7. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың мектепке психологиялық-педагогикалық мәселе ретінде дайындығы.
Мектепке бару бала өміріндегі үлкен жаңалық, шешуші кезең, өмір мен іс- әрекеттің жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орыңға көшу және өсіп- жетілуіне бір сатысы. Мектепеке барғанан бастап баланың қоғамдағы орны өзгереді, бұл кезеңде бала мектеп өмірімен танысады, мектепке дейінгі ойын баласы жаңа өмірге қадам басады. Мектеп табалдырығын аттау баланың өміріндегі заңды құбылыстардың бірі. Әрбір бала жасы жеткенде мектепке барады. Мектепке алғаш бару бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға бейімделуі мен өсіп жетілуінің бір бастамасы болады.
Мектепке дайындықты балабақша мен мектептегі әдіс – тәсілдерді ұштастыру арқылы жүзеге асыруға болады, бірақ оларға қойылатын міндеттілік, реттілік, ойын әдістерін пайдалану, өз кезегімен бірдей болуға тиісті. Баланы қандай бағдарлама бойынша оқытқан жөн. Демек, «Баланы мектепке даярлау қалай болуы керек?» деген сұрақтың ата – ана үшін маңызы артып, тиісті жауап іздейді. Бұл сұраққа көптеген ата – аналарда екі пікір қалыптасқан: бір ата – аналар алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап данышпан етуді мақсат тұтса, кейбіреулері, керсінше, бала білмей барса, барлығын мектепте үйренуі тиіс деген пікірде. Осы пікірлердің алтын ортасын қалай таңдаймыз? Баланы мектепке физикалық жағынан да, психологиялық жағынан да қалай дайындаймыз? Бірінші сыныпқа баратын бала жазу – сызуды біліп баруы міндетті емес, оған барлығын мектепте үйретуге міндетті. Алайда, қазіргі заман оқу бағдарламасының тапсырмаларын ауыртпалықсыз орындау үшін, іс жүзінде мектеп табалдырығын аттамас бұрын жазу мен оқуды біліп барғаны дұрыс. Балаңыз мектепке бармас бұрын оқу жазуды білсе жақсы. Балаға жазу сызу барысында қарандашты немесе қаламсапты дұрыс ұстап үйретуді ұмытпаңыз. Баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы шарт, сөйлеген сөзінің мағанасы өзіне түсінікті болу керек, өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Жазып санауымен ғана шектеліп қана қоймай, салыстыра білуді және талдауды, ойлай білуді меңгере алу тиіс. Сонымен қатар, өздігінен қорытынды жасай білсе, көп нәрсені жақсы түсінеді. Көрнекі әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде, заттардың кейпімен мөлшерін ұйқастырғанда қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін ұйымдастырып шығарады. Кез келген ата-ана баланың өсіп жетілуіне, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, оның рухани және ақыл ойы мен дене құрылысы жағынан жан – жақты дамуына баулуы керек. Баланың мектепке дайын болу жағдайы бірнеше түрге бөлінеді:
1. Дене бітімінің дайындығы – баланың салмағы мен бойының өз жасына сай болуымен қатар он екі мүшесі сау болуы керек;
2. Зейінінің дайындығы – баланың ой – өрісінің, есте сақтау қібілетінің, тілінің, зейінінің, өз еркімен тапсырма орындай алуының, мақсат қоя білуінің, қателігін түсіне білу қабілеттілігінің өз жасына сай болуы;
3. Әлеуметтік – психологиялық дайындық баланың жаңа ортаға деген көз қарасының, оқушы жауапкершілігінің, өзін өзі ұстай білуінің, үлкен кіші адамдармен қарым қатынасының өз жасына, мектептердің талабына сай болуы;
4. Ерік аясының дайындығы баланың өз іс әрекетін мақсатты түрде қалыптастырып, өз кемшіліктері мен жетістіктерін дұрыс қабылдап, әрекет ете білуі;
Әлеуметтік – психологиялық дайындық баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата – аналар әріптерді танумен, сандарды санаумен ғана шектеліп жатады. Одан басқа, баланың мектепке қажетті құрал саймандар мен киім кешектеріне баса назар аударады. Әрине, бұл дайындықтарсыз баланың мектепке дайын болуы екіталай. Бірақ баланың оқуға дайындығын ақыл ойының даярлығымен, материялдық дайындығымен шектеліп қоймай оны оқуға психологиялық жағынан даярлауды қалыптастыру қажет. Баланың психикалық үрдістерінің дамуы оқуда және басқа адамдармен қарым – қатынас орнатуда қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Әлеуметтік құзырлы бала адамдармен қарым – қатынас орната алуға, олармен дау дамайсыз келісе білуге, ешкімді жәбірлемей өз көзқарасын дәлелдей алуға, белгілі бір сұрақ маңайында серігінің пікірімен келісе білуге қабілетті. Эмоционалды жетілген бала жиі ренжімейді, басқа адамдардың сезімдерін түсінеді және оның себептерін түсіне, сипаттай біледі (мысалы, «Мен мұңайып тұрмын, өйткені бәрі кетіп қалды, ал мен жалғыз болғанды ұнатпаймын»). Мұндай бала мерекеде ұмытылып жалауша берілмей қалса, еңіреп жыламай, жай ғана тәрбиешіге келіп, сұрап алады. Мектепке түскенде өз эмоцияларын басқара алмайтын балалар қиын жағдайда болады. Кез келген реніш оларды күйзелтеді. Бір істеріндегі сәтсіздік көпке дейін оларда өзіни кемсіту, ал қанағаттану үлкен қуаныш сезіміне әкеледі. Бұл жағдайда айналаны (оның ішінде оқу материалын) қабылдау күт төмендейді. Өз уайымдарынан шыға алмаған балалар айналадағы оқиғаларды бағдарлай алуға мүмкіндігі жоқ, олардың зейіні төмендейді, ой қорытуға, логикалық ойлауға қабілеті жойылады. Кейде балалар қабілетсіз болып көрінуі мүмкін, әсіресе стресс жағдайында; мектепке қабылдау әңгімелесуінде, тестілеуде, одан кейін тақта алдында жауап беруде. Сондықтан 5-6 жасқа қарай балаға өз сезімін және уайымын бақылауды үйрету, оны «өзін-өзі жұбату» тәсілдерімен таныстыру қажет (мысалы, «өзін өзі көндіру, иландыру»; «Бәрі де жақсы болады, бәрі өтеді, мен сабырлымын, мен істей аламын»…») Бұл жерде болымсыз етістіктің бұйрық райын қолданбауға тырысу қажет; «Жылама», «қорықпа», т.с.с. Балаға қарапайым дем алу жаттығуларын (10 терең дем алу дем шығару), «шеттеу» техникасын үйрету қажет. Жалпы алғанда, баланың ақыл – ой, дене және эмоционалдық дамуының деңгейіне қарамай, үнемі олардың өзіне сенімділігін қолдап, эмоционалды жайлылығын қамтамасыз ету қажет. Бірақ, кейде бала оқуға барғысы келмейді, дегенімен оның себебі әр түрлі болады: бір балалар мектепте көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен баруы мүмкін. Алайда, мұндай ықыласпен келген балалар біраз уақыттан кейін мектептің олар үшін қатал тәртібіне және күнделікті оқу үрдісіне қызығуы қажет. Сонда ғана баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік туады. Сонымен бірге баланың мұғалімдерімен, мұғалімнің балалармен қарым қатынас жасауы аса маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым – қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек. Баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі ерік жігерінің даярлығы болып саналады. Баланың әрекеттерді жоспарлап, олардың орындалуын жүзеге асыруда күш пен бойындағы қабілеттерін жұмсай білуі, қиындықтарды жеңе білуі балалардың психикалық үрдістерінің қалыптасуына ықпалын тигізеді. Егер балалардың оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, бала оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады. Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс – әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінен өзінде жағымсыз эмоциялық сезіну пайда болып, қорқыныш пайда болады. Сондықтан балалардың көңіл күйі болмай, себепсізден жиі ауыруы «мектеп неврозы» сипатында көрінеді. Яғни, мектепті еске алса болғаны, жылап, уайымдайды.Сөйтіп, мектеп бала үшін стресс тудыратын факторға (стрессогендік фактор) айналып, денсаулығының нашарлауына әкеп соғады. Осы кезде әрбір ата – ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағлұмыттар айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы баланы жолдастарымен қарым – қатынас жасай алуға, басқа балалардың ойымен санасуға үйрету. Балаларды мектепке психикалық даярлау бағыттарын тәжірибеде жүзеге асыратындар мұғалімдер, балабақша педагогтары мен психологтары. Психологтың міндеті: психодиогностиканың әдістемелерін қолдану арқылы және зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, алты жастағы баланың оқуға дайындығын анықтау. Арнаулы дайындық мектепке баратын балалар санауды, сөздерді буынға бөліп қана қоймай, қоршаған орта туралы да толық түсініктері болу керек. Сонымен бірге таным үрдістерін (ес, зейін, ой – қиял, қабылдау) де дамытып отыру қажет. Мектепке бару үшін баланың даму деңгейі қандай болу қажет дегенде мына төмендегі шарттарды айтуға болады:
Үлкендермен қарым қатынасы.
Құрдастарымен қарым қатынасы.
Өзін өзі бағалай білуі.
Үлкендермен қарым – қатынасында балалар олардың берген білімдерін бар зейінімен қабылдайды. Балада еріктің дамуы төмен болса, берген тапсырманы түсінбей, өз еркімен жасай алмайды. Сондықтан мектепке баратын балалардың үлкендермен, құрдастарымен жақсы қарым – қатынаста болуының зор маңызы бар. Құрдастарымен қарым – қатынасы. Егер бала жанындағыларымен тіл табыса алса, мектепте оқуға дайын деп есептеуге болады. Мұндай дағды баланың бойында кездеспесе, онда оған мектепте өте қиын болады. Мысалы: бірге оқып жүрген құрдастарының жауабын тыңдап, әңгімені толық аяқтай алмайды, бала өз көңіл күйін білдіре алмайды (қуану, ренжу). Бұны тестер арқылы да байқауға болады. Өзін – өзі бағалауы. Бұл кезеңдегі балалар жас ерекшелігіне байланысты өзін және істеген істерін жоғары бағалайды. Бұл қасиет баланың өркөкректігіне жатпайтындықтан 7 жастан кейін өзінен өзі жойылады. Бірақ кейбір балаларда үлкендердің балаға деген көзқарастары, сүйіспеншілігі, аяулы жетіспеушілігінен өзін өзі бағалауы төмен болады. Осындай жағдаймен (жасық) мектепке келген бала қорқақ келеді, берген сұрақтарға өзінен өзі қысылып жауап бере алмайды, бақылау жұмысын жазуға батылы жетпейді. Ақыл – ой дамуы. Бұған психикалық процестердің, тілдің, есеп сабақтары арқылы логикалық ойлау қабілетінің дамуы жатқызылады.
Мектепке баратын балалардың дайындығын анықтау мақсатында зерттеу жұмыстары, яғни тесттер жүргізіледі. Тесттердің мазмұны: а) Қабылдау. Мектепке барар алдында бала қоршаған ортаны жақсы қабылдауға тиіс (түсін, көлемін, артықшылығын айырады). ә) Ете сатау. 5-6 жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру мен есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады. Ес процесін жеке тексеру қажет емес. б) Ойлау. Осы жастағы балалардың жылдың соңына дейін абстрактылы логикалық ойлауы жақсы дами береді. Бірақ тәжірибе түрінде, бала затты көрмей тұрса, берген сұраққа толық жауап бере алмайды. Бала ойлаудың барлық операцияларын жақсы қабылдауға тиісті. 1.Анализ – синтез 2.Салыстыру (құстар мен жәндіктердің айырмашылығы, үй жануарлары, жабайы аңдар). 3. Жалпылау операциясы (заттардың түрін тану немесе 4- ші артық затты тауып бер). 4.Дәлелдеу операциясы (неге адам спортпен шұғылданады, адамның жұмыс істегені немесе адамның жұмыс істемеуі). а) Қиял, ә) сөздік, б) шығармашылық Тіл дамыту
1. Сөздік қорын анықтау. 2. Байланыстарып сөйлеуін анықтау. 3. Зат есімді жекеше, көпше түрде айта білуін. Есеп дағдысына үйретуде тура және кері санау, аралас сандарды тану, «көп», «аз» ұғымдарына есеп шығару дағдысына үйретіледі. Қорытынды: егер баланың есі жақсы дамыған болса, ол тез қабылдап есінде сақтайды. Бала еске сақтау үрдісінен басқа жақсы салыстырып, жалпылай талдау жасауы қажет. Содан ғана істеген іске толық қортынды бара алады. Осы жастағы балалардың көрген нәрселерін мағналы түрде қабылдай білуге құмарлығы артады. Балалардың мектепке дайындығы тәрізді отбасы мен балабақша екі инстиуттың тәрбиесінен тұрады. Демек, баланы мектепке дайындау ісінде тек қана бірігіп жұмыс жүргізгенде ғана көздеген нәтижеге жетуге болады.
8. Педагогикалық диагностика мектепке дейінгі жастағы баланың жетістіктерін бағалау құралы ретінде.
МДБ бірнеше психологиялық және әрекеттік ерекшеліктерге ие болады. Оларды білу психодиагностикалық зерттеу процесінде шын нәтижелерді алу үшін керек. Бұл ерекшеліктерге сананың төмен деңгейі қатысты.
Психодиагностика контекстінде сана туралы айтқан кезде, біз ішкі бақылау туралы, баланың негізгі тану процестерінің сөйлеу реттігін, оның қабылдау, зейін, жады, ойлау туралы айтамыз. Бұл процестер өте төмен даму деңгейде болады, өйткені бұл кезде когнитивтік даму әлі аяқталмаған. Баладағы тану процесінің еркіндігі 3-4 жастан басталып жасөспірім кезінің аяғына дейін барады. Сол үшін тест тапсырмалары баладан тану процестері жоғары дамыған және оны меңгеруді талап етеді. Бала жеткен даму деңгейі туралы дұрыс ой болу үшін тест тапсырмалары когнитивтік сфераның еркін және еріксіз деңгейге лайықты болу керек. Бұл нәрсе, бір жағынан, тану процестерінің еркіндік дәрежесін адекваттық бағалайды, екінші жағынан – егер олар әлі еркін болмаса, онда оларды реалдық деңгейін бағалайды.
3-6 жасар балалар туралы айтатын болсақ, онда оларда барлық тану процестерін меңгеруде еркіндік элементтері бар. Сонымен қатар, ондай балалардың үлкен бөлігінде еркінсіз тану процестері басым болады. Айналадағы нәрсені тану үшін, бала осы аталған процестерге сүйенеді. Осы жастағы балалардың психодиагностикасы екі жақты бағыттайды: табиғи(еркінсіз) тану процестерінің дамуының детальдық зерттеуіне және еркіндік когнитивті әрекеттер мен реакциялардың нақты сипаттауына және уақтылы оларды табуына.
МДБ-дың сана-сезімнің төмен деңгейі туралы айтқан кезде бізМДБ-дың , әсіресе 4 жасқа дейінгілер, өзінің тұлғалық қасиеттерін аз сезінеді және өздерінің тәртіптеріне дұрыс баға бере алмайды. Өздерінің жақсы жақтары мен кемшіліктері туралы ешнәрсе анық білмейді және өзін-өзі бағалау мен талап деңгейі әлі қалыптаспаған.
4 пен 6-ға дейінгілердің ондай мүмкіншіліктері бар, олар өздерін тұлға ретінде бағалайды, бірақ, көбінесе үлкен адамдар көңіл бөлген қасиеттерді.
Төрт жасқа дейінгі балалардың тұлғалық және әрекеттік психодиагностика әдістері баланың сана-сезіміне бағытталған тапсырмалар мен сұрақтардан тұрады. Бұл ережені бұзу баланың қойылған сұрақтарға жауап бермеуге немесе сұрақтардың мағынасын түсінбей, жауап беруді көздейді.
Төрт-алты жасар балаларға адекваттық өзін-өзі бағалауға сүйенетін тұлғалық және әрекеттік сұраулықтарды ұсынуға болады. Бірақ юұл жастағы балалардың өзін-өзі бағалау мүмкіншіліктері шектеулі екенін есте сақтау керек.
МДБ-дың тұлғалық және әрекеттік психодиагностикасын өткізген кезде алынған баланы жақсы танитын, кәсіби дайындықтан өткен ересек адамдарды тәуелсіз эксперттер ретінде алып , сыртқы эксперттік бағалау әдісін қолдану керек. Мектепке дейінгі үлкен жастағыларға эксперттік бағаларға баланың өзі-өзіне беретін бағасын қ осуға болады, бірақ ол туралы үлкендердің тұжырымдамаларға көп көңіл бөлу керек.
Бұл жаста психодиагностика әдістемелерді қолдануға белгілі бір қиындықтар мен шектеулер бар. Бұлар үшін тұлғаулық сұраулықтар (тіке және жанама сұрақтары бар) жарамайды. Егер оларды қолдануға мәжбүр болсаңыз, онда әр сұрақты өте жақсы, қарапайым түрде балаға түсіндіру керек.
Тағы бір ерекшелік туралы айтайық. МДБ-лар тек егер психодиагностиканы өткізу уақыты бойы әдістемелер мен психодиагностикалық тапсырмалар оларды қызықтырса, сол кезде ғана олар өзінің қабілеттіліктерді, яғни психологиялық дамуының деңгейін дұрыс көрсететін нәтижелерді көрсетеді. Қалай қызығушылық өтеді, солай бала өзінің қабілеттерін көрсетпей қалады.
Балалардың психогендық факторларды еске алу керек. Ол үшін тест тапсырмаларды өте ұзақ етіп құруға болмайды. Оптималдық уақыт1 ден 5 минутқа дейін, баланың жасы не ғұрлым кіші болса, соғұрлым уақыт кем болу керек.
Жасына қарай МДБ-дың психодиагностикасының ерекшеліктерін айтып өтейік :
1 .1 ден 3-ке дейін.
2. 3 тен 5-ке дейін.
3. 5 тен 6-ға дейін.
Ерте жастағы (1-3 жас) балалардың психодиагностикасы тек обьективті болу керек, яғни өзін-өзі бағалауға және анализге. Баланың сырттан бақылайтын әрекеттер мен реакциялардың эксперттік бағалаумен байланысты психодиагностикалық материал өте құнды болады. Балалар туралы мәлімет жинау құралы бақылау болады, ал негізгі психодиагностикалық әдіс – табиғи эксперимент болады. Бұл кезде балаға жақсы таныс өмірлік ситуация пайда бола бастайды. Психодиагностиканың ең, жақсы нәтижесін бір затпен ойнау барысын бақылығанда алуға болады.
3 тен 5-ке дейінгі жастағы балаларға психодиагностика өткізген кезде ойының түрін, әлеуметтік белсенділіктің жаңа түрінің пайда болуын ескеру керек.
Бұл жастағы балалар бірінші рет өзінің құрдастарына тұлға ретінде қарап, олармен бірге ойнай бастайды. Сол үшін психодиагностика әдістемелерді балаларды жеке ойын әрекетте және ұжымдық ойында бақылауға мүмкіншілік беретіндей құрастыру керек.
Бұл ойынға үлкендерге қатысуы мүмкін. Психологтың өзі де осы ойынды ұйымдастыра алады.
Бұл жаста балалардың санасезімнің мәліметтеріне және басқа балаларға , үлкендерге (ересектерге) беретін бағаларға негізделуге мүмкіншілік бар. Бұл әсіресе айналадағылармен қарым-қатынас жасауда әртүрлі жеке қасиеттерді көрсетуге қатысты.
5-7 жаста аталған әрекеттер түрлеріне ережелері бар ойындар қосылады, қарапайым рефлексивтік қабілеттер пайда болады. Бұл жастағы балалар білім алу немесе ойынмен қатар, өзінің іс-әрекетін анализ жасап, өзіне және айналадағыларға баға береді. Бұл нәрсе оқушылар мен ересектердің психологиясын зерттеуге қолданылатын психодиагностикалық әдістемелерін қолдануға мүмкіншілік береді. Ең бірінші бұл тану процестерін зерттеу әдістеріне қатысты.
Барлық ескертулер мен шектеулерді психодиагностикалық әдістемелердің стандарттық кешенінде көрсетілген.
МДБ-дың тану процестерінің диагностика әдістері. Стандарттық кешен деп әдістемелердің жиынтығын айтамыз. Бұл кешен белгілі бір жастағы балалардың психологиясын барлық қасиеттер бойынша жан-жақты бағалайды «Стандарттық» дегеніміз барлық әдістемелерге бір бағалау шкаласын қолдануды айтамыз.
Бұл бөлімде сипатталатын әдістемелердің көбісі психологиялық дамудың стандарттық , 10 ұпайлық шкалада көрсетілген көрсеткіштерді алуға көмектеседі.
8 ден 10 ға дейінгі көрсеткіштер баланың қабілеттерінің жақсы дамуын көрсетеді.
0 ден 3 ұпайға дейін – баланың психологиялық дамуында оқаулықтар барын көрсетеді.
Егер 4-7 ұпай болса, онда баланың психологиялық дамуы басқа балалардікіне сәйкес болғаны. Әр ұсынылған әдістемелер кешенінде, оның сипаттамасынан кейін, алынған нәтижелерді бағалау әдісі, алынған мәліметтер негізіндегі бала дамуының деңгейі туралы қорытындылар шарттары мен процедурасы беріледі. Ең соңында баланың психологиялық дамуының жеке картасы беріледі. Онда баланы кешенді зерттеудің жеке психодиагностикалық әдістемелер бойынша алынған көрсеткіштер болады. Бұл картаға қайта өткізілген психодиагностикалық зерттеулерге қатысты әр жылғы мәліметтерді кіргізуге болады. Көрсеткіштер – 5-6 жасар балаға қатысты, олардың жеткен даму деңгейін кескіндейтін , сипатталған әдістемелерде қолданған ұпайлар мен мінездемелер. Егер бала 5-6 жаста болса онда алынған көрсеткіштер бойынша оның психологиялық дамуының деңгейі туралы қорытынды жасауға болады. Бұл көрсеткіштер одан да жас балаларға қатысты болады, бірақ бұл жерде олар 5-6 жастағылардың даму деңгейімен салыстырмалы түрде қарастырылады.
Мысалы. 5-6 жастағы бала «Суреттерге не жетпейді?» деген әдістеменің психодиагностикасы бойынша нәтижесінде 10 ұпай алды. Осыған сәйкес оның психологиялық дамуының деңгейі өте жоғары деп бағалануы керек.
Егер 2-3 ұпай алған болса – төмен деп бағаланады. Бірақ осы методика бойынша 3-4 жасар 2-3 ұпай алған болса – төмен деп бағаланады.
Бірақ осы методика бойынша 3-4 жасар 2-3 ұпай алған болса, оның деңгейін төмен деп айтуға болмайды. Олай деп 5-6 жастағы бала туралы айтуға болады. Ол өзінің құрдастарымен салыстырғанда- орта болады. Сол үшін қорытындыда міндетті түрде «5-6 жасар балалармен салыстырғанда» деп жазу керек.
Ұсынылатын психодиагностикалық әдістемелердің кешенінде әртүрлі психологиялық қасиеттер үшін бір емес бірнеше әдістемелер бар (қасиеттерді жан-жақтан бағалайтын).
Достарыңызбен бөлісу: |