Тәрбие әдістері - тәрбиеші мен тәрбиеленушілер іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері (В.А.Сластенин)
Тәрбие әдістері – бұл мектеп тәжірибесінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол (Ж.Әбиев)
Тәрбие әдісі дегеніміз тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысқан іс-әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері
Тәрбие тәсілі – жалпы әдістің бір бөлігі, жеке-дара әрекет, нақты іс
Тәрбие құралдары: іс-әрекеттің түрлері, көрнекі құралдар, педагогикалық ықпал жасау құралдары, коммуникация, құралдары.
Тәрбие әдістерін таңдауды анықтайтын жалпы принциптер:
Тәрбие мақсаттары мен міндеттері
Тәрбиеленушілердің жас және дара, тұлғалық ерекшеліктері
Ұжымның қалыптасу деңгейі
Тәрбиелік жағдайлар
Тәрбие құралдары
Тәрбие уақыты
Күтілетін қорытындылар
Әдістердің жіктелуі дегеніміз анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі. Тәрбие әдістері: (Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина бойынша)
Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері
Іс-әрекетті ұйымдастыру және қоғамдық, құқықтық тәжірибе қалыптастыру әдістері
Іс-әрекетке және мінез-құлыққа ынталандыру әдістері
Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері
Әңгіме – бұл адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоцияналды, айқын көрінісі
Түсіндіру – тәрбиеленушіге эмоцияналды-сөзді әсер ету әдісі
Этикалық сұхбат – тәрбиеші мен тәрбиеленушінің пікір алысуға екіжақты кірісуін керек ететін жүйелі және бірізді әдіс түрі
Пікірталас – тәрбиеленушілерді қызықтыратын әр түрлі тақырыптарға арналған қызу пікір сайысы
Іс-әрекетті ұйымдастыру және қоғамдық, құқықтық тәжірибе қалыптастыру әдістері
Жаттығу – автоматты түрде талап, әрекетті көп қайталап орындаудан болатын тәрбиенің тәжірибелік әдісі
Талап – бұл тәрбиеленушілердің белгілі бір іс-әрекетін тежеп не ынталандырып, жекелей қарым-қатынаста жоғарылайтын, баланың белгілі бір қасиеттерінің көрінуіне себепші әсер ететін әдіс
Үйрету – пәрменді жасалынатын ағдыландыру
Іс-әрекетке және мінез-құлыққа ынталандыру әдістері
Мақтау – тәрбиеленушінің іс-әрекетіне қойылған жақсы баға
Жазалау – қате қылықты ескертіп тежеу, өз ар-ұяты алдында, басқа адамдар алдында кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс
Жарыс – қажетті сапаларды тәрбиелеуде оқушылардың табиғи бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын балалардың ұжымдағы іс-әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру әдісі
Достарыңызбен бөлісу: |