210
Бұл ән
Бұрынғы әннен өзгерек.
Бұған
Ұйқасты өлең, сөз керек
Өзіне орайлы.
Бұл шумақ тұтасымен тасымалдан тұрады: әрі қара сөзбен
құрылған сөйлемге жақын келеді:
Бұл ән бұрынғы әннен
өзгерек, өйткені бұған өзіне орайлы ұйқасты өлең, сөз керек
деген сейлемнің бір тармақта келуге тиісті сөздері тармақтан
тармаққа тасымалданып (көшіріліп) берілген. Әрине, бір
сөйлемнің бірнеше тармаққа бөлініп берілгенінің бәрі та-
сымал болмайды. Поэзияда, оның ішінде Абай мен Шәкәрім
өлеңдерінде, бір сөйлемнің екі не одан да көп жолдарға
сыйғызылып берілгені жиі кездеседі. Мұндайда әр тармақтың
синтаксистік-интонациялық дербестігі болады, яғни сөйлемнің
синтаксистік дербес бөліктерінің шекаралары тармақтардың
жігіне сайма-сай келеді, ашып айтсақ, бір тармаққа бір бөлік
орналасады, ол бөліктер: күрделі немесе жайылма мүше,
бірыңғай мүшелер, құрмалас сөйлем компоненттері сияқты
тиянақты бөліктері. Бұлардың тармақтан тармаққа ауысып ор-
наласуы – заңды, қалыпты құбылыс.
Ал Шәкәрімнің жоғарыда келтірілген шумағында екі-үш бу-
ынды бір ғана сөзден тұратын сөйлем мүшесін жеке бір тармақ
етіп құрастырған немесе
Достарыңызбен бөлісу: