11.Ойын мектепке дейінгі білім беруде оқыту әдісі ретінде.
Ойын – күрделі әлеуметтік мәдени феномен, туғаннан бастап өмірінің соңына дейін бірге жүретін адамның бөлінбес өмірі, - деп көрсетеді адам туралы әртүрлі ғылым саласындағы көптеген зерттеушілер (Н.П. Аникеева, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин және т.б.).
Ойын дегеніміз не? «Ойын», «ойын әрекеті» ұғымдарының мазмұнына анықтама өте көп.
Орыс тілі сөздігінде «ойын» сөзі «белгілі бір ережелер, тәсілдер жиынымен және бос уақытты өткізу, көңіл сергіту үшін жүргізілетін іс-әрекет» деп анықталған.
Психологиялық-педагогикалық тұрғыда «ойын» дегеніміз не? Педагогикалық энциклопедияда «Ойын – үлкендердің істерін, олардың арасындағы қарым-қатынастарын қайталайтын балардың іс-әрекетінің бір түрі… дене, ақыл-ой және адамгершілік тәрбие құралдарының бірі» деп анықтама берілген.
Ойын өзін-өзі басқаруда қоғамдық тәжірибені меңгеру ситуациялары жағдайындағы іс-әрекет түрі ретінде қарастырылады. Ойынның өзара қарым-қатынас ережелерін, социумда тәртіп нормаларын меңгеруде маңызы зор. Ол балалардың қоғамдық тәртібі, өмірге және бір-біріне қарым-қатынасы неғұрлым жақсы қалыптасатын іс-әрекет түрі. Бірге ойынды ұйымдастыру арқылы балалар ұжымына, ал ұжым арқылы – әрбір балаға әсер етеді. Ойында бала белгіленген тәртіпке бағына отырып, өз ойын, істерін басқалармен келісу қажеттілігіне тап болады. Бала тек қана ойын тәжірибесін ғана алып қоймайды, өзін-өзі көрсету, өз аяғына тұру және коммуникативтік тәжірибесін алады.
Ойындарда шығармашылдық қабілет дамиды. Ол ой құрауда, рөлдер ойнағанда, қолдан қажетті ойыншықтарды, костюм элементтерін жасағанда көрініс табады. Ойын кезінде баланың сөзі, қол қимылы, бет әлпет қимылы күнделікті өмірдегіге қарағанда айқынырақ болады.
Ойын мектеп жасына дейінгі мекемеде балаларды тәрбиелеу мен дамытудың басты құралы. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ісәрекеті ретінде жетекші болады, онда мектепке дейінгі балалық шақтың барлық жаңа түрлері қалыптасады. Бала ойынының мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дейінгі мекемеде және одан тыс іс-әрекет түрлерін бір-бірінен айыратын өзіндік ерекшеліктері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |