Геометрия, 8 сынып



бет23/38
Дата11.01.2022
өлшемі1,96 Mb.
#110904
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
Байланысты:
00036165-928dbc9f
рекомендации, 00036165-928dbc9f
Реті:30

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: алған теориялық білімдерін қолданып есептер шығару.

Дамытушылық: есептің шартына сәйкес геометриялық фигураларды дұрыс салуды білу, формулаларды орынды қолдана білуі.

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Практикалық

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Өткенді қайталау

  3. Практикалық бекіту

  4. Үйге тапсырма беру

  5. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Қысқаша қайталау.

   



(Пифагор теоремасы) Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты катеттерінің квадраттарының қосындысына тең, яғни



АВС тікбұрышты үшбұрышының бір бұрышы: С бұрышы –тік, с-гипотенуза, а,в – катеттер, ал а1 және в1 катеттерінің проекциялары болса

  1.  

  2.  

формулалары дұрыс болады.

4.Практикалық бөлім: Атанасян

№484

Тікбұрышты үшбұрыштың а және в катеттері, ал с-гипотенузасы. 1) а=12 см, с=13см



2) а=  3) а=3в, с=2  болғанда в-ны тап

Практикалық бөлім : Атанасян

№495

АВ және СД табандары болып келген АВСД трапециясының 1) АВ=10 см, ВС=ДА=13см, СД=20см; 2) С бұрышы=Д бұрышына=600, АВ=ВС=8см; 3) С=Д=450, АВ=6см, ВС=9 см болғанда, ауданы қандай болады?



№496

АВС үшбұрышының СД биіктігінің Д табаны АВ қабырғасында жатады, әрі АД=ВС. Егер АВ=3, ал СД=  болса, АС нешеге тең?

№499

1)24см, 25см, 7см; 2) 15см, 17см, 8см болатын үшбұрыштың қысқа биіктігін тап.



Үйге тапсырма:Егер үшбұрыштың қабырғалары: 1) 6,8,10; 2) 5,6,7; 3) 9,12,15; 4) 10,24,26; 5)3,4,6; 6) 11,9,13; 7) 15,20,25 болса, ол тік бұрышты бола ма, соны анықта.

Қорытындылау

Бағалау: Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.

Геометрия, 8 сынып

Сабақтың реті 31

Күні


Сабақтың тақырыбы: «Төртбұрыштар». «Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары

мен бұрыштарының арасындағы байланыстар».

Бақылау жұмысы

Мақсаты: «Төртбұрыштар». «Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары

мен бұрыштарының арасындағы байланыстар»

тақырыптары бойынша алған білімдерін тексеру.

8сынып, геометрия

Сабақтың реті: 32

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс. Есептер шығару.



Мақсаты: І-ші жартыжылдықта өткен тақырыптар бойынша қайталау жұмыстарын жүргізу.

Формулаларды дұрыс та ұтымды қолдану дағдыларын қалыптастыру

Өздігінен жұмыс істеу, логикалық ойлау қабілеттері дамыту.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа қызығушылығын тудыру, ынталандыру

Оқушыларды түгендеу



  1. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру.

  2. Бақылау жұмысының нәтижелерімен таныстыру, жіберілген қателерге қысқаша түсініктеме беру, коррекциялау.

  3. Қайталау сұрақтары:

Төртбұрыштардың қасиеттері

Төртбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы

Ромбтың диагоналінің қасиеті

Пифагор теоремасы

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының қатынастары

Есептер


Тіктөртбұрыштың қабырғаларының қатынасы 4:3-ке тең. Оған сырттай сызылған шеңбердің радиусы 10 см. Тіктөртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 13м, ал табаны 10 м-ге тең. Үшбұрыштың биіктігін табыңдар.

Тең бүйірлі трапецияның табандары а және в, бүйір қабырғасы с. Диагоналін табыңдар.

Ромбтың қабырғасы 13дм, ал диагональдарының бірі 24дм. Екінші диагоналін табыңдар.

Үйге тапсырма: §9, Теорема 21,22 . Дәлелдеу.

Қорытындылау

Бағалау

Геометрия, 8 сынып, 3 тоқсан

Реті:33

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Перпендикуляр және көлбеу. Египет үшбұрышы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Перпендикуляр және көлбеуді білу. Египеттік үшбұрыш жайлы мағлұмат беру, есеп шығару .

Дамытушылық: есте сақтау, зейін қою, өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ:

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Тік бұрышты үшбұрыш бойынша формулаларды қайталау, қарапайым есептер қарастыру.

  3. Анықтамалары мен ережелерін сұрау.Египеттік үшбұрыш ұғымын есеп арқылы түсіндіру

  4. Үйге тапсырма беру

  5. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

Сұрақтарға оқушылар жауап береді:

     



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет