Глоссарий Білім беру философиясы



бет11/21
Дата31.01.2023
өлшемі275 Kb.
#166923
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
Глоссарий

Педагогикалық іс-әрекет – аға ұрпақтың жас ұрпаққа адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені беруіне бағытталған, олардың тұлғалық дамуына жағдай жасап, қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольдерді орындауға дайындайтын әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі.
Педагогикалық іс-әрекет дамудың шарты мен негізі ретінде оқушылардың пәндік, әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеруіне бағытталған оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсіндіру үшін оның құрылымына талдау жасау қажет. Педагогикалық іс-әрекетті іс-әрекеттің мақсаты, мотивтері, әрекеттер (оперативтер), нәтиженің бірлігі ретінде көрсетуге болады. Төменде педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктері көрсетілген:
Сызба 2. Педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктері

Педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктерінің бір бөлігі – мақсат. Мақсат – педагогикалық іс-әрекеттің жүйе құрушы факторы ролін атқарады (А.Н. Леонтьев). Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты іс-әрекеттің мазмұны, әдіс-тәсілдері, нәтижесін анықтайды, олар тікелей мақсатқа тәуелді.


Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсаттарын жүзеге асырумен байланысты. Бүгінгі уақытта тәрбиенің негізгі мақсаты – үйлесімді дамыған жан-жақты тұлғаны қалыптастыру.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – ол тарихи құбылыс. Ол әлеуеметтік даму қарқынына байланысты өзгеріп отырады. Ол қоғамдық дамудың объективті тенденциясы ретінде пайда бола отыра, қоғамның қажеттіліктеріне қарай педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны, формасы және әдістеріне сәйкестендіре отырып, ең жоғары мақсатқа жетудің кезеңдік бағдарламасы құрастырылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі функциональды бірлігі –педагогикалық әрекет. Педагогикалық әрекетті мақсат пен мазмұнның біртұтастығы ретінде түсіндіруге болады.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәні – мақсат, мотив, әрекет, нәтиженің біртұтастығында, ондағы мақсат жүйе құрушы сипатқа ие болады (А.Н.Леонтьев).
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет қоғам арнайы ұйымдастырған келесі мекемелерде жүзеге асады:
• Мектепке дейінгі білім беру мекемелері;
Орта білім беру;
• Орта арнаулы оқу орындары;
• Жоғары білім беру;
Қосымша білім беру;
• Біліктілікті арттыру және қайта даярлау.
Педагогикалық іс-әрекеттің өнімділік деңгейлері (Н.В.Кузьмина бойынша):
1-деңгей – продуктивті емес – педагог өз білгенін өзгелерге айтып бере алады;
2-деңгей – аз продуктивті – бейімделуші, педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігне бейімдей алады;
3-деңгей - орташа продуктивті – педагог оқушыларды курстың әр бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету стратегияларына ие;
4-деңгей – продуктивті – жалпы пән бойынша оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын жүйелі қалыптастыру іскерліктерін меңгерген;
5-деңгей – жоғары продуктивті – педагог оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін құралдарын меңгерген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет