Физикалық география


Мемлекеттердің саяси типологиясы. Дүниежүзінің саяси картасы



бет68/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд

62.Мемлекеттердің саяси типологиясы. Дүниежүзінің саяси картасы
Саяси география – қоғамның саяси өмірінің кеңістіктік ұйымдастырылуын және саяси күштердің аумақтық үйлесімін зерттейтін ғылыми бағыт.
Саяси карта бөлінетін кезеңдер:
Ежелгі кезең (мемлекеттің алғашқы формасы пайда болған дәуірден бастап б.з. V ғасырына дейін) Ежелгі Египет,Ежелгі Грекия,Карфаген,Ежелгі Рим мемлекеттерін қамтиды.
Ортағасырлық кезең (V-XV ғғ.) Византия,Ұасиетті Рим империясы,Англия,Испания,Португалия,Киев Русі т.б.
Жаңа кезең XV-XVI ғасырдан бастап XX ғасырдың басына дейін қамтиды. 1876 жылы Африка аумағының тек 10%-ы Батыс Еуропаға тиесілі болса, 1900 жылы 90 %-ы тиесілі болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен дүниежүзінің саяси картасының қалыптасуында жаңа кезеғ басталды. Алғашқы кезең дүниежүзінің картасында КСРО-ның пайда болуымен,Австрия-Венгрияның ыдырауымен және егеменді Польша,Финландия,Чехословакия мемлекеттерінің пайда болуымен және Ұлыбритания,Франция,Бельгия,Жапония отарлық иеліктерінің кеңеюімен байланысты.
Екінші кезең екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дүниежүзілік отарлық жүйенің ыдырауымен және Азияда,Африкада,Мұхит аралдарында,Латын америкасында көптеген тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуымен байланысты.
Үшінші кезең 1990 жылдан бастап әлі күнге дейін жалғасып келеді. Үшінші кезеңде 1991 жылы КСРО ыдырап орнына 1991 жылы 21 желтоқсанда орнына ТМД құрылды,ЮСФР ыдырады, ГДР мен ГФР 1990 жылы біртұтас Германияға бірікті,1993 жылы Чехословакия екі тәуелсіз мемлекет Чехия мен Словакияға бөлінді.
Қазіргі кезде дүниежүзінде 230-дан астам мемлекет бар, оның 194-і егеменді мемлекеттер.
Мемлекет – дүниежүзінің саяси картасының басты нысаны. Мемлекет – бұл егемендігі бар аумақ. Мемлекеттің негізгі белгілері: белгілі бір аумағының, егемендігінің, кең көлемде әлеуметтік базасының, заңды зорлық-зомбылыққа монополиясының, салық жинау құқығының, жария билік сипатының, мемлекеттік рәміздерінің болуы. Дүниежүзінің саяси картасындағы мемлекеттерден басқа 30-дан астам алуан түрлі егемендігі жоқ, тәуелді саяси-аумақтық түзілістер бар (9-кесте). Тәуелді аумақтар – олардың өзін-өзі басқарудың әр алуан формасы бар меншігі (мысалы, Гвиана немесе Гваделупа – Францияның теңіздің арғы жағындағы департаменттері). Енді бірі – мемлекеттердің бір бөлігі және айрықша саяси режимі немесе мәртебесі бар (мысалы, Аомынь – ҚХР құрамындағы арнайы әкімшілік аудан). Сондай-ақ тәуелді мәртебесі айқындалмаған аумақтар бар (мысалы, Фолкленд аралдары – Аргентина мен Ұлыбританияның даулы аумағы). Шын мәнінде, олардың барлығы да – отар.
отар – шетелдік мемлекеттің билігіне бағынатын, экономикалық және саяси тәуелсіздіктен айырылған және арнайы тәртіп негізінде басқарылатын мемлекет немесе аумақ (метрополия). Отары бар мемлекет метрополия деп аталады.
Отарсыздандыру үдерісі әзірге аяқталған жоқ. Отарсыздандыру – отарлық тәуелділіктен босату.
1960 ж. БҰҰ Отар мемлекеттер мен халықтарға тәуелсіздік беру туралы Декларация қабылдады. 1945 жылдан 2007 жылға дейін 80-ге тарта мемлекет өзін-өзі басқарушы мәртебесін алып, БҰҰ қатарына енді. ХХ ғасырда ірі отарлық Франция, Ұлыбритания, Испания, Португалия империялары іс жүзінде ыдырады. БҰҰ «Өзін-өзі басқармайтын аумақтар» тізіміне 2017 ж. 17 аумақ кірді. Бұл аумақтарға БҰҰ-ның тәуелсіздік беру туралы талаптары таралуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет