3. Үлестерге көшу.
Егер есепте проценттік құрам берілсе, оларды үлестерге аударып, алдағы уақытта тек үлестермен ғана жұмыс істеу керек.
4. Қорытпаның жағдайын байқау.
Әрбір қоспа өзгерген сайын (қосу, азайту) қорытпаның жағдайын жазып отыру қажет.
5. Теңдеу құру.
Түрлендіру нәтижесінде қоспа қорытынды жағдайға келеді. Ол mA, М, СА белгісіздері бар шамалармен анықталады. Бұл белгісіздерді байланыстыратын теңдеу мынадай болады:
6. Жауабын анықтау.
Егер есептің шартында заттың қандай да бір проценттік құрамын анықтау қажет болса, онда табылған үлестерді проценттік құрамға ауыстыру керек.
Мысалдар қарастырайық.
1 - мысал. Теңіз суында салмағы бойынша 5%-тік тұз бар. 80 кг теңіз суына тұщы су құйылды және шыққан суда тұздың концентрациясы 4% болды. Қосылған судың массасын табыңдар.
Шешуі: Айталық х кг, тұщы су қосылған болсын. Таза зат ретінде тұзды аламыз. Есептің шешуін кесте түрінде жазамыз: