Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет68/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

Түбірлес сөздер 
Өлең тілінің үн сазына қатысы бар тағы бір тілдік көріністі 
талдау қажет. Ол жайында қазақ өлең теориясында немесе 
лингвостилисти-касында мүлде сөз болған емес. Ол – түбірлес 
сөздердің өлеңнің бір жолында келтірілуі. Мысалы, Абайда: 
«
Шыға 
ойламай, 
шығандап қылық қылмай
» деген өлең жолын-
да 
шық
- түбірінен өрбіген 
шыға 
(ойлау) және 
шығандау 
деген 
екі сөзді қатар қолданып отыр. «
Қызық 
келсе, 
қызықпа, 
оңғаққа 
ерме... 
Орақ орар, орылар 
мезгіл жетті» деген жолдарда да есім 
мен етістік болып келген түбірлес сөздер қатар келтіріліп тұр. 
Өлеңнің тек бір жолында емес, қатар келген жолдарында да 
түбірлес сөздер қолданылып, өлең үніне ерекше саз береді. 
Мысалы:
Туғызған 
ата-ана жоқ, 
Туғызарлық 
бала жоқ. 


157
Туысқан-туған 
құрбылас 
Қызығымен және жоқ, –
деген төрт жолдың алғашқы үшеуінде 
ту
етістігінен өрбі-
ген төрт сөз шоғырланып келген.
«Түбірлес» деп танылған сөздер грамматикалық жағынан 
даусыз ашық болып та келеді. Мысалы, «
Сүйер 
жансып, 
сүйкімді 
бет берем деп» деген жолдағы 
сүйер, сүйкімді 
сөз-
дерінің түбірі – 
сүй
етістігі. Сол сияқты мына өлең жолда-
рындағы көрсетілген сөздердің морфологиялық құрылымы 
жағынан түбірлес екендігі даусыз: 
Қу 
тілмен 
қулық 
сауған заңы 
құрсын... 
Қарқылдап қарға 
қалмас арт жағынан... 
Күз күзеуде 
жанжалсыз бола алмай жүр... 
Шалықтап шалқып 
шатпай ма?.. 
Табысына табынып, 
қалтаң қағып... 
Қызық 
келсе, 
қызықпа, 
оңғаққа ерме... 
Сүйсіне 
алмадым, 
сүймедім... Ылайла ылай 
оймен тұнығыңды... 
Бас 
болмай ма 
бастауға... Күлдіргіштеу, 
күлкішіл, 
қалжыңға ұста... 
Шарықтап, шар 
тараптан көңіл 
сорлы...
Дыбыстық құрамы ұқсас сөздердің түбірлестігі тұлғалық 
жағынан күмәнді болғанымен, мағыналық жағынан бір-біріне 
өте жақын келетіндіктен, бұларды да түбірлес сөздердің 
қатарында қарауға болады. Мысалы, 
қызды 
айтсам, 
қызықты 
айтсам, 
қыздырмалап 
деген жолда үш сөз әуендес: 
қыз, қызық, 
қыздырмалау, 
бірақ үшеуінің де түбірі 
қыз 
деп этимологтер 
дәлелдемесе, қарапайым оқырманға солай деп тану қиын, де-
генмен соңғы
қызық, 
пен 
қыздыр 
деген екі тұлғаның түбірі бір 
екендігі айқын. Сол сияқты: «
Есер, есірік 
болмасаң» дегендегі 
алғашқы екі сөздің мағына жағынан синонимдер екендігін, 
мамандар үшін тіпті олардың түбірлес екендігін дәлелдеу де 
қиын болмас. Осы қатарға: «
Елең 
қағып 
елбірер, Еліртіп 
көзді 
аспанға» деген жолдардағы 
елең, елбіреу, еліру 
сөздерінің 
түбірлестігі фонетика-морфологиялық тұрғыдан этимология 
жасап таппасақ, сырт көзге бірден бұлардың түбірі 
ел 
деп айту 
қиын. Бірақ бұл жерде ақын түбірлес сөздерді келтіру арқылы 
елең қағу 
тіркесіне 
елбіреу 
сөзін жалғастырып, бір жағынан 
жаңа тіркес жасап тұрса (бұл – айтпақ ойына қажет сұраныс), 
екіншіден, 
елең қағу 
әрекетін 
елбіреудің 
амалы етіп ұсынып, 
соңғы сөздің эмоциялық әсерін күшейтіп тұр. Мағынасы 


158
жағынан бұл сөздермен түбірлес-ау деп табылатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет