Қантты диабет кезінде түздар мен судың алмасуы бұзылады. Бұл кезде калий иондарының алмасуы қатты бұзылады, оның жасуша ішіне тасымалдануы баяулайды. К+ иондары жасуша сыртында және қанда жиналып қалады. Артынан К+ несеппен көп шығарылуынан оның қандағы деңгейі төмендейді. Сонымен бірге қантты диабетпен ауыратын адамдардың несебінде натрий иондары көбейеді. Несепте глюкозаның, кетондық денелердің, азоттың, натрий мен калий иондарының деңгейлері көтерілуі организмнен судың көптеп шығуына әкеледі. Сондықтан қантты диабет кезінде тәулігіне 8-10 л несеп шығарылады. Қантты диабеттің нәтижесінде:
√ көз бұршағының бұлыңғырлануы (катаракта);
√ көздің торлы қабығына қан құйылудан көз көрмей қалуы;
√ бүйрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігі; 20
майын тағамда азайтуға бағытталуы қажет. Бұл диабет кезінде дұрыс емдәм қабылдау және шамалы физикалық жүктемелер қолдану арқылы дерттен айығуға болады. Ол болмаған жағдайда қанда қанттың деңгейін төмендететін дәрілер (Акарбоза, Глибенкламид, Глиболит, Глимепирид, Глюкофаж, Глюкованс т.с.с.) тағайындалады. Бұл дәрілердің әсер ету жолдарында инсулин рецепторларының сезімталдығын көтеруі, бауырда глюконеогенездің тежелуі, жасушалармен глюкозаның пайдаланылуы артуы, ішектерде көмірсуларының сіңірілуі азаюы маңызды. Кейбір зерттеулердің нәтижесінде бұл дәрілер (глюкофаж) антиокси-данттық әсер етіп, жасушалардың мембранасында еркін радикалды тотығу үрдісін тежейтіні белгілі болды. Осылармен бірге қанда холестериннің деңгейін азайтатын дәрілер тағайындалады√ аяқ басы мен башпайларда трофикалық ойық жаралар мен гангрена дамуы; √ аяқтарда ауыру сезімі мен терінің сезімталдығы жоғалуымен көрінетін нейропатиялар; √ импотенция - сияқты ушығулар пайда болуы мүмкін. Атеросклероз, артериалық гипертензия және семіздік бұл ушығулардың пайда болуын тездетеді және ауырлатады