Фирма баға саясатын жүргізуде әртүрлі баға белгілеу тәсілдерін қолданады



бет6/8
Дата29.04.2022
өлшемі23,86 Kb.
#141438
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мар2
1 курс сонгы, 21 ғасыр, 10 сынып ТЖБ 4 тоқсан ЖМБ, 7 Course plan English Grade 9 , Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс, Жоспар Кіріспе, срс 5
Бөлшек сауда
Бөлшек сауда дегеніміз - тауар сату жөніндегі кез-келген қызмет түрі немесе түпкі тұтынушыларға тікелей қызмет көрсету. Бөлшек сауданың түрлері көп: өзін-өзі қызмет көрсетуге болатын кәсіпорны (дүкен), тауарды еркін таңдап алатын кәсіпорын (дүкен), шектеулі қызмет көрсету кәсіпорны, толық қызмет көрсететін (универмаг) және мамандандырылған дүкендер.
Тұтыну тауарларын өндіретін фирма тек тауар жылжыту каналдарын таңдап қана қоймай сонымен қатар ол каналды пайдаланудың интенсивтілігін анықтауға тиіс. Мұның үш түрлі жолы бар: эксклюзивтік, іріктеп тарату және интенсивті өткізу жолы.
1.Фирма өнімді өткізу және оны таратудың эксклюзивтік жолында географиялық аймақтардан көтерме және бөлшек сауданың саудагерлерінің санына шек қояды. Әр адамға 1-2 бөлшек сауда дүкенін бөлуі мүмкін. Мұндағы мақсат- өткізу каналын бақылауға алып, өз өнімін өткізіп одан көп пайда алу.
2. Фирма өнімді өткізу және тарату жолын іріктеп алады. Мұнда фирма көтерме және бөлшек сауда дүкендерінің орташа санын пайдаланады.
3.Фирма өнім өткізудің интенсивті жолына түскенде көтерме және бөлшек сауданың санын барынша көбейтеді. Мұндағы мақсат өткізу нарығын кеңейту, тауарды көбірек сатып, одан көп пайда алу. Фирма көп жағдайда екі жолды қатар пайдалануы мүмкін. Міне көтерме және бөлшек сауда жолдарын барынша жақсарта отырып, тауар жылжытуды тездету, оны тұтынушыларға уақы-тында жеткізу тек пайда мөлшерін ғана көбейтіп қоймай, түпкі тұтынушылардың талап-тілегін толық қанағаттандыруға бағытталады.

5
Қорытынды


1) Тауарды көп партиясымен көтеріп алатын саудагерлер сауда процесінің тиімділігін қамтамасыз етеді;
2) Көтерме сауда қызметкерлерінің тиімділігі жоғары, өйткені оларда маман тәжірибесі мен білімі осы саладан жинақталған
3) Бөлшек сауда қызметкерлері тауардың алуан ас-сортиментін тек бір адамнан көтеріп алуды қалайды, әр адамнан көтеріп алу тиімсіз. Сондықтан да өндірушілер және бөлшек сауда қызметкерлері көтерме сауданы пайдаланады. Көтерме сауданы пайдаланғанда олардың көмегімен бір немесе бірнеше функцияны бірден тиімді пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет