Мәшине жасау – мәшинелердің және олардың бөлшектерінің үлкен көлемін, кесуші және басқа да құралдардың, бақылау-өлшеу аспаптарының өндірісін қамтитын өнеркәсіп саласы.
Мәшине жасау дүниежүзінің төрт басты аймағында шоғырланған: Батыс Еуропа, АҚШ, Жапония, Шығыс Еуропа.
Мәшине жасаудың құрамында 70-тен астам сала мен жүзден аса жекелеген өндірістер бар. Машина жасаудың басты салалары мыналар: электроника, есептеу техникасы, аспап жасау, дәл мәшине жасау, ауылшаруашылық және көліктік мәшине жасау, білдек жасау, автомобиль жасау, ұшақ жасау, кеме жасау т. б.
Білдек жасауда Жапония, ГФР, АҚШ, Италия, Қытай, Швейцария, Корея Республикасы, Тайвань аралы, Испания, Франция, сонымен қатар Үндістан және Бразилия көш бастап тұр.
Көліктік мәшине жасау. Локомотивтерді Үндістан, Бразилия, Аргентина, Түркия шығарады. Вагон өндірушілер арасында алғашқы орындар Мексикаға, Египетке, Иранға, Таиландқа, Чилиге, Колумбияға тиесілі.
Дүниежүзінде кеме жасауда Жапония, Корея Республикасы, Қытай, Италия, Бразилия, Нидерланд көш бастауда. Кеме өндірісі Тайваньда, Үндістанда, Аргентинада, Мексикада дамып келеді.
Әлемде автомобиль шығаруда үш басты ареал қалыптасқан: азиялық – Жапония басты рөл атқарады; америкалық – АҚШ басым және батыс еуропалық – ГФР рөлі басым. Жеңіл мәшине өндіруде көшбасшылар – АҚШ және Жапония. Бұл көшбасшылардың соңынан ГФР, Франция, Италия, Испания, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея ілесіп келеді. Жүк көліктерін өндіру саласы АҚШ, Жапония, ТМД елдерінде және Канадада орналасқан.
Дүниежүзінде ғарыштық-әуе зымыраны өнеркәсібінің үш орталығы бар: Ресей, АҚШ және ЕО (Еуропалық одақ).
Авиациялық өнеркәсіп. Қазіргі уақытта ұшақтар мен тікұшақтарды дүниежүзінің 20-дан астам елдері шығарады.Авиациялық өнеркәсіптен көшбасшы – АҚШ. Ірі авиалайнерлерді тек АҚШ-тың айрықша ірі фирмалары, «Эйрбас» еуропалық консорциумы және Ресей шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |