5-кесте
Әріпті жүйедегі баға
|
Балл
|
% құрылымы
|
Қалыптасқан жүйедегі баға
|
А
|
4.0
|
100-95
|
Өте жақсы
|
А-
|
3.67
|
94-90
|
В+
|
3.33
|
89-85
|
Жақсы
|
В
|
3.0
|
84-80
|
В-
|
2.67
|
79-75
|
С+
|
2.33
|
74-70
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2
|
69-65
|
С-
|
1.67
|
64-60
|
D+
|
1.33
|
59-55
|
D-
|
1.0
|
54-50
|
F
|
0
|
49-0
|
Қанағаттанарлықсыз
|
1.7. Пәннің саясаты мен процедурасы: Студенттердің сабаққа қатысуы қатаң түрде бағаланады, қортынды бағаны қою кезінде сабаққа келмегендері ескеріліп, өзіндік роль атқарады. Сонымен қатар, сабаққа қатысуымен сабақ барысындағы белсенділігі де бағаға әсер етеді. Сабаққа кешігуге болмайды.
Сабақ барысында ұялы телефондарыңызды сөндіріп қою қажет. Барлық тапсырмалар бекітілген мерзімде орындалуы тиіс.
КІРІСПЕ
Өркениетті әлем елдерімен терезесі тең дәрежеге қол жеткізген тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашағы – саяси – экономикалық факторлармен бірге оның білім беру жүйесімен тікелей байланысты.
Бүгінгі таңда жоғары оқу орны және мектеп алдында тұрған басты міндет – туған тілінің, туған жерінің, туған елінің тарихын, салт-дәстүрінің ұлылығын танып, құдіретін сезінген, денсаулығы мықты, дүнитанымы кең, білімі сапалы және адамгершілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Бұл күндері дидактиканың «нені оқытамыз?», «не үшін оқытамыз?», «қалай оқытамыз?» деген дәстүрлі мәселелерімен бірге «қалай тиімді оқытуға болады?» мәселесі ғалымдар мен педагог-әдіскерлерді де толғандыруда.
Еліміздің білім беру саласындағы мемлекеттік саясат ұстанымдарына, білім беруді басқарудың демократиялық сипатына сәйкес білім беру ұйымдарына, пән мұғалімдеріне оқыту әдістерін, жаңа технологияларды таңдап пайдалану және авторлық үлгілерді қолдануға кең мүмкіндік беріп отыр.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше әдістемелік сауатты болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбеттің қалыптасуына әсер ететіні ғылыми негізде дәлелденген. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушылардың тәртібіне, оқу-ынтасына, оқудағы іс-әрекетіне игі әсер етуімен қатар, мұғалімдердің шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндігі белгілі.
Осы орайда жоғары және арнаулы оқу орындары болашақ мұғалімдерді:
жаңа ақпараттық технологияларды меңгерген;
педагогикалық-психологиялық білімін жетілдіре отырып, күнделікті өмірде шебер пайдалана білуге;
өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға жетелей білуге;
оқу технологияларын жете меңгеруге;
этнопсихология негіздерін меңгеріп, өз ісінде инновациялық үрдістерді тиімді пайдалана білуге даярлауы тиіс.
Осыған орай педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу-тәрбие процесінде қолдана алатын мұғалімдерді дайындау – оларды кәсіби дайындаудың ең көкейтесті аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастыру процесіндегі іс - әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Мұғалімдерді дайындайтын жоғарғы оқу орны оқу бағдарламаларына мектеп жүйесіндегі өзгеріс, жаңалықтарды дер кезінде енгізе отырып, оқытудың жаңа технологияларын қолдануды меңгертіп, мектептермен тығыз байланыс орнату арқылы бірлескен жұмыс шараларын нақты жолға қою өмір талабы болып отыр.
Соған байланысты бұл оқу құралында жоғары оқу орындарында жаңа білім беру технологияларын зерттеу ауқымын кеңейтіп, оқу үрдісінде нақты көрініс табуына жағдай жасаудың жолдары анықталған.
Кітап білім беру жүйесін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуде, жоғары оқу орындарында жеке пәнді оқыту әдістемесі бағытында арнаулы курстар жүргізуде, мұғалімдердің педагогикалық, психологиялық біліктілігін арттыру мақсатында қолданыс табады деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |