Филология факультеті


ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



бет3/75
Дата02.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#133991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау, Морф. 2021 Лекция

ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

1 лекция.


Тақырыбы: Грамматика және оның салалары
Қаралатын мәселелер:

  1. Грамматика және оның салалары жайлы түсінік.

  2. Морфологияның зерттеу нысаны, оның синтаксиспен байланысы.

  3. Синтаксистің зерттеу нысаны

  4. Грамматиканың зерттелу тарихы.



Қысқаша мазмұны: Грамматика - грек тілінің gramm ( жазу, жазу өнері) деген сөзі. Қазір грамматика - лингвистиканың негізгі терминінің бірі, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейтін дербес саласы. Бір тілдегі грамматика-лық мағына мен сол мағынаның берілу амал-тәсілдері - сол тілдің грамма-тикалық құрылысы деп те аталады. Ал ондай амал-тәсілдер тілдегі жеке-жеке сөздердің басын қосып біріктіріп, бір-бірімен байланыстырады. Соның нәтижесінде айтылмақшы ой-пікір мағыналы сипатқа ие болады. Екінші сөзбен айтсақ, тіл атаулының негізгі коммуникативтік функциясы, яғни тілдің қарым-қатынас, пікір алысу, адамдардың бір-бірімен өзара түсінісу құралы болу қызметі, сол тілдің грамматикалық құрылысы арқылы атқары-лады. Бұдан шығатын қорытынды: грамматика - тілдің негізгі функциясын, қарым-қатынас құралы болу функциясын, жүзеге асыру жолдары мен амал-тәсілдері туралы ілім. Грамматиканың негізгі объектісі - тілдің сөзжасамдық, морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамма- тикалық формалардың көріну амалдары менсол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысу, тіркесу жолдары мен типтері. Осыған орай грамматика үлкен-үлкен 3 салаға бөлінеді: сөзжасам, морфология, синтаксис. Сөзжасам- тілдегі сөздердің жасалу процесін зерттейтін грамматиканың бір саласы.
Морфология- гректің morphe (форма) деген сөзінен алынған термин. Морфология- тілдің морфологиялық категориялары жөнінде ілім. Дәлірек айтсақ, морфология-белгілі бір тілге тән сөздердің грамматикалық категориялары мен сөз формалары , грамматикалық категориялардың жиынтығы мен жүйесі.
Синтаксис –гректің syntaxis ( құрастыру, түзу) деген сөзінен алынған термин. Синтаксис тілдегі сөздерді байланыстырып сөйлеу құрылысын зерттейді. Синтаксис- сөйлеудегі негізгі единицаларды, яғни сөз тіркестері мен сөйлемді зерттейтін ілім. Өзінің объектілеріне орай синтаксис бірнеше салаға бөлінеді: сөз және оның формалары синтаксисі, сөз тіркесі синтаксисі, сөйлем синтаксисі, мәтін синтаксисі. Синтаксистің негізгі нысаны-синтаксистік құрылымдар. Синтаксистік құрылым дегеніміз - бір бірімен грамматика ережелері бойынша байланысқа түскен сөздер тобы мен сөз тіркестері немесе сөйлемдер тұтастығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет