Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»



бет11/11
Дата23.10.2016
өлшемі4,68 Mb.
#57
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

СУХАМБЕРДИЕВ МУКТАСЫН

член Союза Журналистов Казахстана



ДИНАСТИЯ ПРОДОЛЖАЕТСЯ

Отцу Табына Оржанова в этом году исполнилось бы сто лет. Он ровесник нефтяной промышленности Казахстана. Именно тогда, век назад, он, как и многие другие разорившиеся кочевники и рыбаки, пошел работать на промыслы нефти в Доссор. Приняли его на работу, стал он извозчиком. Перевозил нефть в бочке, установленной на телеге. Другого транспорта тогда не было. Дорога пролегала по степи до морской пристани Ракуша. А зимой караваном приходилось ездить аж до самой Астрахани. Много людей повидал Капан, многое понял. В частности, то, что нефть дает тепло и жизнь и она очень нужна людям. Окончил ФЗО (тогдашнее ГПТУ) и стал помощником бурильщика, а потом и бурильщиком. Уже в качестве высококвалифицированного нефтяника он участвовал в открытии и освоении месторождений «Мунайлы», «Кульсары», «Тулес», «Байчунас», «Нармонданак», «Каратон».

За добросовестный и самоотверженный труд нефтяник был награжден сначала несколькими медалями, потом - орденом Трудового Красного Знамени, а перед пенсией еще и высшей тогда наградой - орденом Ленина.

А своим сыновьям, что подрастали у него, Капан передал любовь к труду и высокое чувство уважения к почетной профессии нефтяника. Эта профессиональная стезя была определена для них с детства.

Старший сын-Табын учился хорошо. Сдал экзамены в Московском нефтяном институте имени Губкина и закончил его с отличием. Ему не пришлось возить по степи мазутные бочки. Но не сразу после института он стал инженером. Сначала пришлось поработать оператором, потом мастером на промысле Каратон, который открывал его отец. Знаний достаточно дал институт; опыт приходил с годами, а любовь к своему делу была передана отцом. И шел Табын неспешно, но уверенно по ступенькам служебной лестницы, рядовой горный инженер, начальник отдела, главный инженер НПУ «Каратон»... Весь его путь сопровождался повышением уровня добычи нефти там, где ему довелось быть исполнителем или командовать.

Молодого энергичного инженера заметили и в числе лучших направили на нефтяную целину - Мангышлак. Сначала глав¬ным инженером, а потом начальником нового НГДУ «Жетыбай- нефть».

Руководитель хорошо зарекомендовал себя на новом промысле, и, когда началось освоение Тенгиза, о нем снова вспомнили. Назначили Табына Оржанова начальником центральной инженерно-технологической службы уже целого объединения «Тенгизнефтегаз».

Здесь буквально пришлось переучиваться. Нужно было осваивать приемы добычи трудной подсолевой нефти. Всерьез увлекся он тогда и экономикой: работал начальником коммерческого отдела и внешнеэкономических связей. Этот опыт пригодился ему, когда он был назначен инженером отдела транспорта нефти Западного филиала «Казтрансойла». Богатое знание очень разных по своим физическим и химическим качествам нефтей Мангышлака помогло Оржанову делать бесперебойным поток нефти по многочисленным трубным трассам, а свой практический опыт он закреплял многими рационализаторскими предложениями и новациями, внедряемыми на промыслах и трубопроводном транспорте. Миллионы государственных средств были сэкономлены при его непосредственном участии. Да и долголетие разработки во многом прямо зависело от него лично.

Сейчас среди многих наград и титулов у Табына Оржанова есть и такая, которая прямо напоминает о возрасте, о необратимости времени: «Ветеран труда». Но повода грустить нет. Как и отец, он передал свою эстафету в надежные руки, и уже третье поколение Оржановых стало нефтяниками. Сын Есенжан работает заместителем начальника управления по реализации нефтепродуктов в АО «Мангистаумунайгаз». Второй сын Сабыржан - старший инженер в уральском управлении «Казтрансгаз». Дочь Кулайса - менеджер нефтяного СП.

Табын Оржанов продолжает работать в «Казтрансойле». Ну а в семье одной из главных тем разговора, как и в прошлом поколении, остается нефть. В частности, говорят о большом будущем нефти каспийского шельфа.

Но это уже дело внуков, которые наверняка продолжат традиции нефтяной династии Оржановых.

VIбөлім

Бар сөздің байламы

Бар нәрседе байлам болу керек, біз де сол межеге жеттік. Басталған әңгіменің түйінін осы жерде түйіндеп, нүкте қоймақшымыз. Әрине, бұдан біз Оржановтар әулетінің бар сырын ашып тастадық, өз биігінде көрсеттік деген түйін түймейміз. Өзіңді өзің танып біле алмай жүргенде басқа болмысты танып, жан дүниесін ашып тастадым деу ағаттық, сосын, ақымақтық болар. Оның үстіне біздің алып отырған «тақырыбымыз» әулет, ордалы от басы. Олар туралы том-том кітап жазылса да бар сыры ашылып, бар әңгіме бітпек емес.

Менің Табын Қапанұлымен, оның от басымен танысуым табан астынан болды. «Мұнайшы» қорының атқарушы директоры Сайлау Жылқайдаров инженер Табын Оржанов туралы мақтау сөзін төгіп-төгіп алды да, «осы кісі туралы кітап жазу керек» деді. Мен: «Аға, мақтауын жеткіздіңіз, ал енді, соған ылайық «атағы» қайда?» дедім. Менің де түсінігім ескіше, әрине. Кеңестік Үкіметтен қалған қағида ғой, «профессионал инженер!» деген аз болып, орден мен медаль іздеп тұрғаным. Сайлау аға сәл тосылыңқырап қалды да:

- Шырағым, адамның адамдығын анықтайтын орден мен медаль емес, ақшаң болса қазір бәрін бір күнде сатып алуға болатын болды ғой. «Адамды адам еткен-еңбек» дегенді Энгельстен бұрын менің жерлесім Қожа Ахмет Яссауй данышпаныңыз айтып қойған. Енді сол еңбекке ұят, ар, намыс дегенді қосып қойыңыз,- деді, маған тіктеу қарап. -Ал, Табын Қапанұлында осылардың бәрі бар: еңбек, адалдық, ұят, кәсіби инженер...не керек, бір өзінде толып жатқан жақсы қасиет бар...Жазуға, ел жұртқа танытуға әбден тұрарлық. Шырағым, одан да тарт Маңғыстауға! Сол Маңғыстаудың Оңайгүл деген ақын қызы бар, сол айтады:

Ақтауым қасиетті елді мекен,

Сағынбай сені қалай жүрдім екен.

Мақтайды елдің бәрі Алматыны,

Ақтауды сол Алматы көрді ма екен?!

-деп.

Бұрын көріп пе едің Маңғыстау мен Ақтауды өзің -деді.



- Көрдім, ағасы. Сол ақын кызыңыз алып барып, аралатып еді бір кезде,-дедім. «Шын ба?» дегендей бетіме тағы да тік қарады.

- Шырағым, ол кезде жас болдың, енді басқа көзбен қарап кел.

Аға сөзін ардақ тұтып, ертеңіне Маңғыстауға ұштық.

¥шақ көк бауыр бұлттармен араласып, биікке шығып кетті. Көңілде көп түйткіл. Бұрын кезікпеген, білмеген адамдармен кездесу деген де қызық бір құбылыс-ау!

Терезеден ауық-ауықтөменге қарап қоямын. Бір Қазақстанның ішінде сағатына мың шақырымды алатын алып ұшақ үш сағат ұшып келеді. Керемет емес пе?! Осынша жерді ата-бабам «аттың жалы, түйенің қомында» жүріп, Махамбетше айтсақ:

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңкеу-еңкеу жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала,

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық шөл көрмей,

Арып-аршып жол көрмей,

Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей,

¥лы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темірқазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!

Пах-пах! Әй, шіркін-ай, Адамның рухын көтеріп, намысын осылайша қайрайтын қазақта Махамбеттей ақын бар ма екен?!

Міне, бабаларымыз Алтай мен Атырау, Есіл мен Жайық арасын тебінгілері теріге шіріп, терлігі майша еріп, құрт малтасын ас қылып, жас баласы жат болып, ат үстінде күн көріп, бүгінгі «Қазақстан мемлекеті!» деген алып аймақты осылай қорғаған, сақтаған. Сол бабалар қасиетін бірде ұғып, бірде ұқпай, өзіміз болып, өзіміз толғандай тәкаппарланатынымыз бар кейде. Кез келген жерін түртіп қалсаң байлыққа тұнып тұр. Жердің үсті емес астының байлығының өзі бар қазақты алтынмен аптап, күміспен күптеп қоюға жетеді. Тек, ұқсата алмай жатқан өзіміз...

¥шақ төмендеп келеді. Ақтауға жақындаған сайын жер бедер! де түрленіп барады. Дүлей жел мен аптап ыстықтың, көсіле соққан керімсалдың жер бедеріне салған «творчестволық» еңбегін көргіңіз келсе шынында да Маңғыстауға келу керек екен. Ойпат- ойпат, жыра-жыра, жылға-жылға. Тәпелтек таулар, қатпар-қатпар, әр қатпары әр түсті. Адам бойының күретамырындай болып жыра-жыралар, иір-иір болып, бір-біріне жалғасып жатыр. Үстірт үсті жалаң, тек теріскей бетінде ғана аздаған қырбық қар көрінеді. Бұл биылғы қыстың жылы болғанын баяндап түр.

...Үстірт! Жарық дүниенің небір оқиға-тарихын ішіне бүгіп үнсіз жатыр. Тосыннан тіл бітіп сөйлей кетсе ғой, небір сұмдықтың беті ашылып, адамзат ұятқа калар ма еді, кім білсін?! Әлде небір біз білмейтін ерлік-дастандар айтылып, елін-жерін жаудан қасық қаны қалғанша қорғаған Ерлер есімі ашылып, қазақтың рухы аспандар ма еді?! Бірақ, бір білгені бар шығар да, әйтеуір, Үстірт үнсіз!

Құмдар...

Құмдар...

Тау құмдар, қырат құмдар!

Қаншама керуенді шулаттыңдар,

Қаншама өзендерді суалттыңдар,

Қаншама ғасырларды ұзаттыңдар...

Шағылда бірін-бірі сүйеп өлген,

Шалғайда көшкен-ау жұрт түйелермен.

Берекеңнен айналдым, беу, қазақ-ай!

Соншама сахараны иеленген.

Сомолеттің астында мидай далам,

Сағым болып самғайды,

Қимайды адам...

Кез келген өңіріңде қолтаңбаң бар,

Керуеннің ізімен шимайланған.

Бүны ақын Мұқағали айтады. Менің айтсам деп жүрген ойым еді, әттең, менен бұрын айтып қойыпты, ақиық ақын! Нағыз ақындар осылай сан соқтырып қояды. Олар құдірет! Ақындар мүлгіп бара жаткан ойыңды оята айтады, қалғып бара жатқан қиялыңды серпілте айтады. Нағыз ақын осылайша, құйғынша сорғаласа керек-ә!

¥шак Ақтауға қонды. Бір бірімен қауышып жатқан адамдар. Жан-жағыма, қарайлаймын, Табын ағамды іздеймін. Бір кезде қалбалақтап келіп хал сұрап, елпелектеп барып амандасып жатырмыз. Іштей: «менің әкеме ұқсайды екен, жақсы адам болар...» деп қоямын. Амандықтың арты таныстыққа, таныстықтың соңы білуге ұласа берді. Әуелгі танысқаным Табын ағаның жары Оңай апа мен немересі Асқар болды. Әңгіме үстінде Оңай апа:

- Ағаңның үйі осы, бізден басқалар үш қабатты үй салып, мұндай пәтерлерін жастарға қалдырып кеткен. Ағаң қызмет істегенде де бай болған емеспіз, көлденең табыссыз ол кезде ешкім айлықпен бай бола алмайтын, таза жүріп, таза тұрды. Балалар өз күшімен оқуға түсіп, жұмыс тапты. «Әкенің малы балаға мал болмайды, өздерің табыңдар дүниені. Оданда оқыңдар, оған көмектесемін, барымды саламын»- дейтін, ағаң үнемі. Құдайға шүкір, сол айтқаны болды, балаларға бір-бір диплом алуларына көмектестік, қалған жетістіктерге өздері жетті. Ағаңда ақшадан басқаның бәрі болды, жұмысында абыройлы, беделді болды, көп шәкірттер даярлады..,- деді Оңай апа ағынан ақтарылып.

Біздің ойымызға еріксіз Эйнштейн әйелінің сөзі түсті:

Бірде Эйнштейн әйелінен бір журналист: «Күйеуіңіз жөнінде не ойлайсыз?» - деп , сұрағанда:

- Е, ол деген ұлы адам ғой. Ақшадан басқаның бәрін жасау қолынан келеді,-деген екен күрсініп.

Бірақ, Оңай апа күрсінбейді, балаларының бәрі білдей-білдей мұнайшы- бизнесмен, тұрмыста таршылық көрген жері жоқ. Ол үшін, балаларының несібелі болғанына Оңай апа мен Табын аға жаратушыға алғысын айтып, жеті шелпегін пісіріп, әруақтарын еске алып отырады.

Біз сол жолы Табын ағаның жолдастарымен, әріптестерімен, шәкірттерімен сөйлестік, пікір алыстық, олардың бәрін үнтаспаға жазып алдық. Не керек, бала сияқты елпендеп алдымнан шыққан Табын ағаның шын бейнесі, адамдық болмысы айқындалып- білімді инженер, білікті басшы, әділ, шыншыл адам тұлғасына айналып бара жатты. Риза боласың, сүйсінесің. Жібі түзу адам екеніне көз жеткізіп, жазылар кітаптың «бас кейіпкері» болуға ылайықты, «Айға қолын созады екен кез келген» емес, оның атқарған ісін ұялмай жастарға үлгі, көпке өнеге етуге тұаралық екенін мойындайсың.

Бізде бір жаттанды, қалыптасқан қағида бар, кітап жазылуы үшін ол адам басынан бәшпайына дейін атақ пен даңқа бөленіп, көміліп тұруы керек. Ол шын берілген атақ па, әлде дақпырт па, ешкім ара жігін ажыратып жатқан жоқ. Абай айтқандай «көп айтты болды, надан адамның тірлігі» болып шыға келеді. Ал, ел арасында, халық ортасында үндемей жүріп елеулі шаруа бітіріп, халық, ел үшін қыруар шаруа атқарып жатқан жандар бар екенін ескеріп, елемейміз. Жапа тармағай әлгі «атақтылардың» шылбырына жармаса береміз.

Әсіресе, адамдық қасиеттің асыл құндылықтарын бойына сіңірген, ұят дегеннің ұялы жері сол халық ортасы екенін мойындай қоймаймыз да, биліктің басында, сол маңайда жүрген пысықайларды одан әрі дәріптеп, көкке көтереміз. Бұл біздің осал, тексіз тұсымыз. Бұл жолы «Мұнайшы» қоғамдық қоры қалың елдің ортасында жатқан, қарапайым қазақ, асырып-тасырып айтатын атақтары болмағанмен қазақ мұнайын игеріп, халық игілігіне асыруда өлшеусіз үлес қосқан, білімді инженер Табын Қапанұлы Оржановқа жөн сілтеді бізге.

Қызық. Өмірдің өзі кереғар дүниеден тұра ма деп ойлайсың, кейде. Әйтпесе, қараңызшы, Табын аға өмір бойы өзіне жүктелген қызметті адалынан атқарды. Таңның атысы, күннің батысына дейін бас инженерліктің жұмысын кабинетте отырып емес кәсіпшілікті аралай жүріп, кеткен кемшілікті дер кезінде көзімен көріп, шара қолданып, жұмысшы қолы жетпей жаттса араласа кетіп, не керек, мен бастықпын деп екі қолды қалтаға салып, шіреніп тұрмай, адамша басқарды. Инженерлік табыстары да аз емес, «газлифт» әдісі, «ыстық май» тәсілі, ыдыстағы мұнай деңгейін лазер-сәулесімен өлшеу... жаңалықтарын алғаш өндіріске енгізген маңғыстаулық мұнайшылар болды. Бұл істің басында бастамашы болып инженер Табын Қапанұлы тұрды. Ол бүның бәрін өзі айтқандай: «шырағым, сол атақ туралы мен ойламаппын да. Инженерлік мамандықты жақсы көремін... жоспар орындап, абыройды түсірмеуді ғана ойладық кой...» деп, жұмыстың жүргенін, мұнайшылар бейнетін азайтып, мол өнім алу үшін атқарды, соны ойлады.

Бірақ...бірақ... мәселенің бэрі осы «бірақтың» астында жатыр. Ел байлығын молайтуға осыншама үлес қосқан адамға мемлекеттің назары неге бір рет болса да түспеген? Неге? Бұл сұраққа өзіміз жауап таппаған соң Табын ағаның әріптестеріне, қызметтес болған замандастарынан сұрадық. Мысалы, әрі мұнайшы, әрі мемлекет қызметінде көп болған Бекбосынов Нұрлыхан аға: «партия кінәлі... жоғарыдан тапсырма аламыз, бес мұнайшыға «Еңбек Қызыл Ту» орденін, он бұрғышыға «Күрмет» орденін... тағысын тағылар, осылай деп нұсқау келеді. Ал бастықтарға орден мен медаль аз беріледі, олар тек «тоқпақ» жейді, міне, солай Тәкең ала алмай қалған. Әйтпесе, нағыз орден мен медалдың иесі біз емес Табын Қапанұлы болатын...», десе, Хасанов Толеген: « ... арақ ішпеді, темекі тартпады...өзі кінәлі, ешкімге жағына алмады, өтірік айтып, алдай-арбай алмады...» дейді. Сұмдық-ай, дейсің, қандай қоғамды басымыздан өткергенбіз. Марапат алу үшін арақ ішіп, бастықтармен араласып, «дос» жинап, жолдас арттыру керек екен. Сонда ғана оған қол жеткен.

Ал, әріптес болған Мұратов Ибрагим аға: «...бастықтар қайда қарап отырды, қол астындағы адамдардың еңбегін елекке салып, таразылап отыратын солар емес пе? Алдыма келді деп, арсыздарға бере берген бе?... Қысқасы, Табынды мен сол орден мен медалді алмағаны үшін де құрметтеймін. Ол сондай адам, ешкімге ұқсамайды. Есіңізде болсын, орден мен медаль бұрын өзіңде жоқ абырой мен беделді әпермейді, әкелмейді. Мен Сізге Қадыр ақынның бір өлеңін оқып жіберейінші, дөп келеді :

Ең алдымен өзің үшін анықта:

Құлақтарың ақиқатқа қанық па?!

Анау сыйлы,

Анау үлкен орында

Торғайдай боп көрінесің халыққа.

Айналайын,

Өмір деген көрмеде

Орын тарлау ездер түгіл ерге де.

Бір құдірет отырғызып қойғанмен,

Саған салмақ бітпей қойды төрде де!

Ауылдас бір бала едің сен кекілді,

Аяқ асты тиді саған өкілдік.

Үстіндегі анау шенді шекпен де-

Сенікі емес- Өзгенікі секілді.

Ырысы ма ана менен баланың,

Сен әйтеуір мықтысысың қаланың.

Анау ойсыз,

Анау отсыз көбенен,

Ойнап жүрсің ролінде дананың.

Сен туралы айтылады сөз ұдай.

Сөз дегенің атқа тиген божыдай.

Атағың бір алтын аула,

Ал затың


Сол аулаға байлап қойған қозыдай.

Оқасы жоқ,

Көктем өтіп,

Күз өтіп,

Таусылады жұрттың жалған ізеті.

Өмір бүгін жіберген сол қатені

Өлім ертең алады өзі түзетіп!!!

Сіз ренжімеңіз, мұндай әділетсіздік қазір де толып жатыр, бірақ бәрін орнына қоятын «өлім» деген ұлы күш бар. Қадыр тағы да: «Сен туралы айтылады сөз ұдай!» демей ме, сол сияқты орден мен медалі жоқ болса да «Табын мықты инженер, таза, адал

Адам!» дегенді біз өмір бойы айтып келеміз, айта береміз де...».

Қараңыз, атақ алудың, дәрежеге қол жеткізудің жолы осындай қиыр-шиыр екен. Табын аға өзі іздеп таппаған атақты іздемеді. Абай айтқан «арсыз» болып, атақ үшін әркімге жағымпазданып, өтірік айтпады. Ол өзіне жүктелген жұмысты барыншы білімді, шебер, таза атқаруды ғана ойлады. Киікбай (Рзаханов) аға айтқандай: «Табынның ешкімнің алдында қарызы жоқ. Мәртебесі биік, мерейі үстем!»

Сонау Оржан ақсақаладан басталған мұнайшылық қазір бұл әулет үшін -АТА КӘСІП. Оны Оржан қолынан түсірмей Қапан, Қапаннан Табын алды. Ол мұнайшы-инженер атанды. Баба-Ата-Әке кәсібінің қадірін түсінген Табын балалары: Есенжан мен Сабыржан мұнайшылықты қалады. Ал, бесінші толқын, бесінші ұрпақ: Асқар, Әнуар, Айдар, Данияр... алды. Олардың алды шет елдерде оқып, білім мен тәжірибе жинақтап, заманына ылайықты іс атқаруда. Қысқасы, ОРЖАНОВТАР алып бір БӘЙТЕРЕККЕ -М¥НАЙШЫЛАР ӘУЛЕТІНЕ айналып отыр.

Қазақстан мұнайы жүз жылға емес, әлі мыңдаған жылдарға жетеді. Ғалымдардың айтуынша, жарықтық, қара жердің асты әлі толған мұнай көрінеді. Олай болса Оржановтар әулетінен әлі талай-талай тарландардың шығатынына біз шүбәсізбіз. Тіптен ол кезде адамзат мүмкін мұнайды Ай мен Шолпаннан тауып, сол жақтан Жерге таситын болар. Бұған таң қалуға болмайды, ғылым жаңалықтары біздің қиялымызды солай қарай жетелейді. Сонда, сол мыңжылдықтарда да менің әріптестерім, журналистер бұл әулетке, Оржановтар әулетіне талай-талай оралып, табыстары туралы тасыта жазатын болады. Біз осыған сенімдіміз...

Бар сөздің байламын, кітап нүктесін ел аузында жүрген әңгімемен түйіндемекпіз.

...Баяғы өткен заманда, алып бір бәйтерек басына Самұрық құс ұя салып, балапандарын өсіріп, өндіріп, бір күні жылы жаққа қарай ұшыпты. Бір қанатын қаққанда айлық жерге жететін Самұрық кұс көп ұзап кеткен кезде кіші баласы:

-Әке, біз неге өзімізге пана болған Бәйтерекке алғыс айтпадық.

Үндемей, өсіп, өніп алдық та, рахметімізді айтпай, ұшып кеттік,- депті. Жас болса да ақылды сөз, әділ сөз айтып тұрған бала сөзіне тоқтап, құлақ асып, әке-Самұрық құс бар баласымен қайыра алып Бәйтерекке келіп қонып, кешірім сұрап, былайша оған тіл қатып, тілеу тілепті:

- Мен саған биіктік тілейін десем, өзің бар өсімдік атаулының биігісің, кеңдік тілейін десем қанатың -бұтақтарың жатыр жайылып. Ал, тереңдік тілейін десем тамырың жеті қат жер астына кеткен. Ендігі тілерім саған: Жаратушы сені тіл мен көзден, қаңғырған орманшының балтасынан сақтасын!-деген екен.

Мәні терең, мағынасы маңызды. Талдап жату артық.

Бүгінгі Оржановтар әулетінің ұлы «көшін» бастап келе жатқан Табын Қапанұлына, ордалы ұядан ұшып шығып, сонау-сонау биікке ұшып бара жатқан бүгінгі ұрпаққа біз осыны тілеп, өсиет етіп айтамыз.

«Өмір-өзен!». Өз ағысымен алға аға береді.

Ілесу-ілеспеу сенің шаруаң...

Мазмұны

Есентаев Қожанияз. «Таланты асқан Табын» 5

1. АТАМ ОРЖАН, ӘКЕМ ҚАПАН

2 МҰНАЙШЫ БОЛҒАН

3. «БАЛАЛАРЫМ МҰНАЙШЫ» 214

4. «НЕМЕРЕЛЕРІМ ДЕ МҰНАЙШЫ. ШӨБЕРЕЛЕРДЕН

ДЕ ШЫҒАТЫН БОЛАР» ..263

5. ӘУЛЕТ ЖАЙЛЫ ӘУЛИЕЛІ СӨЗ 282

Рзаханов Киікбай «Қарызы жоқ адам» 282

Қарабалин Зақбай. «Өнегеге толы өмір» 287

Ыбырашов Кенжебек. «Абыройы асқан,беделі бекем инженер» 289

Мырзағалиев Қамысбай. «Табиғатынан алғыр Табын» 292

Балжанов Құмар. «Жастарға үлгі етерлік азамат» 295

Раев Адайбай. «Ел азаматы» 298

Есказиев Орынғазы. « Нағыз мұнай инженері» 300

Марабаев Ермек. «Екеуміз де сағынып жүрміз...» 304

Тегісбаев Анатолы. «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» 312

Нұрапаева Баян. «Көмегін көп көрдім» 314

Батырбаев Махамбет. «Нағыз бас инженер» 316

Мұратов Ибрагим. «Адамдығы да, мамандығы да асқан адам» 320

Некбосынов Нұрлыхан. «Білімсіз бірді, білімді мыңды

жеңеді» 326

Құранбаев Мұрат. «¥рпақ жалғастығы» 332

Голсгоюн Қалабай. «Мұнайдың мықты маманы» 338

Хисеиов Төлеген. «Білімді адам, білікті маман» 342

Сәлімгерев Мәлік. «Өмірге құштар адам» 346

Жалғасов Жеңіс. «Балаларым үлгі, өзім өнеге алдым» 349

Халирутев Қажымұрат. «Таза, әділ адам» 354

Мамонов Фердинант. «Пейілі жақсы адам» 358

Жылқайдаров Сайлау. «Тәкеңнен алған тәлім» 362

Касымов Тарас. «Воспоминания о совместной работе» 368

Абдрахмапов Мүхит. «Он настоящий профессионал» 373

Кулакова Алена. «Источник жизненной энергии» 375

Мұхамбердиев Мұқтасын. «Династия продолжается» 377

Гүлсім Оразалиева

Оржановтар әулеті

Қазақ мұнайының ардақтылары. Өмірбаян сериясы.

Бас редактор Жұмабай Кулиев Корректор Александр Давыденко Үйлестіруші Елена Барсукова Техникалық редактор Татьяна Рустамова

Теруге 11.08.09 ж. жіберілді. Формат 60x84 1/16 Қарып түрі «Times New Roman». Басылымы офсеттік Таралымы 500 дана. Заказ № 1200 Баспа табағы 24,5.

Н. Ә. Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қоры. 050059, Алматы қ, Әзербаев к., 58 Тел./факс: 8 (727) 264-17-12, 263-29-99, 264-38-54

ТОО «Типография Комплекс» баспахасында басып шығарылды Алматы к., Қазыбаев к., 4 (Авангардная) тел.: 8 (727) 2 333 173,2 333 180 факс.: 8 (727) 2 333 181

Рзах Қар; Ыбь беде Мы{ Бал» Раев Еска Map Тегіс

«КОМПЛЕКС»

ISBN 9965-816-28-Х



9789965816284

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет