Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет27/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   271
Литература
1.
Об особенностях организации учебно – воспитательного процесса в организациях среднего 
образования РК в 2019-2020 учебном году. Инструктивно – методическое письмо с.50-51 
2.
Психологическая готовность школьника к обучению в школе: методическое пособие/ 
сост.О.Г.Сурнычева – Астана; АОО НИШ, ЦПМ,2017 – с4-5 


56 
3.
Люблинская А.А. Преемственность в работе детского сада и школу//Начальная школа.-1956-N8 – 
с17. 
 
Ахметова А. Р. 
Дубовка жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ 
САУАТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі 
қазіргі таңда өзектілігін арттырып отыр. Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық 
сауаттылығы қазақ тілі сабағында жүргізілетін өзіндік жұмыстары арқылы жүзеге артады. 
Оқушының сабақтарда өздігінен жұмыс жасауы бұрыннан келе жатса да өзінің күшін бүгінгі күні де 
жойған жоқ. Ең алдымен оқушы өз бетімен жұмыс жасауға, өз ойын қорытындылай алуға үйренеді. 
Бастауыш сыныптарда өздігінен атқарылатын жұмыстарды бастауыштың жас ерекшелігі мен 
білім қабілеті ескерілуі тиіс. Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарламалық талапқа 
сәйкес болуы керек. Оқушыға толық материал бермеу керек, оны қызықтыру керек, яғни 
материалды оқушыға дайын күйінде бермей, оқушыны ізденуге жол ашатындай, танымдық 
қызығушылығын арттыратындай әдіс-тәсілдерді таңдап алу қажет. Оқушылардың өзіндік 
жұмыстарының мән-мағынасын ұйымдастырудың негізгі шарттары: 
1. Нақты тапсырма беру. 
2. Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу. 
3.Оқушылардың жұмысты өз еркімен орындауы. 
4. Өзіндік жұмыс тексеріліп, бағаланады. 
Оқыту үрдісі-екі жақты үрдіс болғандықтан, оқушының өздік жұмысы міндетті түрде 
мұғалімнің көмегімен, басшылығымен, сонымен қатар оқушының дербестігін, олардың қызығып, өз 
ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. 
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда мынадай үш жағдай ескеріледі: 
- Оқушы жұмыстың мақсаты мен мазмұнын анықтау берілетін білім мен оның міндеттері-
нақты тапсырмалар беру. 
- Өздік жұмысты ұйымдастырудың жоспарын жасау қолданылатын амал-тәсілдерді белгілеу. 
- Оқушылардың жұмысына бағыт-бағдар беріп, басшылық ету, тиісті түзетулер жасап отыру 
мұғалімнің басқаруымен. Өз бетімен орындалатын жұмыс түрлерін ұйымдастыруда оқушылардың 
қызығушылық қабілетін тудыратындай тапсырмалар беріледі. Мұғалім өз бетімен орындалатын 
жұмыстың көлемін шамадан асырмай, оқушының өздігінен білім алу қабілетіне бағыттап, алған 
білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландырады. 
Бастауыш сынып оқушыларымен қазақ тілінен жүргізілетін өзіндік жұмыс түрлеріне 
тоқталайық: логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар: құрастырмалы ойындар, 
ребус, сөзжұмбақ, диаграмма. Мысалы: қазақ тілінен әрбір тақырыпты өткен сайын оқушының сол 
тақырып бойынша алған білімінің қаншалықты берік, тиянақты екенін ережені саналы түсінгенін 
тексеруде өзіндік жұмысы өте тиімді. Бұл жұмыстар жаттығу, түсіндіру, бекіту, білім тексеру 
кезінде жүзеге асады. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау 
талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған 
істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір–біріне 
жолдастық қарым-қатынас қалыптасады. 
Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын қазақ тілі сабағында түрлендіре іске асыруға 
болады. 
Мысалы: қазақ тілінен әрбір тақырыпты өткен сайын оқушының сол тақырып бойынша 
алған білімінің қаншалықты берік, тиянақты екенін, ережені саналы түсінгенін тексеруде өзіндік 
жұмысы өте тиімді. Бұл жұмыстар жаттығу, түсіндіру, бекіту, білім тексеру кезінде жүзеге асады. 
Мысалы: «Мәтін» тақырыбын өткен кезде «Ой қозғау» ойыны арқылы оқушыны ойландыру 
мақсатында сөзжұмбақ жасыруға болады. Сөзжұмбақты дұрыс шешсеңіздер, әжемнің дастарханға 


57 
қойған бір тәтті тағамымен танысасыңдар. Бұл жерде оқушылардың ойлау қабілеті, тілі дамып, 
сөздік қоры көбейеді. 
Сөзжұмбақ. Ауылға барғанымда қауын – . . . әбден тойдық. Әжем бізді көргенде қатты 
қуанды. Қыста сақтаған . . . – қартасын қазанға салды. Шай дайындалып, дастарханға қою . . . , тәтті 
сары . . , майға пісірілген ыстық . . . , жегенде тіліңді үйіретін . . . әкеліп қойды. 
Жауабы: қарбыз, қазы, айран, май, бауырсақ, құрт. 
«Сөз» тақырыбын өткенде берілген сөзден бірнеше сөз құрастыруға арналған тапсырманы 
орындатуда оқушының сөздік қоры молаяды. Қарағанды: қар, қара ақ, аға, ара, қараған, нар, ана, 
т.с.с. 
Сөздердің жазылуын есте сақтау мақсатында «Дұрыс сөз жаса» тапсырмасы:
Кемепт – мектеп 
Анаста- астана 
Лақа-қала 
Ламақ –мақал т.с.с. 
«Дыбыс» тақырыбын өткенде оқушылардың «н» мен «ң», «м» немесе «н», «у» немесе «й» 
дыбыстарын ажырата алмай, орындарын ауыстырып қоятын қателіктер жиі кездеседі. Соған 
байланысты «Көп нҥктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз» тапсырмасын түрлендіріп орындату: 
Әсі.....дік, дүйсе....бі, көрі...дік, сейсе....бі, егі....дік. 
Ү...ді,Ү.....гір, ерте....., жа.....а, жа....ғақ 
Да...ыс, да...ыл, а....на, са.....ра, қа...ық. 
М немесе Н 
Н немесе Ң 
У немесе Й 
Сөздің әрбір дыбысынан сөз тудыру жұмысы. Баланың сөздік қорын молайтып, жаңа 
сабақты меңгеруде өте көп пайдасы тиеді. Сөз таптарын өткенде «Қай, қандай сұрақтарына жауап 
беретін сөздер» тақырыбында «Әсем қандай қыз?» сұрағына жауап береді. Әсем сөзінің әрбір 
дыбысына Әсемнің бойындағы жақсы қасиеттерін жазғызу. 
Ә – әдемі, әдепті, әсем. 
С – сұлу, сүйкімді, сезімтал. 
Е – еңбекқор, епті, елгезек. 
М – мейірімді,мәдениетті,момын. 
Енді әрі қарай дамыта отырып,осы сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастыру. Әсем – әдемі 
қыз. Әсем үлкенге де, кішіге де мейірімді. Сын есімдерді тауып астын сызу. «Қарындаш» сөзінен
зат есімдерді ойлап тауып жазу. Қарындаш – қар, ар, шар, шана, арық , шын. 
«Сөз таптары» тақырыбындағы білімдерін тексеру мақсатында сөздік диктант ретінде беру. 
Зат есім Сан есім Сын есім Етістік 
Аспан Жиырма Ұзын Жүгірді 
Қойшы Алты Тәтті Ойнады
Асқар Он бір Қызыл Оқыды
Әр сөзге сұрақ қой, тұсына жаз.
Дәптер ____________________әнші_______________________ 
Торғай____________________сандық____________________ 
Бөбек_____________________ақын______________________ 
Заттың атын білдіретін сөздердің тұсына заттың қимылын білдіретін сөздерді жаз. 
Назым________________________Ұшақ_____________________ 
Жел__________________________Мұрат_____________________ 
Берілген цифрларды сөзбен жаз: 7, 10, 15, 24. 
Осы жұмыстарды жүргізу барысында оқушылардың шығармашылық қабілеті дамиды, сөздік 
қоры молаяды. 
Қорыта айтатын болсақ: өзіндік жұмыстар оқушыға оң әсерін береді. 
- Өз бетінше ойлап, өз бетінше еңбек ете алатын оқушы. 
- Ол қоршаған ортада өмір сүре алады. 
- Қайырымдылық, адамгершілік қасиеттері болады. 
- Алған білімін өмірде пайдалана алады. 
- Сыни ойлау тұрғысы дамыған,қорытынды жасай білетін, шешім қабылдай алатын болады. 


58 
Осыған орай кез келген өзіндік жұмыс бақылаусыз қалмауы керек. Бұнда мұғалімнің бақылауы, 
өзін-өзі бақылау, өзара бақылау түрлері қолданылады. Әр тоқсан сайын сыныпқа мониторинг 
жүргізіліп, қорытындысы шығарылып отырылды. Олар мына үлкен бөлімдер бойынша жүргізілді: 
1. Дыбыстар тақырыбы
2. Сөйлем 
3. Сөз құрамы 
4. Сөз таптары 
Қазақ тілі. Өзіндік жұмыс қорытындысы. 
50
55
56
55
58
58
60
62
0
10
20
30
40
50
60
70
Дыбыстар
Сөз құрамы
бастапқы
соңы
Қазақ тілі пәні бойынша екі бақылау үзігі алынды. Бақылау үзіктерінің нәтижелерін мына 
кестеден көруге болады. 2-сынып оқушыларының білім, білік, дағдысының өзгеру қарқыны. 
Бастауыш сыныптарда оқушыларды қазақ тілі сабағында өзіндік жұмыс жасауға дағдыландыруда 
оқушылардың функционалдық сауаттылығы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері мен 
қызығушылығы жетіледі, білімге деген құштарлығын оянады, ойлау қабілетін дамиды және де білім 
сапасы артады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет