Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 37
Ортақ пункттер жұмыстың барлық ауданында біркелкі үлестірілген болу
керек. Трансформациялауда барлық параметрлерін дұрыс есептеу үшін ең аз
дегенде үш пункт колданылуы керек.
Бақылауды жоспарлау .
-
бақылау сеанстарын дұрыстап жоспарлау;
-
нүкте санын, қажетті дәлдікті, жалпы ӛлшеу сұлбасын ойластыру;
-
бар геодезиялық торапты бекітуді жоспарлану;
-
есептеудің және бақылаудың ең жақсы әдісін анықтау;
-
жергілікті координат жүйесіндегі трансформацияға кӛңіл бӛлу;
-
базалық түзулердің ұзындығын мүмкіндігінше қысқартуға тырысу.
Тексерушілік өлшеу Практикадағы геодезиялық жұмыстың барлық типінде тәуелсіз ӛлшеу
бойынша бірнеше реттік бақылау
жүзеге асырылуы тиіс . Осыған GPS
ӛлшеулері кезінде кӛңіл бӛлу керек.
Нүктені бақылаудың қысқа кезенінде тез статистикамен ӛлшеуге
дұрыстап қарау керек. Толық тәуелсіз бақылау үшін:
- тәуліктің әр уақытында нүктеде екі рет ӛлшеуді жүргізу. Бұл антеннаны
қабылдағышқа орнатуға, жоғарыда және атмосфералық жағдайда спутник
орнатуға кепілдік береді;
- ақырғы нүктеден бастапқы нүктеге дейін жолды базалық сызықпен
бекіту;
- желі пункттері арасындағы тәуелсіз базалық сызықты ӛлшеу қажет
етіледі.
Жер серіктік жүйе геоцентрлік координат жүйесінде жұмыс істейді,
горизонтальдық бұрыш ӛлшемін кері геодезиялық есеп шешімінен алаңдық
ӛлшеу ақпараттын толық ӛңдеуден кейін ғана аламыз. Жер серіктік
аппаратурамен торды құрғаннан кейін оның пункттерін тау-кен-техникалық
есептерді шешу үшін жүргізіледі, сонымен осы пункттерде әрі қарай жұмыс
дәстүрлі әдіспен жүргізіледі.
Ӛндірісте жер серіктік координаттық анықтаманы қандай дәлдікте
қателік кеткенін білу керек. Жер серіктік аппаратуралар үшін бұл ӛте
маңызды сұрақ емес. Нәтижелерді бағалау тек критерийлер қатары бойынша
емес-бақылау уақытына, GDOP мәні, радиосигнал қабылдау санына,
бірмәнділікті рұқсаттау немесе рұқсаттамау бойынша жүргізіледі, ӛлшеу
сапасы бағасына, сонымен қатар бастапқы МГТ пункттер координатын қайта
анықтау қателігі қызмет етеді. Ол WGS-84 жүйесінен жергілікті жүйеге
ауысқан кезде трансформациялауға қатысты.