Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 51
кӛрінеді, ал жарықты жобалағанда қараңғы жағы кӛрінеді. Бақылау үшін аз
фазалы цилиндрлер қолданылады, мысалы, В..Н. Шишкин конструкциясы.
Теодолит пен маркаларды орналастыру. Теодолитті белгіде және
штативте орнықты орналастыру – жоғары дәлдікті ӛлшеулер алудың басты
шарттарының бірі.
Температураның теодолитке әсері. Барлық жоғары ділдікті
теодолиттер температуралық ӛзгерістерге ӛте сезімтал болып келеді.
Температура әсерін азайтудың тиімді құралы теодолиттерді термостатирлеу,
яғни оны тікелей күн сәулелерінен сақтау.
Геодезиялық тораптарды жоғары дәлдікті ӛлшеулері бақылауға қолайлы
уақытта, яғни визирлік нысаналар кӛрінісінің тербелісі шамалы,
атмосфералық кӛрінуі және кӛру жағдайлары жақсы, ал бүйір рефракцияның
әсері аз болған кезде жүргізеді. Мұндай жағдайлар таңертең және кешкісін,
ауа қабаттында визирлік сәуле биіктігінде изометрияға жақын жағдай
болғанда пайда болады. Бақылауға қолайлы уақыт ұзақтығы ауа
температурасына, бұлттылыққа визирлік сәуле биіктігіне байланысты.
4.4 Жоғары дәлдікті бҧрыштық ӛлшеулер тәсілдері Ӛндірісте қолданылатын тәсілдердің кеңінен тарағаны Шрейбер (
n бағыттағы барлық комбинацияда жеке бұрыштарды екі рет ӛлшеу) және
Струв тәсілі (дӛңгелек амалдармен ӛлшеу). Барлық қалғандары негізгі
тәсілдердің модификациясы болып табылады және олардың мақсаты негізгі
тәсілдердің кемшіліктерін азайту болып табылады.
Дөңгелек амалдар тәсілінің мәні мынады: Лимб қозғалыссыз болған
кезде теодолит алидадасын сағат тілі бағытымен айналдырады және кезекпен
кӛру дүрбісін бақылау пункттеріне бағыттайды да, бастапқы бағытқа
бағыттаумен аяқтайды. Ӛлшеулердің берілген кешені бірінші жартылай
амалды құрайды. Сонан соң дүрбіні зенит арқылы ӛткізеді және алидаданы
сағат тіліне қарсы айналдырып, дүрбіні сол пункттерге бағыттайды, бірақ
кері кезекте – екінші жартылай амал болады.
Екі жартылай амалдың әрбір бағыты бойынша ортасын шығарады.
Мұндай бірнеше амал жасайды: 2, 3 және 4 класты триангуляция
пункттерінде сәйкес 12, 9, 6 амал, ал полигонометрия торларында – 18, 12
және 9 амал.
Бағыттың орташа шамаларын бастапқыға келтіреді. Бұл үшін берілген
бағыт бойынша есептеуден бастапқы есептеуді шағырады. Пункттегі
бағыттың соңғы мәні барлық
m амалдардан орташа арифметикалық мәнін
шығару арқылы анықтайды.