Егер берілген қысқартылмайтын бөлшектің бөлімінде 2 мен 5-тен басқа ешбір жай көбейткіштер болмаса, онда бұл бөлшекті дәл ондық бөлшекпен өрнектеуге болады.
Берілгені: қысқартылмайтын жай бөлшек, мұнда b = 2m . 5n .
Дәлелдейтініміз: бөлшегі дәл ондық бөлшекке айналады.
Теореманың шарты бойынша b = 2m . 5n . Олай болса, бөлшек болады. Енді бөлшегін ондық бөлшекке айналдыруға бола ма екен қарастырайық. Мұнда мынадай үш жағдай болуы мүмкін:
а) m=n , б) m>n және в) m<n . Бұл жағдайларды жеке-жеке қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |