Фонетика және оның зерттеу объектісі. Грамматика сабақтарының түрлері


Шағын жинақталған бастауыш мектеп жағдайында компьютерлік технологияны қолдану



бет4/6
Дата10.06.2022
өлшемі40,96 Kb.
#146318
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
қазақ тілі керек

Шағын жинақталған бастауыш мектеп жағдайында компьютерлік технологияны қолдану

Бүгінгі күнде еліміздегі шағын жинақты мектептерді жаңа технологиялармен қамтамасыз етіп, ондағы оқушылар мен ұстаздардың цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану мүмкіндіктерін арттыру білім саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Еліміздің жалпы мектептерінің 40 пайызын шағын жинақты мектептер құрайды. Шағын жинақты мектептерде кадр жетіспеушілігі, инновациялық технологиялардың тапшылығы, интернет желісінің жылдамдығының төмендігі секілді бірқатар мәселелер бар. Осы мәселелерді шешу үшін оқыту процесінде АКТ пайдалану тиімді екенін ұстаздар түсініп, сабақтарында АКТ-ны белсенді қолдануға талаптанып жүр. 

  1. Тыныс белгісін қойып, қойылу себебін ұғындырыңыз.

Ерлік бүгінгі өмір талабы



  1. Шылау, оның түрлері. Оқу сабақтарында балалардың дағдыларын, шеберліктерін есепке алу.

Шылаулар толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұрады. Шылаулар түрленбейді, сөйлем мүшесі бола алмайды. • Шылаулар білдіретін мәніне қарай 3 түрге бөлінеді. 1. Септеулік 2. Жалғаулық 3. Демеулік • Шылаулардың емлесі: Шылаулардың көпшілігі өздері қатысты сөзден бөлек жазылады және кейбірі дефис арқылы жазылады. 1. және, мен (бен,пен) шылаулары қайталанбай қолданылады. Бұл жалғаулықтар байланыстырған сөздер мен сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды. Мысалы: Керімбала мен Мұратәлі бұлар көшіп келген соң қыдырып келген. 2. Да (де, та, те) шылаулары бөлек жазылады, оны түсіріп те айтуға немесе жалғаулық мәнінде келгенде басқа жалғаулықпен алмастырып та қолдануға болады. Мысалы: Балабектің де барғысы келді. 3. Дефис арқылы жазылатын шылаулар –ақ,-ай,-ау,-мыс (-міс),-ды, (-ді) демеуліктері өзі шылау болып жұмсалған, яғни өзінен бұрын тұрған сөзбен дефис арқылы жазылады. Мысалы: Діңкелеп шаршаған күн де ұясына барып қонды-ау ақыры. 
Жалғаулықтар
Сөз бен сөзді , сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулықтар өз ара тең бірыңғай сөздерінің, бірыңғай сөз тіркестерінің және бірыңғай сөйлемдердің араларындағы әр қилы қатынастарды білдіреді. Жалғаулықтар ең кемі өз ара тең екі сөзге не екі сөз тіркесіне бірдей қатысты болады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп аталады. Олар мыналар: мен ( бен, пен ), да ( де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті,т.б. Мысалы: Қыс пенен жаз, күн менен түн, тақ пенен жұп, жақсылық пен жамандық - болды сегіз (Абай Құнанбаев) дегендегі пенен, менен, пен жалғаулықтары тек я бұрынғы, я соңғы сөзге ғана емес, екі жағындағы сөздердің екеуіне де бірдей қатысты болып, оларды бір-бірімен жалғастыру үшін қолданылып тұр. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады.Ондай мағыналық қатынастар мыналар:

1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, бенен, пенен), да (де, та, те)және әрі.

2. Қарсылықты қатынасты біліретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.

3. Талғаулықты қатынасты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.


4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, т.б.
Жалғаулықтар орыс тіліндегі «союзы» деп аталатын көмекші сөздермен сәйкес келеді.
Жеке сөздер мен сөйлемдерді байланыстыру қабілеті жағынан, жалғаулықтар:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет