Г. М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 3


Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия



Pdf көрінісі
бет45/100
Дата29.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151230
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   100
Байланысты:
Жограы геодезия оку куралы

Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 
61 
Қазіргі микроэлектрониканы аспап жасауда кеңінен қолдану
қашықтықты ӛлшеудің электромагниттік әдісінің жылдам дамуына алып 
келді. Электрондық тахеометрлердің жаңа буыны пайда болды. XX ғ. 90 
жылдарының 
соңында 
шағылыстырушысыз 
аспаптардың 
сериялық 
модельдері пайда болды. Бұл жаңа аспаптар пайдалы қазба кенорындарын 
ашық игеруде, жаңа жолдарды салу және қайта жаңғыртуда, ӛндіріс 
объектілерін түсіруде кеңінен қолданыс тапты. Олардың артықшылықтары: 
түсіріс кӛмекшісіз жүргізіледі, қашықтарды шағылыстыру орнату қиын 
болатын нүктелерді де ӛлшеуге болады. Мұндай тахеометрлер, мысалы: 
Topcon (АҚШ) фирмасының GPT – 8200 және GPT – 7000 тахеометрлер 
сериясы, SOKKIA (Жапония) фирмасының SET 330R, SET 530R, SET 630R 
тахеометрлер сериясы. GPT – 7000 тахеометрінің жаңа лазерлік 
дальномерлік модулі жоғары сапалы оптикалық жүйесімен және импульстік 
лазермен жабдықталған. Шағылыстырушысыз ӛлшеулер 250 м дейін, ал 
шағлыстырушысы бар ӛлшеулер 3 км дейін жүргізіледі. 
Электрондық тахеометрлік жүйелердің алдыңғы қатарын ӛндірушілер 
Spektra Precision (Швеция/Германия), Leika (Швейцария), Sokkia, Topcon, 
Nikon, Rentax (Жапония) фирмалары электрондық тахеометрлердің 100-ге 
жуық модельдері мен модификацияларын шығарды. 
Қазіргі электрондық тахеометрлерді қашықтықты әртүрлі дәлдікпен 
ӛлшейтін аспап ретінде қарастыруға болады: 3000 м-ді 1 мм + 1ррм дейін.
Ұзындықты ӛлшеудің радиоэлектрондық әдісіне ұзын базистік 
квазарлық радиоинтерферометрияны жатқызуға болады. Бүл әдісті 1965 
жылы совет радиоастрономдары Л.И.Матвиенко, Н.С.Кардашев және 
Г.Б.Шоломицкий ұсынған. Радиоинтерферметрия бақылаулары қолдану 
принципі келесі әрекетке негізделген. Квазарлық сигналдары радиотелескоп 
антенналарына бір уақытта түспейтіндіктен, радиоинтерферометрияның
базистік пункттерінен квазарға дейінгі қашықтықтың бағыты әртүрлі болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет