«Физиканың таңдаулы тараулары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені ПӘн глоссарийі физика



бет32/100
Дата08.02.2022
өлшемі2,75 Mb.
#120036
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   100
Байланысты:
Физика, таңдаулы тараулар. Лекция кешен

ТЕРМОДИНАМИКАНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Термодинамика мақсаты термодинамикалық тепе-теңдікте тұрған макроскоптық жүйенің жалпы қасиеттерін және бір күй мен екінші күй арасындағы процестерді зерттеу. Термодинамика негізінен тәжірибе нәтижесінде қалыптасқан екі іргелі заңға сүйене отырып, макропроцесстердің физикалық қасиеттерін қарастырады.
Термодинамика деп әртүрлі процестердегі жылу энергиясының басқа энергияның түрлеріне (сандық және сапалық) өзгеру заңдылықтарын зерттейтін физика бөлімін айтады. Жылу машинаның дамуына байланысты, ондағы энергияның өзгеруін зерттеу нәтижесінде және жылу машинасының пайдалы әсер коэффициентін көтеру әдістемесін іздеуде ХІХ-ғасырдың басында термодинамика қалыптасты. Термодинамиканың негізін салушы француз ғалымы Никола Леонара Сади Карно. Термодинамика деген сөз гректің екі сөзінен (термо-жылу және динамика-күш) тұрады. Термодинамиканы оқуда жүйе, жүйенің күйі, ішкі энергия, жұмыс, жылу мөлшері, термодинамикалық процесс деген ұғымдар кездеседі.
Термодинамикалық жүйе деп өзара және сыртқы ортамен, затпен және энергиямен алмасатын кез-келген денені немесе денелер жиынтығын айтады. Қатты дене, сұйық, газ, клетка немсе жануар мүшесі т.б. жүйе болып есептеледі. Оқшауланған жүйе деп сыртқы ортамен әсерлеспейтін, яғни затпен де, энергиямен де алмаспайтын жүйені айтады. Тұйықталған жүйе деп сыртқы ортамен тек энергиямен алмасып, затпен алмаспайтын жүйені айтады. Ашық жүйе деп қоршаған ортамен энергиямен де, затпен де алмасатын жүйені айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет