Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия
56
2.
Негізгі тексерістерді ата және жоғары дәлдікті оптикалық теодолитті
зерттеу.
3.
Струв тәсілімен бағытты ӛлшеу.
4.
Шрейбер тәсілімен бағытты ӛлшеу.
5.
Жоғары дәлдікті бұрыштық қателерінің негізгі кӛздері
Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия
57
5 ЖОҒАРЫ ДӘЛДІКТІ СЫЗЫҚТЫҚ ӚЛШЕУЛЕР
5.1 Сызықтық ӛлшеу аспаптарының дамуы
Қазіргі геодезиялық ӛндіріс пен ғылымда кеңістікті сызықтық ӛлшеусіз
жұмысжүргізу мүмкін емес.
Ең алғашында сызықтық ӛлшеулер базистік аспаптармен жүргізілген.
Базистік аспаптардың
дамуының негізін
Виллиброд Снеллиус салған. Ол
1615 жылы Алькмаар және Бергеном-оп-Зоом арасын анықтау үшін
Нидерландыда үшбұрыштар желісін құру арқылы қысқа базисті (350м)
ӛлшеген.
Тарихи дамуына сәйкес базистік аспаптар келесідей жіктеледі:
- ағаштан, кейіннен металдан жасалған ӛлшегіш жезл қатты базистік
аспаптар;
- қатты емес базистік аспаптар - ӛлшегіш
шынжырлар, таспалар, аспалы
ӛлшегіш сымды және таспалы аспаптар.
Сызықтық ӛлшеудің аталған құралдары механикалық аспаптарға
жатады.
Қатты базистік аспаптардың дамуы келесі кезеңдермен сипатталады:
1. Контактілі базистік аспаптар. Бірінші
жезлді аспаптар қарапайым
ағаш бағаналардан тұрған, олардың ұштары бір–біріне түйіскен,
кейінірек
ӛзара айқасатын ұшы лезвие тәрізді жезлдер пайда болды. XVII ғ. басынан
XVIII ғ. ортасына дейін базистік ӛлшеулер тек контактілік әдіспен
жүргізілген және бұл әдіс ғылым мен
техниканың дамуына сәйкес
жетілдірілді.
2. Интервалды ӛлшейтін базистік аспаптар. Интервалды ӛлшеу кезінде
ӛлшегіш жезлдер олардың ұштарының
арасында арнайы құралдармен
ӛлшенетін кішкентай аралықтар қалатындай қосылады.
3. Сәйкестік тәсілмен ӛлшеу. Бұл тәсілде штрихті жезлдер бірінің
штрихының
басы
екінші
штрихтің
жалғасы
болатындай
етіп
орналастырылады.
4. Бейметалды базистік аспаптар.
Бұл әдісте жезл ұзындығының
температура әсерінен ӛзгеруін ескеру мәселесі шешілген.
5. Оптикалық үйлесімді аспаптар.
Жезлдер XIX ғасырдың соңына дейін ( Германияда, Бельгияда, Данияда,
Италияда және Австрияда XX ғасырдың 30 жылдарына дейін) жергілікті
жерде сызықтар жоғары дәлдікті ӛлшеу үшін қолданылған.
Қазіргі уақытта
технологиялық жабдықтың жылжуынан бақылау үшін қысқа түзу
ұзындықтарын жоғары дәлдікті ӛлшеу үшін ӛлшегіш ұшты және штрихті–
ұшты жезлдер қолданылады. Жезл ұзындығы 1м болғанда, ӛлшеудің орта