Философтардың философия туралы түсініктері Дүниетаным дүние және ондағы
адам орны туралы тұтас көзқарас.
Мифология- (гректің аңыз сөзінен) шыққан.
Алғашқы қауым адамының өзін қоршаған ортаға дүниеге қатынасы
Дін ( латынның «религия»құдайшылық сөзінен) сенімге, негізделген, адам өмірі мен қоршаған дүниені басқаратын, жарататын құдіретті күштердің барын мойындайтын дүниетаным түрі.
Философия — рационалдықпен,жүйелікпен, және қисындылықпен ерекшеленетін дүниетанымның жоғарғы түрі.
Философияның дүниетаным мен мифологиядан айырмашылығы -нақты ұғымдар мен категориялардан құралады. -қиялға,сенімге емес, білімге сүйенеді.
Мифтің белгілері және сипаты1) табиғатты жанды тіршілік ретінде қабылдау; 2)фантастикалық құдайларға, олардың өзара қатынасына, байланыстарына сену; 3)абстрактылы ойлаудың болмауы; 4)мифтің нақты өмірлік еңбектері(шаруашылық, стихиядан қорғану т.б.) шешуге бағытталған практикалық сипаты; 5)мифологиялық сюжеттердің біркелкілігі мен тереңге бойламайтын үстірт, жеңіл мағыналылығы;
Діннің мақсаты мен мағынасы-қоғам мен жалпы адамзаттың назарын Құдайға бағыттау арқылы бір бағытқа жұмылдыру, орталықтандыру, сол арқылы адамды және осы дүниелік болмысты мәртебелендіру. Діннің ерекшеліктері -Жаратылыстан тыс о дүниенің бар болуы -Ритуалдық ырымдар әрекеттердің көмегімен жаратылыстан тыс күштермен байланыс жасау
Кең тараған ұлттық діндер:1)синтоизм; 2)индуизм; 3)иудаизм; Негізгі әлемдік діндер үшеу: 1)буддизм; 2)христиандық; 3) ислам.
Космоцентризм -әлем, табиғат құбылыстары. Сыртқы күштердің Космостың күшімен, әсерімен, шексізділігімен, түсіндірілетін тіршіліктің Космостық циклдарға тәуелділігін тұжырымдайтын философиялық дүниетаным Теоцентризм -бүкіл болмыс, тіршілік тек қана құдіреттің, Құдайдың үстемділігімен түсіндірілетін пікірге сүйенетін философиялық дүниетанымның түрі. Антропоцентризм — орталығында адам мәселесі тұрған философиялық дүниетаным түрі.