Бақылау сұрақтары:
Аксиология – құндылықтар ілімі туралы мағлұматтар бер
Тұлға, тұлғаның мәдениеті,дүниетанымы, көзқарасы
Негізгі әдебиеттер:
1. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин-тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с.
2. Кукушкин В.С. Введение в педагогическую деятельность: учебное пособие.-М.-2005-256с
Қосымша әдебиеттер:
3. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов педагогических ВУЗов: в 2 кн.- М.: Гуманит.изд.центр-Владос, 1999.- Кн.1:Общие основы.-576с.
4. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Оқу құралы.-Алматы: 2006.- 480с.
5. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования.- М.: Просвящение, 1990.- 141с.
Тақырып 1.14. Қазіргі заманғы білім берудің даму жағдайлары
Дәріс мақсаты: Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесінің маңызын көрсету
Тақырыпқа арналған сұрақтар:
Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесінің күйі
Білім беру жүйесінің алға қарай дамуы
Білім беру ісінде қазіргі кезеңдегі өзгерістер
Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесінің жай-күйіне жасалған талдау оның әлемдік деңгейге де, сондай-ақ көкейкесті практикалық қажеттілікке де сай еместігін дәлелдеп отыр. Біздегі бұрынғы білім беру жүйесіне шектен тыс идеологиялық тәуелділік пен кәсіптік бағдар тән еді. Қоғамдық пәндер саласында көбінесе адам табиғатын, оның өмірлік мүдделері мен қажеттіліктерін, шынайы мәдени құндылықтарын тиісінше ескере бермейтін ғылыми білім үлгілеріне бағыт ұстанылған еді. Білім беруді бір ізге салу, жаттанды қағидалар мен қалыптардан таймау, әлемдік өркениеттен оқшаулану рухани өмірдің жұтаңдауына әкеліп соқты.
Еліміздегі білім берудің жағдайын талдай келе, оның ілгері дамуына кедергі жасайтын төмендегідей проблемаларды көруге болады:
- қоғамымызды демократияландыру процесіне байланысты туындайтын проблемалар;
- авторитарлы педагогикадан ізгілікті педагогикаға ауысу жағдайында кездесетін проблемалар;
- білім берудің ұлттық моделін құрастыруға байланысты проблемалар;
- білім берудің жаңа парадигмасын анықтауға байланысты туындайтын проблемалар;
- білім берудің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануға байланысты проблемалар;
- орта балаға бағдарланған оқытудан жекелей, тұлғалық-бағдарланған оқытуға ауысудағы проблемалар;
- білім беру сапасына қатысты проблемелар;
- білім беру мазмұнын анықтаудағы проблемалар (оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар);
- білім берудің қоғамның құндылығы ретінде маңызының төмендеуі;
- жастардың тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі анықтауына мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі және т.б.
Сондықтан, қоғамымызда білім берудің мемлекеттік, қоғамдық, тұлғалық құндылығы ретінде маңыздылығы төмендеді. Бірақ та мемлекет тарапынан жасалып жатқан реформалар қазіргі күні елімізде білім берудің маңыздылығының артып келе жатқанын байқатады. Мемлекет тарапынан білім беру ісіне қолдау көрсетіліп, оны әлемдік кеңістікке интеграциялау, халықаралық стандарттарға сәйкестендіру сияқты игі іс шаралар жүргізілуде.
Білім беру ісінде қазіргі кезеңде үлкен өзгерістер жүруде:
• Білім беру жүйесінің жаңа ұлттық моделін құрастыру;
• Білім беру ісін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;
• Халықаралық білім беру жүйесіне интеграциялану;
•Білім беруді ақпараттандыру, компьютерлендіру, технологияландырыу және т.б. іс-шаралар мемлекет тарапынан көтеріліп жасалуда.
Достарыңызбен бөлісу: |