Г. Д. Рыскелдиева М. Т. Иманбаева С.Қайыпжанқызы



бет5/230
Дата07.02.2022
өлшемі1,83 Mb.
#90146
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230
Байланысты:
мұғалім кітабы 8 сын әдеб

Оқу мақсаттарымен жұмыс


А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау
8-сыныпта көркемдегіш құралдардың ішінде троп түрлерінен сатира, ирония, гротеск, ал айшықтаудан психологиялық паралеллизм, перифраз, эллипсистер қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтауды үйретуге басымдық берілген. Троп немесе құбылту дегеніміз – сөздерді тура мағынасында емес бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту.
Ирония (кекесін) – келемеждеу, кекету
Қайтсін қолы тимепті,
Өлеңші, әнші, есіл ер.
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де билей бер!
(Абай «Шегітке мен құмырсқа»)
Бұл сөздер, бір қарағанда, мақтау сияқты көрінгенмен, олардың астарында зілді кекесін жатқанын байқаймыз.
Сатира. Көркем шығармада өмірдің бір жағымсыз жақтары мен құбылысын күлкі ете, мысқылдай суреттеуді сатира деп атайды.
Сұлтанмахмұт «Бір адамға» өлеңінде ел ішінде байлығына масаттанған бір адамның басқаларға істеген қиянатын, озбырлығы мен жиіркенішті қылықтарын батыл әшкере етеді. Өлең ащы мысқыл, зілді кекесін түрінде беріледі:
Кесені қолыма алып, қарай бердім,
Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп.
(Сұлтанмахмұт «Бір адамға»)
Сарказм (мысқыл) – масқаралау. Иронияның ұлғайған түрі. Бірақ иронияға қарағанда анағұрлым өткір, анағұрлым улы.
Жылуы жоқ бойының,
Жылмиғаны не еткені?
Құбылуы ойының
Кетпей құйтың еткені!
(Абай)
Перифраз құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыру тәсілі. Перифраз мәтіннің идеялық-эстетикалық және көркемдік байлығын арттырады. Мағыналық реңк пен оның әсерін күшейтеді. Мысалы, орман патшасы (арыстан дегеннің орнына), дала кемесі (комбайн), қара алтын (көмір), пәниден бақи кетті, аққу ұшып көлге кетті (өмірден өтті), т.б.
Гротескь – түпкі мағынасы грот деген сөзден шыққан себебі, ескі заманнан қалған үңгірлерде кездесетін, адамның келбетін, жануарлар мен өсімдіктердің әлпетін батыстырып, бір -бірімен араластыра бейнелеген әшекейлі өрнек суреттер осылай аталған. Кейін гротеск «комедиялық шығарманың бір түрі» деген мағынаны да беретін болды.Тура мағынасында ақиқаттан алшақ кету болғанымен, өмірдегі болатын шындық жағдайды айрықша тапқырлықпен, есте қаларлықтай әсерлі етіп жеткізеді. «Алпамыс батыр» жырындағы Ұлтанның портреті мысал бола алады:
Бір түрлі болды нұсқасы...
Кеудесі болды кепедей,
Мұрны болды төбедей.
Күрек тісі кетпендей,
Кеңірдегінің тесігі
Жүгімен түйе өткендей.
Құлағы болды қалқандай,
Мұрынына қарасаң,
Сығымданған талқандай.
Айшықтаудың бір түрі – сөз тастап кету, яки эллипсис. Грек тілінен аударғанда түсіріп, аттап айту – сөйлем ішінде немесе өлең шумағында атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай тастап кету:
Ақ көбігің... ақ жүзің
Айнам еді бір қарар.
Өткізген түнім... күндізім...
Тербетер мені, ой слар.
(Ж.Саин)
Эллипсис болу үшін сөйлемде не бір сөз, не бірнеше сөз жоқ болуы керек. Әйтсе де жоқ сөзді білуге болады. Мысалы: Кеп қалды.... ойбай, кеп қалды...., – дегенде, сөйлемнің ең керекті мүшесі жау деген сөзді тастап кетіп отыр. Мұндағы мақсат – сасқандықты, алас-қапас қимылды көрсету.
Айшықтаудың тағы бір түрі – егіздеу яки параллелизм. Грек тілінен аударғанда –қатар жүру, қатынасу.
Екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу.
Көк ала бұлт сөгіліп,
Күн жауады кей шақта.
Өне бойың егіліп,
Жас ағады аулақта.
(Абай)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет