70. «Ер Тарғын» жырын талдау «Ер Тарғын» жыры – батырлар жырының ішіндегі таңдаулы шығармалардың бірі. Жырда көтерілген негізгі өзекті мәселелер – елдік пен ерлік, жақсылық пен жамандық, адал махаббат пен намысшылдық. «Ер Тарғын» жырында тарихи оқиғалар элементі де кездеседі. Жыр оқиғасы Тарғын деген батырдың қырғыз ханының бір адамын өлтіріп, Қырық сан Қырым жұртына қашып келуімен басталады.
Жанр түрі: Эпостық жыр.
Авторы: Халық.
Тақырыбы:Отан қорғау, батырлық, ерлік.
Идеясы: Ел бірлігін сақтау, батырлықты дәріптеу.
Оқиға орны:Қырым жұрты.
Оқиға кезеңі:Ноғайлы дәуірі
«Ер Тарғын» жырының кейіпкерлері:
Ер Тарғын – жырдың негізгі кейіпкері
Ақжүніс – Ер Тарғынның сүйген жары
Ақшахан – Ақжүністің әкесі, Қырық сан Қырым жұртының қырық ханының үлкені
Ханзада хан – Еділдегі Орманбеттің он сан ноғайының ханы
Қарасай ұлы Көбен, Алшағырұлы Тебен, Өмірұлы Себен – Ер Тарғынның батыр жолдастары
Сыпыра жырау – Ер Тарғынға басу айтқан ақылды қария
Ардаби – Ер Тарғын мен Ақжүністің ұлы
Әжігерей, Айтқожа – Ардабидің ұлдары
Тарлан – Ер Тарғынның тұлпары
Қанатты қара – Ақшаханның тұлпары
Қартқожақ – Ер Тарғын мен Ақжүністі қуып жеткен Ақшаханның қарт батыры
Домбауыл – қалмақтың батыры
Тұлпары: Тарлан, Қанатты қара.
Ұлттық салт - дәстүр. Дұшпан да болса сыйластық: Қартқожақ өз жолын сұрайды. Тарғын «Кезегін бабай алсын деп» беруі.
Сюжет:
Оқиғаның басталуы:Тарғынның Қырым жұртына баруы.
Оқиғаның дамуы:Соғыстың басталуы. Тарғынның батыр болып көзге түсуі.
Оқиғаның шиеленісуі:Тарғынның Ақжүністі алып қашуы. Қартқожақтың ізінен баруы.
71. Сатиралық ертегілер Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық көңіл-күй сыйлауЕртегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді.
Көптеген ғалымдар өз еңбектерінде ертегілерді негізінен дәстүрлі үш топқа бөліп қарастырады.Ал,академик Сейіт Қасқабасов ертегілерді бес топқа жіктейді:
хайуанаттар туралы ертегілер, қиял –ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер,
хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер.
Сықақ(сатиралық) ертегі қанаушылар мен арам
тамақ құзғындарды әшкерелеп, әдеттегі ауыл өмірін бейнелейді.Қазақ сықақ ертегілерінің бізге жеткен сипаты, негізінен, XV–XVIII ғасырларда патриархалды феодалдық қоғам тұсында қалыптасқан болу керек.Бұл топқа «Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек», «Кейқуат» секілді ертегілер жатады.
Жалпы,Новеллалық ертегілердегі уақиға хан сарайлары мен қалаларда өтеді. Ал, сатиралық ертегілердегі уақиға орны – әдеттегі ауыл, кейіпкерлері – ауылдағы малшы мен бай, молда болып келеді.
Халықтың мәңгілік арманы – қанаушыларын тізе бүктіру сатиралық ертегілерде көрініс табады. Әмбе бұл арман қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған өмір аясында немесе құрғақ қиялда емес, күнделікті шындық өмірді бейнелейтін ертегіде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, ертегі кедейдің өз күшіне деген сенімін арттыра түседі.
Мұндай ертегілерде кейіпкердің іс-әрекеттері күлкілі етіп суреттеледі, олардың ақымақтығы ғажайыпты (фантастикалы) емес, тұрмыстық (бытовой) қиял арқылы әшкереленеді. Ертегілерде көрсетілген жағдайлар (күйеуін шешесіне тамаққа қанша тұз салу керек екенін біліп келуге жұмсау, күйеуінің өз есімін ұмытып қалуы, өзіне келген еркекті әйелдің сандыққа тығуы, т. т.) өмірде болуы мүмкін емес, ертегі сынға алып отырған нәрсе – осы «логикаға сыйымсыздық». Болмыстағы шын нәрсені әдейі логикаға сыйымсыз етіп көрсету – тұрмыстық қиялдың көркем тәсілі.
Қазақ халқының сүйікті кейіпкерлерінің бірі – Алдар көсе туралы ертегілер циклы әлеуметтік мазмұны жағынан әлдеқайда өткір. Мұндағы кейбір сюжеттер шығу тегі жағынан ерте заманда пайда болған біраз сюжеттерді бойына сіңірген.Мысал келтіре талдай кетсем,
Ертегі атауы:Алдар көсенің сиқырлы тоны
Ертегіге сай келетін мақал-мәтел:Жолдың алыс-жақынын жортқан біледі, дәмнің ащы- тұщысын тартқан біледі!
Ертегі мынандай топ ертегілеріне жатады:сатиралық яғни сықақ ертегілер тобына жатады.Алдар көсе жайлы барлық ертегілер осы топ ертегілеріне жатады.Себебі, Алдар Көсе өзі қу,айлакер кейіпкер болғандықтан ол сараң байларды алдап халықты күлкіге қарық қылатын болған.
Ертегіден дәлел:
Жаман тонға жақсы ішігін, қыршаңқы атқа кұстай ұшқан жүйрігін айырбастаған ақымақ бай туралы әңгімені естіп, ел мәз болып, күлкіге қарық болыпты.
Кейіпкерлер:
Басты кейіпкер:Алдар Көсе
Алдар-ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі.Оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа ету.
Ал,оған қарама қарсы кейіпкер-сараң бай.
Бай-аңқау, сараң,озбыр, ақымақ адам кейпінде.
Композициялық құрылымы:Алдар Көсе жайлы ертегілердің барлығы дерлік композициялық құрылымы жағынан ұқсас болып келеді.Негізінен Алдар Көсе жайлы ертегілер мынандай құрылымға құрылады:
1)Алдар мен сараң байдың кездесуі
2)Алдардың асқан айлакерлігімен сараң байды шаң қаптыруы
Мысалы, ол асқан сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді; оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап, қошеметтеп отырады. Өйткені, Алдаркөсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі.
Негізгі идеясы:ақылды, тапқырлықты дұрыс қолдана білу.
Ертегі сюжеті:
Оқиғаның басталуы:Алдардың аязда тоңып қалуы.
Оқиғаның дамуы:Алдардың байды кезіктіруі
Оқиғаның шиеленісуі:Байдың Алдардың шұрық тесік ішігіне қызығуы
Оқиғаның шарықтау шегі:Байдың Алдардың ішігіне өзінің түлкі ішігі мен астындағы атын айырбастауы
Оқиғаның шешімі:Алдардың байды қалай алдап-соққандығын ел-жұрт түгел білуі
Әлем ертегілерімен салыстыру:Жалпы, Алдар көсе түркі тілдес халықтарға: қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, т.б. әдебиетінің көбіне ортақ тұлға. Сол себепті ол жайлы ертегілерде түрік тектес халықтарда бірдей түрде кездесіп жатады.
Ертегіге қатысты жарияланымдар:Алдаркөсе бейнесі қазақ театр және кино өнері туындыларында да көрініс тапқан.Мысалы: Шахмет Хұсайынов «Алдаркөсе» пьесасын және «Алдаркөсе» сценариін жазды.Сонымен бірге көптеген ертегілері анимацияланған.
Яғни,"Алдар Көсе" ертегісі қазақ сатиралық ертегілерінің озық жетістіктерінің бірі.
Сатиралық ертегілердің қаһармандары – өздерінің әлеуметтік жағдайын, өмірдегі әділетсіздікті түсіне де, сезіне де білетін және оған қарсы күресе де алатын жандар. Сөйтіп, ертегі әрбір қаһарманға нақтылы әлеуметтік сипаттама береді. Сатиралық ертегілердің қаһарманы – барынша жалпылай қорытылған әлеуметтік тип.