– Бейбіт! – деген дауыс шықты. Сыныптасы Майра екен. Өзі ылғи білгішсініп жүреді.
– Сен неге апаймен амандаспадың?
– Қалай “амандаспадың”? Мен оны көрген жоқпын.
– Көрдің. Ақталмай-ақ қой.
– Саған қажеті қанша? Әуелі өзіңді жөндеп ал.
– Мен амандасуды білемін. Апам маған: “Қызым, егер әр адамға “Сәлеметсіз бе?” десең, аузыңа жара шықпайды. Керісінше жүрген жеріңде сыйлы боласың. Адамдар сенімен қуана кездеседі, тіпті сені іздеп тұратын болады” – деген. Оның үстіне жақында осы апай бізден емтихан алады ғой.
– Сонда тек өзіңе пайдасы бар адамдармен ғана амандасу керек пе?
• Бейбіт пен Майраның орнында болсаңдар не істер едіңдер?
• Майра апасының сөзін дұрыс түсінді ме? Неге?
• Бейбіттің сұрағына сен қалай жауап берер едің?
Тапсырма
Ғ. Мүсіреповтың қазақ халқының сәлемдесу
салты туралы пікірін оқып,
сұрақтарға жауап беріңдер.
Сәлем – сөздің анасы...
Дүние жүзінде қазақтан ұзақ амандасатын ел кемде-кем болар... Мал-жан, ауру-сырқау, ит-құсқа дейін қалдырмай сұрасады. Келген жерінің қандай қабақпен отырғанын да осы амандасу үстінде болжасып алады. Келген жұмысшының жайын аңғарту үшін де жапсарлас бір амандық сұрау керек...
• “Сәлем – сөздің анасы” дегенді қалай түсінесіңдер?
• Сәлемдесу үстінде адамдардың бір-біріне деген ыстық ықыласы қалай өзгереді?