Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж



бет129/153
Дата05.11.2022
өлшемі6,73 Mb.
#156664
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   153
Байланысты:
Оқу құралы фармакология, фармакотерапия

Препараттың
аттары

Әсері

Фармакологиялық тобы

Қолдануы

Шығу түрі

1

Хлоромин Б
Chloraminum B

Микробтарды
жояды

Галоген

Кеңестікті, медициналық
құралдарды
зарарсыздандыру үшін

0,5% ерітіндісі
1-3% ерітіндісі

2

Ихтиол
Ichthyolum

Микробқа,
қабынуға
қарсы

Аромат тобы

Күйгенде тері
ауруларында

10%, 20% май – 30,0
0,2 балауыз N10

3

Сутек асқын тотығы
Sol. Hydrogenii
peroxydi diluta

Микробтарды
жояды

Тотығыш

Жарақатты жууға, мұрын
қансырауын
тоқтатады

3% ерітіндісі 30,0 сыртқа
қолдану үшін

4

Бор қышқылы
Acidum boricum

Микробтардың
өсіп өнуіне
кедергі
жасайды.

Сілті мен
қышқылдар

Құлақтың қабыну
ауруында,
тамақты шайқауға

3%спирттегі судағы
ерітіндісі ұнтақ
май 5%-25,0

5

Фурацилин
Furacilinum

Микробтардың
өсіп өнуіне
кедергі жасайды

Нитрофуран
туындысы

Ірінді жараны
қуыстарды жууға,
тамақты шайқауға

Табл, 0,02 1:5000 ерітіндісі, 0,2 % май – 25,0

6

Сынап дихлориді
Hydrargyri dichloridi

Микробтарды жояды

Ауыр металл тұздары

Аурулардың төсек орнын, киімін залалсыздандыру үшін

1: 1000 ерітіндісі

7



Амиак ерітіндісі
Sol. Ammoni caustici

Микробтарды жояды

Сілті мен қышқылдар

Хирургтің қолын жуу үшін, ес танғанда

Ампул1мл 50мл. флакон

8



Йод
Iodum

Микробтарды жояды

Голаген

Жараның шетіне, операция жасайтын жергу үшін

5%
спирттегі ерітіндісі 10мл,25мл

9



Дерматол
Dermatolum

Микробтарға, қабынуға қарсы

Ауыр метал тұздары

Терінің, шырышты қабатының қабыну ауруында

Ұнтақ балауыз 0,2,
10% 50,0 май

10



Брилиант жасылы
Viride nitens

Микробтарды жояды

Бояғыш

Терінің ірінді жарасында, ауруында

1% 2%-10мл Спирттегі ерітіндісі

11



Цинк сульфаты

Zinci sulfas



Микробтардың өсіп өнуіне кедергі жасайды

Ауыр металл тұздары

Көздің қабыну ауруында

Ұнтақ 0,25%-10мл. Көзге тамшы

12

Калий перманганат
Kalii permanganas

Микробтарды жояды

Тотығыш

Жараны, қуыстарды уланғанда асқазанды жуу үшін

0,01%-0.5% ерітіндісі



Тақырып бойынша өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар
Бақылау сұрақтары

1. Антисептиктер деген не, сыныпталуы?


2. Бактерецидтік және бактериастатикалық әсердің айырмашылығы неде?
3. Галогендер тобына қандай препараттар жатады, олар қаандай жағдайда қолданады?
4. Қандай антисептиктер науқастың күтіміне, қажетті заттарды тазалауға қолданады?
5 Қандай антисептиктер жараны жууға қолданады?
6. Тотығыш антисептиктердің әсер ету механизмі?
7. Этил спирті қандай топқа жатады, қандай жағдайда қолданады?
8. Ихтиол препаратының әсері қандай, шыгу түрі?
9. Қандай антисептиктер көз ауруларында қолданады?
10.Бояғыш тобына қандай препараттар жатады?
11. Ауыр металл тұздарына қандай препараттар жатады
12. Қандай жағдайда фурацилин препаратын қолданады?
Антибиотиктер'>Химиотерапиялық дәрілер. Антибиотиктер
Химиотерапиялық дәрілер көбіне жұқпалы және паразиттік ауру қоздырушы микробтарға әсер етеді, антисептиктерден айырмашылығы:
а) уландыру қасиеттері төмен
б) химиотерапиялық дәрілер арнайы микробтарға әсер етеді
Химиотерапиялық дәрілер ағзаға әсер етуіне байланысты былай бөлінеді:

  1. бактерияларға қарсы

  2. туберкулез таяқшаларына қарсы

  3. солғыш спирохетаға қарсы

  4. құрттарға және қарапайымдарға қарсы және т.б.



Химиялық құрамына ,алу жолдарына байланысты химиотерапиялық дәрілер бөлінеді:
1) антибиотиктер
2) сульфаниламид препараттары

  1. нитрофуран, 8 оксихинолин туындылары және т.б.

Біз тұратын әлемде 20 мыңнан астам түрлі микробтар кездеседі, адам денсаулығына байланысты микробтарды шартты үш бөлімге бөлуге болады:

  1. Патогендік микробтар - әр-түрлі жұқпалы ауру туғызады (стафилококтар, туберкулез таяқшалары).

  2. Шартты патогендік микробтар – қалыпты жағдайда ауру туғызбайды (ішек таяқшалары).

  3. Пайдалы микробтар – адам ағзасында өмір сүреді, пайда келтіреді (бифидум, ішек таяқшаларының лакто бактериялары).

Патогендік микробтар грам + - әр-түрлі коктар, көбінесе жоғары тыныс алу жолдарында, ылғалды шырыш қабаттарда, теріде кездеседі, грам - әр-түрлі таяқшалар, вибриондар, көбінесе ішекте, жыныс, зәр шығару жолдарында кездеседі.


Антибиотиктер
Микробтардан, өсімдіктерден, жануарлардан, шикі заттардан және синтетикалық жолмен алуға болатын химиотерапиялық заттар, антибиотиктердің микробтарға әсері өте күшті және микробтардың өзінен дамиды. Антибиотиктерді микробтардан алғанда оның негізіне микробтар арасындағы антибиоз құбылысы алынған. Антибиоз дегеніміз әр түрлі микробтардың арасындағы антогонизм құбылысы.
Антибиотиктер микробтарға 2 түрлі әсер етеді:
а) бактерицидтік әсер – микробтардың өсіп-өнуін тоқтатып жою
б) бактериастатикалық әсер – микробтарды жоймай өсіп-өнуін тоқтату
Антибиотиктер қауіпсіз, әсері кең болуы керек




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет