Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсеков Ж, Касымбекова Н. Ж



бет62/83
Дата26.04.2023
өлшемі0,79 Mb.
#175493
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   83
Байланысты:
Физика-математика ба ытында ы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсе

A) 32; B) 23; C) 43; D) 34; E) 54.
11. Берілген екі таңбалы екі санның екіншісі бірінші сан жазылған цифрлармен, бірақ кері тәртіпте жазылған. Бірінші санды екіншіге бөлгендегі бөлінді 1,75-ке тең. Бірінші санды оның ондықтар цифрына көбейткенде екінші саннан 3,5 есе артық сан шыққан. Осы сандарды табыңыз.
A) 23 және 32; B) 21 және 12; C) 31 және 13; D) 42 және 24; E) 63 және 36.
12. Екі таңбалы санның цифрларының көбейтіндісі санның өзінен үш есе кем. Егер ізделінді санға 18-ді қосса, онда шығатын сан сол цифрлармен, бірақ кері тәртіпте жазылған сан шығады. Сол санды табыңыз.
A) 21; B) 23; C) 24; D) 25; E) 27.
13. Екі таңбалы белгісіз санды оның цифрларының көбейтіндісіне бөлгенде шыққан бөлінді -ке, ал ізделінді сан мен, сол цифрлармен, бірақ кері тәртіпте жазылған санның айырмасы 18-ге тең. Осы екі таңбалы санды табыңыз.
A) 54; B) 45; C) 64; D) 46; E) 68.
14. Екі таңбалы санды өзінің цифрларының көбейтіндісіне бөлсе, бөлінді -ке тең болады, ал енді осы бөліндіден 2-ні шегерсе, онда айырма тағы екі таңбалы сан болып шығады. Бұның ізделінді саннан айырмашылығы тек цифрларының жазылу ретінде ғана. Ізделінді екі таңбалы санды табыңыз.
A) 23; B) 32; C) 43; D) 34; E) 56.
15. Егер екі таңбалы санды оның цифрларының қосындысына бөлсе, онда бөлінді 4-ке тең болып, 3 қалдық қалады. Егер де осы санды оның цифрларының көбейтіндісіне бөлсе, онда бөлінді 3-ке тең болып, 5 қалдық қалады. Осы санды табыңыз.
A) 23; B) 32; C) 25; D) 52; E) 21.
16. Бір таңбалы санды 10 бірлікке арттырған. Егер шыққан санды бірінші жолғыдай процентке арттырса, 72 шығар еді. Бастапқы санды табыңыз.
A) 8; B) 6; C) 4; D) 2; E) 5.
17. Егер белгісіз екі таңбалы санды сол цифрлармен, бірақ кері тәртіпте, жазылған санға бөлсе, бөліндіде 4 шығып, 3 қалдық қалады. Ал егер ізделінді санды оның цифрларының қосындысына бөлсе, онда бөлінді 8 болып, 7 қалдық қалады. Осы санды табыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет