Формирование профессиональных умений и навыков


К Ә С І П Т І К О Қ Ы Т У Ж Ә Н Е Е Ң Б Е К



бет8/38
Дата05.02.2022
өлшемі2,66 Mb.
#321
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
К Ә С І П Т І К О Қ Ы Т У Ж Ә Н Е Е Ң Б Е К


ӘОК 391.9
Қолданбалы қолөнер арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру

Әбдіқадырова З.Д. х.ғ.к., доцент,


Умирбекова С.Т. – магистрант (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)

Бүгіні таңда ұрпақтан-ұрпаққа тәрбие беру сабақтасып келе жатқандықтан жас ұрпаққа білім беру - бүгінгі күннің басты талабы.


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында «Қазақстан-2030» болашақты жасайтын азаматтарды сол ғасыр талабына сай тәрбиелеу қажеттілігіне тоқтала келіп «2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар маманды қажет ететін салаларға көңіл бөле тәрбие беру бүгінгі күннің басты талаптарының бірі» - деп атап көрсеткен.
Халқымыздың ұлттық мәдениетінің өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық рухани негіздерін қалыптастыратын халық дәстүрімен тәрбиелеудің маңызы зор. Халқымыздың ежелден желісі үзілмей келіп жеткен көне де ізгі дәстүрі - жас ұрпақты ұлттық, сәнді қолданбалы қолөнердің тұнығынан сусындатып, эстетикалық тәрбие беру басты құрал. Өресі биік, өрісі кең қолөнердің қай саласынан болмасын жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихы бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшеліктерімен көзге түсетіні анық. Қазақ халқының қалыптасу барысындағы эстетикалық ой-пікірлерінің дамуы бірнеше кезеңдерден өткен.
Эстетикалық көзқарастар, эстетикалық ғылымның өзі тарихи әлеуметтік түрлі жағдайларға байланысты туады. «Эстетика» ғылым ретінде жалпы өнерді зерттеу барысында қалыптасты. Біз өнердің алуан түрлі салаларының мыңдаған жылдық тарихы бар екенін жақсы білеміз. Тіпті алғашқы қауымдық қоғамның өзінде қолөнер болғаны белгілі. Алайда, ол кездерде адамдардың эстетикалық көзқарастарын, оның даму заңдылықтарын жинақтап зерттейтін теорияларда, бұл жөнінде арнаулы ғылым да болған емес. Эстетика зерттейтін обьектісі кең, әрі терең философиялық, методологиялық ғылым болып табылады /1/.
Жалпы эстетика – сұлулық пен адам парасаттылығын зерттейтін ғылым. Айналамыздағы дүниеге эстетикалық көзқарас өте ертеде біздің дәуірімізге дейінгі кезде пайда болған. Сұлулық пен еңбек егіз, сұлулық туралы түсінік, моральдық салауат еңбек барысында біте қайнасып бірге қалыптасқан. Ибалық, жеке бастың мәдениеті, бала тәрбиелеу, жар сүйе білу, қонақ күту, тіпті сөйлесе білу, сұхбаттаса алу тек адамгершілік нормаға ғана сайып қана қоймай, олардан сұлулық пен сымбат, сән мен салтанат бой көрсетеді. Эстетикалық парасаттың түбегейлі, неғұрлым дамыған түрде көрінетін саласы өнер.
Өнер – эстетикалық зерденің бірден-бір дәйекті пәні. Эстетика өнердің әлеуметтік мәнін, оның қоғамдық тіршілік пен тығыз байланысын, оның таным-дық, тәрбиелік және эстетикалық қызметтерін, өнердегі көркем тәсіл мен бағыттардың табиғатын зерттейді. Сұлулық мейлінше толық бой көрсететін әлеуметтік үрдіс. Өнер адамның саналы іс-әрекетінің нәтижесі.
Адам дүниені әрдайым танып білу, рухани игеру үстінде отырады, оның дүниеге эстетикалық қатынасы, дүниенің эстетикалық құбылыстарын игеруі, танып білуі, ол құбылыстардың заңдарын меңгеріп, оны өз керегіне жаратуы өнер туындыларында толық бедерленеді. Адамдар әдемі еңбек құрал-жабдықтарын, тұрмыс заттарын саналы түрде өндіруге кірісті. Адамның сезім мүшелері ұштала түсіп, осы заттардың сырт пішімінен, кескін-келбетінен ләззат алатын дәрежеге көтерілді.
Сонымен, өнердің пайда болуының басты себебі – қоғамдық-тарихи тәжрибе. Халықтық өзіндік ерекшелігін бейнелеген өнер ғана жастарға үлкен тәрбие берудегі құрал бола алады. Эстетикалық тәрбиеде, тәрбиенің басқа салаларындай оқу білім, тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланысты. Елімізде эстетиканың қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихы мен тұрмыс тіршілігімен және мәдениетімен тығыз байланысты. Сонау заманымызда туған халқымыздың парасаттылық пен сұлулық туралы ой-тұжырымы әсемдік пен адамгершіліктің тоғысқан жерінен шығып отырады. Қазақтың халықтық санасы адамгершілікті сұлулықтан ажыратпай, біртұтас қараған. Парасаттылық халық ұғымында, адам бойына сұлулық пен салтанаттың, зерделі ой мен қасиетті мінездің бірдей ұялағанының айғағы. Қазақ халқы қашанда сұлулыққа іңкәр, халық ұғымы бойынша дүние тұлғасы сымбат /2/.
Әрбір адам өз халқының рухани қазынасы мен оның ұлттық мәдениетімен әдет-ғұрпы дәстүрлерімен неғұрлым тереңірек танысуы қажеттігі туындап отыр. Өз еліміздің ұлттық ерекшеліктерін сезінбей басқа елдің өзіне тән белгісін толық түсіну мүмкін еместігі анық. Сонымен қатар күнделікті тіршілік қолданыстағы киім-кешегімен үй жайларында, адамдардың сырт-тұрпатында, қарым-қатынас-тарында, тіл мен өнер туындыларында эстетикалық мәдениеттің, эстетикалық талғам мен ұғымдардың ерекшеліктерімен көрінеді. Ерте заманнан-ақ күнделікті еңбек қызметтерінде өзінің қолданбалы өнерін дамытып отырған. Қолданбалы қолөнерде өзіне тән ерекшеліктері айналадағы ортамен, өмірмен, еңбекпен тығыз байланыста болған. Өнердің әлеуметтік-тәрбиелік оның туындыларының өзіндік көркемдік, әсемдік, эстетикалық құндылығымен бағаланбайды және өз заман талабына сай талғамын білдіруімен, бұрынғы мәдениетімен, ұлттық дәстүр-лерімен сабақтастығынан көрінетіні хақ. Кәсіптік өнер түрлері тек күн-көріс ғана емес, рухани жағыннан да қажеттілік тәрбие құралы болған. Халқымыз ертеден-ақ өнерді ерекше қастерлеген. Сан ғасырлар бойы халқымызда барша жұрт сүйіспеншілік жүректерінің тереңінен орын тапқан және дамып, қалыптасып келе жатқан ұлттық өнеріміз бар /3/.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу.
«Адам өнерімен әсем, аң жүнімен әсем» - деп саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз әсемдік тәрбиеде халық өнерінің алатын орны ерекше болған. Қазақ халықтық педагогика кешегі қариялардан, шешен билерден, ақын жыраулардан мирас болып қалған, сол мирасты қайта жаңғыртып, жастарды халық педагогика және эстетикалық тәрбиеге тәрбиелеу күндегі педагогтар ғана емес бүкіл қоғамымызға ортақ әлеуметтік қозғалыс. Жастарды дүниежүзілік деңгейге сай тәрбиелеуге негіз бола алатын, әрі солардың бойындағы ең асыл қасиеттерді қалыптастырып, парасатты іс-әрекеттерге баулыйтын аса пәрменді тәрбие құралы – халық шығармашылығынан сусындандырылған эстетикалық тәрбие. Қолданбалы қолөнерге үйретудегі жетістігіміз – ұлттық мәдениетіміздегі ауқымды қолөнер мұраларының тәрбиелік мүмкіндіктерімен, өнер тынысымен сабақтас болған бағалы қазына иелерін тәрбиелеу. Қолөнердің пайда көзі үшін емес, оған үңіле қарасақ астарында рухани қажеттіліктер жатыр. Жанұя еңбек тәрбиесінде, баланы еңбекке, әсемдікке тәрбиелеп және халықтық ізгі қасиеттерін дарытып отырған. Қолөнердің салаларында әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Сонымен, эстетика қолөнер салаларының барлығын және жалпы заңдылықтарды, яғни өнердің барлық түрлеріне ортақ ерекшеліктерді түгел қамтып зерттейді. Болашақ бүгіннен басталады, демекші адамның жарқын болашағы оның өз өмірін «әсемдік заңы» бойынша ұйымдастыруына байланысты болмақ. Кезінде эстетикалық тәрбие мәнін аша келе, А.В.Луначарский эстетика саласынан білім беру балаларға арналған қайсы бір өнерді қарапайым түрде оқыту деп түсінуге болмайтындығын, керісінше олардың сезім мүшелері мен шығармашылық қабілеттеріне жүйелі түрде әсер ететін оқуды, одан оқушылардың ләззат алып, оны өздері жасай білу мүмкіншіліктерін дамыту деп түсіну керектігін айтқан. А.С.Макаренько бұл пікірді қуаттап, оқушы жастардың мәдени тәрбиесінің тиімділігін арттыруда оны саналы ұйымдастыру, жоспар құру, дұрыс әдіс таңдау және бақылау болған жағдайда ғана өз міндетін дұрыс атқаратынына тоқталды. Ол әрбір адамның табиғатында әдемілікке деген талпыныс мықтап орын тепкенін тұтқа ретінде пайдалану қажеттілігін атап көрсетті.
Студент жастарға эстетикалық тәрбие беру идеологиялық жұмыстың маңызды бір саласы. Ол жастарды жақсы қасиеттердің барлық түрін дұрыс ұғынуға, қабылдай білуге бағалауға, өмірдің және еңбектің алуан түрлі саласына «әсемдік» элементтерін енгізе білуге үйретеді. Ұсқынсыздық пен парықсыздыққа қарсы күресуге қабілетін шыңдайды. Тұлғаны барлық жағынан жетілдіру оның шығармашылық қабілеттері мен дарынын дамыту, оны нағыз еңбекқор ретінде, қоғам қайраткері ретінде, адамгершілік парасаты мол, мәдениеті қалыптасқан адам ретінде тәрбиелеуді көздейді.
Жапон елінде эстетика саласынан тәрбие алмаған адам тіпті экономикалық тұрғыдан да тиімсіз деген пікір қалыптасқан, ал Украйнаның атақты педагогы В.А.Сухомолинский де «балада тек әдемілікті жасау қажеттілігін ояту ғана жеткіліксіз, сонымен бірге адам баласына ізгілік жасау, жақсы еңбек ете білу іскерлігін де тәрбиелеу» туралы ойын бірнеше рет айтқаны бізге мәлім. Сондықтан да бүгінгі студент – ертеңгі маман еліміздің болашағы, зиялы қауым өкілдерінің бүгінгі таңдағы эстетикалық мәдениетінің қалыптасуы, оған қоса жоғары оқу орындағы жастар таңдаған мамандықтары бойынша ғана даярлықтан өтпеуі тиіс, қосымша эстетикалық мәдени құндылық пен өнер саласынан талғамдары мен мұраттарын қалыптастырып, дамытулары қажет. Жастардың болашақта зиялы қауымның негізін құрайтыны бізге мәлім екені анық. Еліміздің көркеюі, жалпы адамзаттың өркениеттілікке қосылуы бүгінгі студент – ертеңгі маманның тек білім дәрежесіне ғана емес, эстетикалық тәрбиесіне және мәдениетіне де байланысты.
Бүгінгі таңда студенттердің оқу тәрбие үрдісін эстетикаландыру (эстетизация) деген ұғымға көзқараста оның тек оқу, білім алу жағдайын ғана қамтып қоймай, соның негізінде оның барлық сезім мүшелеріне әсер ететін оқуды айтамыз. Студент жастардың оқуы және әлеуметтік шығармашылық әрекеттерінің барысында эстетикалық мәдениетті қалыптастыру процесіне әсер ететін эстетикалық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі объективтік және субъективтік факторлардың ең жақсы, үйлесімді және нәтижелі өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету болып табылады. Эстетикалық тәрбиеде педагогикалық ұжым – ықпал етудің маңызды факторы болады.
Студент жастардың эстетикалық тәрбиесі – біздің қоғамның негізгі бір міндеті. Сондықтан да қоғамдағы реформалау жағдайы тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы мәселесіне айрықша маңыз беруде. Себебі, эстетикалық тәрбие тұлғаны жан-жақты қалыптастырудың, соның ішінде эстетикалық саяси сенімдер, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеудің нәтижелі құралы болып табылады /2/.
Эстетикалық сезім адам баласы туғаннан бірге пайда болмаған. Керісінше, ол ақиқат дүниені оқу-тәрбие процесінде тану арқылы қалыптасып дамиды. Отбасында, балабақшада әдемі ойыншықтармен, суреттермен, балалар әдебиет-терімен, музыкамен танысу арқылы жүзеге асырады. Одан әрі ол мектеп жағдайында мақсатты әрі белсенді түрде жүзеге асырылады.
Жастардың эстетикалық тәрбиесі жоғары оқу орындарында өз жалғасын табады. Маңызы бұрынғыдан да жоғары болады. Мектеп жасындағы балаларда әдемілік сезімдерін ұғыну процесінде өзіндік ерекшеліктеріне қатысты жақсы мен жаманды, шындық пен өтірікті тану қабілеттерінде шектелу болса, ал студенттер – болашақ зиялы қауымның өкілдері, белгілі бір қоғамдық мәдениетті меңгерген әлеуметтік топ ретінде табиғаттағы, өнердегі әсемдікті танып білу қабілеттерінде ондай шектеу болмайды. Жоғары оқу орындарының эстетикалық тәрбиесінің сапасын көтеріп, әсемдік жайлы сезімдері және қажеттіліктерін дамыту, эстетикалық білім беру мәселесі – бүгінде жоғары оқу орындарын қайта реформалау жағдайының өзекті бір мәселесіне айналуы тиіс.
Практика жүзінде идеялық-тәрбиелік жұмыстары эстетикалық тәрбиеде төмендегідей жеке қарастырылады:

  • эстетикалық білім, ондағы мақсат тұлғаның эстетикалық мәдениетінің теориялық және құндылық негіздерін қалыптастыру;

  • көркемөнер тәрбиесі, мақсат тұлғаның дағдылары, білімдері, құндылық бағыттары және талғамдарының бірлігінде біртұтас көркемөнер мәдениетін қалыптастыру;

  • эстетикалық тұрғыдан өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу, мақсаты тұлғаның өзін-өзі жетілдіру;

  • шығармашылық қажеттілік пен қабілетті тәрбиелеу мақсаты шығармашылық мәдениетті, өзінің әрекетіне эстетикалық көзқарасты, шығармашылық себепті, белсенділікті дамыту.

Демек, жастардың эстетикалық тәрбиесіне қатысты мәселеде, алдымен, тәрбиенің кез-келген түрлерінің маңызды принциптері: тәрбиеленушілердің жеке басының ерекшеліктерін, олардың қажеттіліктерін, эстетикалық сананың ерекше-ліктерін ескеру қажет.
Өнердің барлық түрі өзіне тән бейнелі тілі, тәсілдері мен әсемдік әлемін ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер етеді. Көркемдік талғам мен талапқа сәйкес олардың отбасының, жеке бастың тұрмыстық және рухани қажеттерін қанағаттандырды. Жүн, тері, сүйек пен мүйіз, яғни мал шаруашылығы өнімдері, металл, ағаш қолданбалы өнер туындыларын жасайтын материалдар қызметін атқарды. Халықтың кілем, ши бұйымдарында ою-өрнегі жиі пайдаланылады. Сол бұйымдарды жасауға, әркез эстетикалық талғам деңгейі жоғары, әрі өрнегі мен сызықтары сан алуан бояулар түрлерін ұштастырып, қиюын үйлестіре білетін көптеген қолөнер шеберлері қатысады. Демек, осы қолданбалы қолөнерді жас студенттерге, оқушыларға эстетикалық тәлім-тәрбие беру арқылы білім берудің маңызы мен орнының қажеттілігі жайлы мәселелер айтылды.

Әдебиеттер



  1. Ақтаев С. Сұлулықтың сырлы белестері. // Білім және еңбек, №3, 1994.

  2. Әбенов С. Эстетикалық мәдениет. –А., 2005. 28-33 б.

  3. Дәулет Л. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің эстетикалық тәрбие берудегі рөлі. // Ұлттық тәрбие, №4, 2004. 18-20 б.

Түйіндеме


Мақалада эстетика түсінігі және қолданбалы қолөнер арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру мәселелері қарастырылған.
Резюме
В статье расмотрены понятие эстетики и проблемы прикладного искусства в эстетическом воспитании студентов.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет