Философия негізіндегі тәрбие



бет7/20
Дата13.01.2022
өлшемі83,71 Kb.
#111650
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
2 аралық бақылау

Дөңгелек үстел.

Балабақша мен ата – аналар арасындағы адамгершілікті рухани қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.

Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.

Балабақшада білім жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше .



Даму барысы.

1. Зердесін дамыту

2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту

3. Қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту жоғары болу, өзі жасай алу сияқты қарапайым қажеттіліктер пайда болады.

Баланың шығармашылық қабілеті тәжірибелілігіне байланысты дамиды. Мектеп жасына дейінгі кезең – қиялдың тез дамитын уақыты. Сондықтан қиялдың дамуын төрт ерекше кезеңдерге бөлуге болады. (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралықта)

1. Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (Бір заттан басқа бір затты көре бастауы)

2. Екінші кезең – қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің байқалуы.

3. Үшінші кезең –ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі.

4. Төртінші кезең – бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың басталуы (Бейнелерді қайта құруы,жасауы)

Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтер баланың жеке басының дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркем әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмысына жағдай жасау, яғни еркіндік беру керектігін айтады. Сонымен қатар қиялдың дамуы төмендегідей үш компоненттен тұрады:

1. Бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік береді.

2. Екінші дәрежеде баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сонда да заттық байланыстың рөлі бар.

3. Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының жоғарғы формасы – ой-пікірден оның іске асуына байланысты.

Бала сурет салғанда, ертегілер мен тақпақтарды ойлап шығарғанда қиял неғұрлым айқын байқалады. Сондай-ақ мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында ұқсастар бар. Егер сәбилік шақтың өзінде қабылдау мен ойлау анықтауға болатын бағдарлау іс – әрекеттерінің ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі кезеңде мұндай іс – әрекеттер үздіксіз күрделене және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды. Бала бірдеңеге назар аударарлықтай,көргенімен мен естігенін жадында сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс – әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс – әрекеттер тек мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды.

Біздің мақсатымыз – заман талабына сай шыншыл, жаңашыл, шығармашыл, адамгершілік рухы жоғары, мәдениетті, жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу. Баяндамамды мынадай қанатты, әрбір адам ойланып жүретін сөздермен аяқтағым келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет