1.6.Техникалық нивелирлеу
Топографиялық жұмыстар жүргізу кезінде түсіру пункттерінің биіктері техникалық нивелирлеу арқылы анықалады. Техникалық нивелирлеу сондай-ақ, инженерлік құрылыстарды, темір жолдар мен тас жолдарды жобалау, құру және профиль сызудан тұрады.
Трассаны белгілеуден қатар, трасса осіне перпендикуляр бағытта түсірілетін нүктелерде бекітіледі. Мұндай түсірулерді кесе-көлденең нивелирлеу деп атайды. Көлденең профильдердің ұзындығы 20-25м-ге дейін жетеді.
Трассаны белгілеу кезінде пикеттің журналы жасалып, оған бекітілген барлық нүктелер салынып, жер ерекшеліктерінің схемасы жасалынады.
Трасаның қисық сызықпен кездесетін нүктесін қисықтық басы, аяғын-қисықтық радиусі техникалық нормалар бойынша алынады,ал қисықтық қалған элементтері мына формулалар бойынша
немесе арнаулы қисықтарды бөлу кестесі арқылы анықталады.
Нивелирлеу бір бағытта орындалады. Рейкалар бойынша есептеулер тек қана ортаңғы жіптен алынады. Әдеттегі екі жақты рейкаларды қолданғанда станциядағы жұмыс атқару реті төмендегідей болады :
Артқы рейканың қара және қызыл жақтарын есептеулер алу;
Алдыңғы рейканың қара және қызыл жақтарынан есептеулер алу
Аралық нүктелердегі рейканың тек қара жағынан есеп алу.
Станциядағы салыстырмалы биіктіктің айырмашылығы екі немесе біржақты рейкаларды қолданғанда 4 мм-ден аспауы тиіс.
Жүрістердегі қателік мм-ден аспауы керек,мұндағы L-жүрістің км-лік ұзындығы.
Нивелирлеу кезіндегі жұмыс атқару реті 64-суретте, ал есеп алу нәтижелерін журналға жазу және өңдеу 12-кестеде көрсетілген. Рейкадан есеп алу тәртібі кестеде жақша ішінде берілген.69-суретке сәйкес невилирді 0 мен 1-пикет араларына орналастырылады. Аспапты жұмыс жағдайына келтіріп, дүрбіні соңғы нүктеге нысаналайды да,рейканың қара жағынан 0515(1) (12-кесте) есебін алады, содан кейін дүрбіні алдыңғы нүктеге нысаналап, рейканың қара жағынан 1645 (2) есебін алады. Есептеулерді нивелирлеу журналына енгізеді. Осыдан кейін рейкалардың қызыл жақтарын бақылаушыға қарай айналдырады, бұл кезде бақылаушы 6333(3) және 5304(4)есептеулерін алады. Қара 0615-1645=1030(5) және қызыл 5304-6333=-1029(6) есептеулерінің +4мм-ден аспауы тиіс.
Бұдан кейін артқы рейкашы №1 пикетке, ал бақылаушы 2-станцияға көшеді,№0 пикетте тұрған рейкашы рейканың қара жағын невилирге қарай қаратады. Невилирді горизонталь жағдайға келтіргеннен кейін рейканың қара жақтары бойынша есептеулер алынады; ал соңғы 1330(7) және алдыңғы 1667(8) рейкалардың қызыл жақтарын бақылаушыға қаратқаннан кейін,бақылаушы 6346(9) және 6017(10) есептеулерін алады. Осыдан кейін салыстырмалы биіктік қара 1390-1657=-327 және қызыл 6011-6346=-329 есептеулермен шығарады да, айырмашылығы +4 мм-ден аспайтынына көзі жеткеннен кейін орташа салыстырмалы биіктік- 328-ді тауып, оны 9-графаға жазады. Одан кейін №0 пикетте тұрған рейкашы +20 аралық нүктеге көшіп , оған рейканы +20 аралық нүктеге көшіп, оған рейканы қойып, қара жағын нивелирге қаратады. Бақылаушы рейкадан 0681(1) есебін алады. Аралық (+20) нүктеден рейкашы №2 пикетке көшеді, бақылаушы нивелирді 3-станцияға апарады, ал №1 пикетте тұрған рейкашы рейканың қара жағын бақылаушыға қаратады және т.с.с. жалғаса береді.
Әр станциядағы жұмыс салыстырмалы биіктігі есептен шығарумен және оларды 3-кестенің 9-графасына жазумен аяқталады.Бақылаушы есептеулер мен есептен шығарулардың дұрыстығына көзі жеткенде ғана стансаны тастап, келесі стансаға көшеді.
Достарыңызбен бөлісу: |