«Физика» пәнінен «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы студенттері үшін №2 аралық бақылаудың сұрақтар тізімі



бет6/39
Дата22.11.2022
өлшемі0,56 Mb.
#159303
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
«Физика» п нінен «Фармацевтикалы ндіріс технологиясы» маманды
175, Бадминтон., Бадминтон.
13.Пельтье эффектісінің мәні
Пельтье эффектісі - электр тогы әр түрлі материалдан жасалған екі өткізгіштің түйіспесі арқылы аққан кездегі жылудың бөлініп шығуы немесе жұтылуы. Тәжірибенің көрсетуі бойынша, өткізгіштің көлемінде токтың бөліп шығатын Джоуль-Ленц жылуынан басқа, әртүрлі өткізгіштердің түйісуінде, егер бұл өткізгіштер алғашында бірдей температурада тұрса да, олардың түйісу аймағында жылулық құбылыстар болады. Бұл түйісуде ток жүрген кезде, токтың бағытына байланысты жылудың бөлінуі немесе жұтылуы болады, түйісу аймағы не қызады, не салқындайды. Бұл құбылыс Пельтье эффектісі деп аталынады. Qn = Пq = ПIt
П коэффициенті жалғасатын өткізгіштердің тегіне және температурасына тәуелді, оны Пельтье коэффициенті деп атайды.
Пельтье жылуының табиғаты былай түсіндіріледі. Әрбір электрон өзінің қозғалысында заряд қана тасымалдамай, өзіне тән энергия да тасымалдайды. Сондықтан электр тогы болған кезде өткізгіште белгілі-бір энергия ағыны пайда болады. Бұл мына жағдайда да, өткізгіштің барлық нүктелерінде температура бірдей және жылу өткізгіштіктік салдарынан энергия ағыны жоқ кезде де, пайда болады. Энергия ағыны электрондардың қозғалыс бағытымен сәйкес келеді, яғни ток тығыздығының бағытына қарама-қарсы.
14.Датчиктер мен электродтардың түрлері. Уитстон көпірі
Электродтар деп электр тізбегінің бір нүктесін сол тізбектің екінші нүктесімен қосуға арналған арнайы пішінді өткізгішті айтады. Датчиктер – өлщенетін шаманы тіркеуге және тасымалдауға ыңғайлы сигналға айналдыратын құрал Электродтар адам ағзасында пайда болған биопотенциалдарды алу үшін, ал датчиктер адам ағзасында өтетін электрлік сигналдарына түрлендіру үшін қолданылады.Электродтар медицинада мынадай 3 бағытта қолданылады: 1. Адам ағзасындағы биопотенциалдарды тіркеп оны диагностикада қолдану; 2. Адам ағзасына үздікті электр сигналдарымен әсер ету. Сол арқылы жүйенің функционалдық қабілетін арттыру; 3. Адам ағзасына түрліше пішінді сигналдармен әсер етіп, олардың өзгерісін диагностикада қолдану (электродиагностика). Электрод 4 топқа бөлінеді: Уақытша қолданылады (УЗИ каб.) Ұзақ уақыт бойынша үздіксіз (кома, реанимация) Қозғалыс жағдайында (спорттық және космостық медицинада) Қауырт және жәрдем жағдайында (жүрек тоқтағанда).
Датчиктер сырткы әсердің салдарынан өздерінің электрлік параметрлерін өзгертіп тізбектегі ток пен кернеудің шамасына әсер етеді. Сондықтан олар өлшенетін электрлік емес сигналдарды электрлік сигналға түрлендіреді. Пайда болған электрлік шамаларды күшейтуге, тіркеуге қолдануға болады. Сондықтан датчиктерді түрлендіргіштер деп те атайды. Кіріс сигналдарын түрлендіру сипаттамасына қарай датчиктер биологиялық жүйелерде қолданылатын және энергетикалық болып екі топқа бөлінеді. МБ ақпарат әсерінен параметрлерін тікелей өзгертетін биологиялық жүйелерде қолданылатын датчиктер активті (генераторлық) және пассивті (параметрлік) болып бөлінеді.Датчиктер биологиялық жүйелерде қолданылатын энергетикалық активті (генераторлық) пассивті (параметрлік).Генераторлық датчиктер- кіретін шаманың әсерінен сигнал кернеуге немесе токқа айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет