(Пифагор теоремасы)
Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты катеттерінің квадраттарының қосындысына тең, яғни
АВС тікбұрышты үшбұраышының бір бұрышы: С бұрышы –тік, с-гипотенуза, а,в – катеттер, ал а1 және в1 катеттерінің проекциялары болса
Есептер шығару кезеңі:
Есеп.
Егер үшбұрыштың қабырғалары а,в,с болып, және де а2+в2=с2 болса, онда с қабырғасына қарсы жатқан бұрышы тік болатындығын дәлелдеу керек.
Шешуі: Айталық АВС – берілген үшбұрыш, ал АВ=с, АС =а, ВС=в болсын. Катеттері А 1В 1=а және В 1С 1=а болып келген тік бұрышты А1В1С1 үшбұрышын салайық. Пифагор теоремасы бойынша оның гипотенузасы А1 В1= =с болады. Сонымен АВС мен А1В1С1үшбұрыштары үшінші белгі бойынша тең. Үшбұрыштардың теңдігінен АВС үшбұрышының С төбесндегі бұрышының тік екндігі шығады.
Ежелгі мысырлықтар жер өлшегенде мынадай тәсілді қолданған: жіпті түйін салып тең 12-ге бөлген де, ұштарын біріктіріп байлаған. Содан кейін қабырғалары 3,4 және 5 бөлікке тең (египеттік үшбұрыш) үшбұрыш шығатындай етіп жіпті жердің бетімен керіп тартады. Сонда үшбұрыштың 5 бөлік қабырғасына қарсы жатқан бұрышы тік болады.
Үйге тапсырма беру: Египет үшбұрышы
Қорытындылау, бағалау
Геометрия, 8 сынып, 3 тоқсан
Реті:34
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Перпендикуляр және көлбеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Перпендикуляр және көлбеуді білу
Дамытушық: есте сақтау, зейін қою, өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру
Үй тапсырмасын тексеру: египеттік үшбұрыш
Жаңа тақырып беру.
Практикалық кезең:
Үйге тапсырма
Қорытындылау, бағалау
Сабақтың барысы: жаңа тақырып
Пифагор теоремасынан мынандай салдар шығады: егер де бір нүктеден түзуге перпендикуляр және көлбеулер жүргізілген болса, онда көлбеулердің қай-қайсысы да перпендикулярдан үлкен болады, тең көлбеулердің проекциялары да тең болады, ал екі көлбеудің қайсысының проекциясы үлкенболса, сонысы үлкен болады.
Есеп.
АВС үшбұрышының АВ қабырғасынан х нүктесі алынған. Сонда СХ кесіндісі АС немесе ВС қабырғаларының кем дегенде бірінен кіші болатынын дәлелдеу керек.
Шешуі: Үшбұрыштың СД биіктігін жүргіземіз. Қай жағдайда да ДХ кесіндісі не АД-дан, не ВД-дан кіші болады. Бір нүктеден жүргізілген көлбеулердің қасиеті бойынша бұдан шығатыны СХ кесіндісі не АС не ВС кесінділерінің кем дегенде біреуінен кіші болады.
Есептер шығару кезеңі: а)Практикалық кезең: №№21, 25 (Погорелов)
Үйге тапсырма: Оқу, есеп №24
Қорытындылау, бағалау
Геометрия, 8 сынып
Реті:35
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Перпендикуляр және көлбеу. Үшбұрыш теңсіздігі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үшбұрыш теңсіздігін білу
Дамытушылық: Теориялық білімдерін есептер шығару барысында дұрыс қолдана білуі.
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру
2. Үй жұмысын тексеру /тақтамен жұмыс/
Өткен сабақта алған білімдерін қолданып жаттығулар орындау:
Египеттік үшбұрыш
Перпендикуляр және көлбеу
Жаңа тақырып беру
Практикалық кезең
Үйге тапсырма
Қорытындылау, бағалау
Сабақтың барысы: Қысқаша қайталау.
Сұрақтарға оқушылар жауап береді:
Жаңа тақырып:
Достарыңызбен бөлісу: |