атаулары алтын, темір, ағаш, шәкірт екінші зат атауын білдіретін сөздермен тіркесу арқылы заттық мағынада емес, қатыстық-сындық мәнде қолданылған) негізгі сөз бен көмекші сөздің ( көмекші етістік, шылау, т.б) тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің қосарлануы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің орын тәртібі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, дауыс ырғағы, интонация арқылы грамматикалық мағынаның берілуі. Сондай-ақ аралас тәсілдер де болуы мүмкін яғни грамматикалық мағынаның берілуінде бір емес, бірнеше тәсілдің элементі болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет