III бөлім
«Балаларым мұнайшы»
Есенжан мен Болғаным
Қара таяқты ат қылып мінген қара домалақ бала, айғырша кісінеп, аяғын тарпып-тарпып табаға нан пісіріп отырған әжесі Зияданы шаңға көмді де кетті. Айғайлап, ашу шақырудың орнына: «құлыным-ау сол, құлыным!» деп, айналып-толғанып, болды да қалды ол. Арқасын іргеге беріп көктемнің әлі әлсіз шуағына қыздырынып отырған Қапан да мырс етіп күлді де қойды. Сырт қараған адамның жыны келетін бұл тірлікке Зияда мен Қапан жайбарақат, қайта ерке немересінің еркін қылығына жандары рахаттанып, қуанатындай. Оның сыры-қазақ дәстүрінде ықылым замандардан бар дәстүр бойынша Қапан мен Зияда ортаншы ұлы, қара шаңырақтың иесі Табынның тұңғышы Есенжанды бауырларына басқан. Негізі Қапан мен Зияда өз балаларына да сондайлық қаталдық көрсетіп, «темір тәртіп» орнатқан адамдар емес еді. Ал, немересі Есенжанға жандары тіптен бөлек болды. Бір жолы көршінің баласының асығын тартып алып, анау болса бар жатақты басына көтеріп жылап, содан қиқар Есенжанды таяқтың астына алғалы жатқан Табынға арбаңдай жүгіріп Қапан жетті де Табынды кеудесінен итеріп, немересін құшағына қыса түсіп, қатқыл үнмен: «Балам, басқа балаларыңды тәрбиелеп ал, менің Есенімде жұмысың болмасын!» деді. Және мұны бір-ақ рет, өмірінде бір-ақ рет айтты.
Жеті жасқа толып, есі кіріп қалған бала Қапан тәтесінің осындай «қамқорлығын» көріп, жанымен сезініп өскен ол өзін өмірге әкелген Зияда мен Қапан деп түсінді, солай қабылдады да. Табын мен Оңай аға мен жеңге ролінде болды. Бұған қазіргі қазақтар болмаса ол кездің адамдары таң қалмайды. Себебі, бұл тәртіп әр шаңырақта бар, бір немере қарттар еншісіне берілетін. Осылай ата мен әже мейіріміне «шомылып» өскен Есеннің жаны да, тәні де оларға жақын болып, еркін, әрі ерке болып өсті. Еркелігі есерлікке емес, естілікке, ақылдылыққа ұласты.
Осы жылдың күзінде, Қапан қолынан жетектеп Есенжанын «Қаратон» кәсіпшілігіндегі мұнайшылар балаларына арнайы ашқан шағын мектептің бірінші класына апарды. Мектеп тәртібі: жазуды үйрену, күн ұзақ партада отыру, «отыр», «тұр» - деген тәртіпке бағыну қырда, емін-еркін өскен бала Есенге алғашқы кездері қиын тиді. «Мектепке бармаймын!» деп те жылады. Ондай сәтте тәтесі мен эжесі, екеуі екі жақтан бар тэттісін аузына тосып, жалбақтап, жалбырап жататын. Қапан бірде: «оқымасаң ана Оспанғали сияқты қой бағасың, ернің жалақ, басың қотыр болып, мал соңында салпаңдап өмірің өтеді...» деді. Мектепке барғысы келмей, жыламсырап тұрған Есен басын көтеріп, тәтесіне тік қарап:
- Ия, өзің айтушы едің ғой: «асық ойнаған тозады, қой бағып, құйрық жеген озады» деп...
Қапан тосылып қалды. Тіптен не айтарын білмей түйіліп тұрып қалды да, сәлден соң:
- Өй, бәтшағар, ол заман мен бұл заман тең бе екен. Ол кезде оқу жоқ болатын, сонда қой бақпағанда не бағады ол қазақ. Сенің заманың басқа. Ана Әбуғали, Табын, Сәлімгерейге қарамайсың ба, бәрі де оқыған, тіптен Табын Мәскеуде оқып келді. Қазір бәрі үлкен қызметте жүр, сен олардан да асып кетуің керек, өйткені сен менің баламсың...» деп, сөзінің аяғын жұмсартып, еркелетіп, алдында тәлтиіп, қабағы түсіп тұрған қара баланың төбесінен иіскеп қойды. Зияда болса «ия, ия» деп, шалын қоштап, жаны шығып тұр. Шынымен-ақ мектепке бармай қояр ма екен деп қорқуда.
Ақылды тентек емес пе, аздан соң-ақ көп балаға қосылып, үзілісте олармен ойнап-күліп, мектеп өміріне үйреніп те кетті. Тымпың-тымпың, тынымсыз жүріп анда-санда бір нәрсені бүлдіріп қоятыны болмаса сабақты жақсы оқыды. Алғыр болды, мұғалім айтқанын қағып алып, өзіне қайталап отыратын.
Жазғы каникул - ол бір қызық шақ. Таңертеңнен кешке дейін жатақ балалары қой мен козы соңында. Ауыл айналасындағы қыр мен қырат, төбе мен ойпат олардан қалмайды, зырылдап жүгіріп ойын қуады. Жалаң аяқ жүгірістен табандары-нағыз түйетабанға айналған. Ошаған, жантақ, шоғайна дегеніңіз олардың аяғының астында «дәрменсіз», көн болып кеткен табанға тікені кірмейді. Мұндай жүгіріске төтеп беретін артық бас аяқ киім қайда ол кезде...
Есенжан мектепті «Қаратонда» бастағанмен «Доссорда» жалғастырды. Бұл жерде де тұрақтамай Атыраудағы Орджинекидзе атындағы орта мектепке ауысып, он жылдықты осында бітірді. Себебі, әкесі Табын Қапанұлының «Ембімұнай» бірлестігіне бас маман болып ауысуы еді.
Ақырында, 1965 жылы Табын Қапанұлы «Маңғыстаумұнайгазға» бас маман болып, бұл от басы Ақтау қаласына көшті, жоғары оқу орнына түспек болып Есенжан Алматыға келді. Қалаған мамандығы мұнайшы болу. «Талаптыға нұр жауар». Қазақстандағы техникалық білім беретін бірден-бір үздік оқу орны атанған, кейіннен академик Қаныш Сатпаев есімі берілген Қазақ ¥лттық политехника институтына оқуға түсті.
Өзі ширақ, өзі пысық, алып-ұшып тұрған жас көңілді Алматының қызықтары қыздырмай қойсын ба? Оның үстіне қой дейтін қожа, тәйт дейтін-тәте жоқ, еркіндікті көбірек қыдыруға ұластырып алды. Осыны сезгендей Алматыға үлкен бір жиналысқа келген Табын Қапанұлы Политехника институты Мұнай факультетіне, деканатқа соқты. Мақсаты баласының жағдайын білу еді. Алдынан шыққан декан Тұяқбаев бірден: «балаңыздың басы бар, оқыса беске оқитын мүмкіндігі жетіп тұр, тек жалқау, сабақтан жиі қалады...» дегенді, тура өз баласы оқымай жүргендей жаны күйіп тұрып айтты. Сол сол-ақ екен, Табын баласына көп сөзді көйітіп жатпай:
- Жинал, армияға кетесің,-деді де, алдындағы телефонға шапшаң жармасып, ЦК-дағы біреуге өтініш жасады, «баламды армияға жіберткіз» деп. Бәрінің бұлай болып, тез теріс айналып кететінін білмеген Есенжан не істерін білмей, бірінші рет аузынан «папа!» деген сөз шығып, әкесіне жалынды.
- Папа, армияға бармаймын... сабақтан қалмаймын, жақсы оқимын, уәде беремін...,-деп, шын мәнінде жалбарынды. Бір кезде декан Тұяқбаев:
- Тәке, қатты кетіп қалдыңыз-ау, армияны әзірге қоя тұрайық, баланы тағы бір сынап көрейік...,-деп, ақырында деканның өзі жалына бастады. Кінэлі кісіше Есенжанға да қарап кояды. Табынды «папа» деген сөз жібітті ме, элде деканның сөзі тоқтатты ма, кім білсін:
- Онда үйленесің ! - деді. - Қызың бар ма, жок болса табамыз, сенің аяғыңды солай байлап, басыңа камыт кигізбесе болмас. Мен баламның жаман атымды шығарғанына төзе алмаймын. Әлгі, Та¬рас Бульба ма еді айтқан: «Сам породил, сам и убью» деп, мен сені өлтірмесем де, тәртіпсіздігіңе көнбеймін, біздің түқымда жоқ қылықты бастама..,-деп, қатты-қатты, ашынып айтты. Сөйтті де кешке Күлайсада кездесейік, сонда Гүлжан да келеді,- деді, де де- қанаттан шығып кетті.
Кешке шет тілдер институтының жатақханасында тұратын Күлайса бөлмесінде Табын үш баласымен әңгіме-дүкен құрды. Қыздары Есенжанның көзі түсіп жүрген қызы барлығын, аты Болғаным, әкесінің аты Fалымжан, атыраулықтар екенін ақтарып салды.
Нақ қазір үйленемін деп жүрмеген Есенжан осылай өзін-өзі «құрыққа» түсіріп, «армияға барғаннан көрі үйленген жақсы емс пе?!» деп, бір жағынан қуана келіскен. Болғаныммен танысқаны да кызык еді өзінің. Аслан мен жердің ортасында, Атыраудан ұшақпен Ақтауға ұшып бара жатқанда танысқан, енді үйленуі де ұшақтың жылдамдығындай тез болғалы тұр...
Табын Қапанұлы да ұлының үйленуге келіскеніне қуанып, Ақтауға жетісімен ата мен анасы, жары Оңай, туған-туыстарымен ақылдаса келіп Атырауға, марқұм Ғалымжан түтінін түтетіп отырған Болғаным анасы Ағираш құдағиларына асыққан-ды. Жастар Алматыда жүргенде үлкендер өз міндеттерін атақарып, құда-құдандалы болыпта қойды. «Ол да бір дәурен екен-ау!»- деп қояды Табын аға сол кезді есіне түсірген сәтте.
Расында да Есенжанның үйленгені ата мен анасына да, өзіне де дұрыс болды, сабақтан қалмайтын, тіптен ақша тауып от басын асырау үшін кешкілік мезгілде дүкендерге барып жүк түсіріп, жүк артып, әйтпесе, қарауыл болып жұмыс істейтін болды. Жауапкершілікті түсінді. Жары да пысық болып кездесті. Болғаным Реепубликалық стоматология поликлиникасында медсестра болып қызмет істеді. Тұңғыштары Әнуар 1975 жылы дүниеге келді. Нағыз «Қозы Көрпеш-Баян сұлудағы» Қарабай бай айтқандай: «Жын тарқады, жық үйді, көштік Сәмденнің шөліне!» болды да қойды.
Жаз бойы каникулда болып, енді сабақтарына оралар кезде ақ әжелері Зияда: «Айналайындар, Әнуарды Алматыға апарып әуре етпей, бізге қалдырыңдар. Сені де өсірдік қой, отқа, суға түсірмей. Деніміз сау болса Қапан екеуміз баланды да өсіріп бе- реміз, еш уаймдамай, алаңдамай оқуларыңа жүре беріңдер!» деді. Есенжан мен Болғаным мұндай шешімді өздері айтуға бата алмай жүрген. Әжесіне риза болған олар кішкентайларын сенімді қолға қалдырып, Алматыға, оқуға кетті. Айтты айтпады, Есенжан ертең жақсы жұмыс істеп, мықты маман болу үшін бүгін білім алу керектігін түсінді, түсінді де сабаққа ден қойды.
Бала бауыр етің, Әнуардың өмірге келуі шынында да Есенжанды есейтіп жіберді. Бұрынғыдай емес бар нәрсеге байыппен қарап, ойланып шешетін болды. Бастапқы, алғашқы курстарда нашар баға алуының да себеп-салдары болатын. Табынның үш ба- ласы орысша оқыды да, үлкені Есенжанды қазақша мектепке берді. Тұрған жерлерінде орыс мектебінің ыңғайы келмеді. Әйтпесе, Кеңес Үкіметінің дәуірі дәуірлеп тұрған кезінде орыс тілінсіз күн көру мүмкін емес екенін басқа басққа Табын жақсы біледі. Өзі де Мәскеуге бір ауыз орысша білмей барып әбден қиналған. Тек оны алып шыққан өзінің табанды еңбегі, жаны қиналса да қимылдамай отырып күні-түні оқу, орыс тілін үйренудің, анығын айтқанда кәдімгі намыс алып шыққан ды.
Есенжанның сол қиындыққа шыдамай босаңсып, шулатып демей ақ қояйық, бірақ, әкесі мен декан Тұяқбаевты ренжіткені шындық. Баланың қабілетін, алғырлығын көріп тұрған декан қалай шырылдамасын. Бір бұйрықпен шығарып жібере салу ең оңай нәрсе. Оның үстін мұнай саласында әлі де қазақ мамандары жетіспей жатқанда қабілеті бар баладан айрылып, қарап отыра беру нағыз декан деген аты бар адамға жараспайтын шығар, тіп- тен күнә да бол ар. Жастың аты жас, өмір сүруді «өлең айту» деп түсініп жүрген кез емес пе.
Не керек, бәрі артта қалып, Есенжан бәрінен бұрын ертеңгі жақсы өмірдің кепілі жақсы оқу екенін түсінді. Сабақтан қалмай, бар сабақты жақсы мен өте жақсыға тапсырып, бесінші курсқа да келді, диплом алатын уақыт та туды. Қаныш Сатпаев атындағы Қазақ политехника институтының үлкен залы әдеттегіден әдемі етіп безендірілген. Оның іші ығы-жығы халық: бітіруші студенттер, ата-аналар. Бір кезде үш профессор-оқытушы сахнаға шықты, трибунаға жайғасты. Алғашқы сөзді Мұнай факультетінің деканы Тұяқбаев алды, жастарға ақ жол тіледі...салтанатты түрде диплом табыс етіле бастады. Алдымен «қызыл диплом» таратылды, сосын, «жақсыға» бітіргендерге кезек келді. Солардың ішінен он алтыншы болып Есенжан Оржанов сахнаға шақырылды. Ол декан Тұяқбаевқа жақындай бергені сол еді, «тоқтай тұр» дегенді ишарамен білідіріп бір қияс әңгіме бастады.
- Егер менде ерік болса Оржанов Есенжанның дипломын анау отырған келінге, оның әйеліне бергізер едім. Бұны үйлендірмегенімізде құдай білсін қайдан шығатынын, армия ма, әлде басқа ма..,- деді. Не түсінгендерін қайдам залда отырғандар ду күлді. Қуанышқа кеудесі толып тұрған Есенжанның көңілі бір сәтте су сепкендей басылды. Қып-қызыл болып кетті. Тәжірибелі ұстаз емес пе, декан өзінің көп алдында, қуанышты сәтте артықтау кетіп қалғанын ұға қалды да: - Жоқ, Есенжан молодец! Көрмейсіңдер ме өз қателігін түсініп, ақырында жақсы оқитындар қатарына қосылып алды. Білдей институттың «Мұнай мен газ кен орнын барлау, өндіру және кең көлемде мехникалан- дыру» деген мамандықты меңгеріп отыр. Әттең мұны бірінші курстан үйлендіру керек еді, сонда ол бүгін «қызыл диплом» алып тұратын...» деді, тағы да қоймай. Жүрт дүркірей күлді.
Осы сәт Есенжан жадында мәңгіге жатталып қалды. Көптің алдында ұялтып тастаған деканына ренжіді, сосын, ойлана-ойлана келіп өзіне өкпе артты. «Оның осылай сөйлеуіне өзім кінәлімін ғой, сабақтан қалып, нашар баға алғаным да рас. Ол өтірікті ойдан шығарып тұрған жоқ, бәрі де шын емес пе?! Жоқ, көптің алдында бұлай қызаруға болмайды!» - деп, өзін-өзі қайрап, қателігін мойындап, одан сайын намысын жаныды. Ол алғаш рет шындықтың тәтті емес ащы болатынын түсінді. Болашаққа сабақ алды. Атасы Қапан жиі айтатын: «Мың рет құлау ұят емес, бір рет тұра алмай қалу ұят!» деген даналық сөзі жігер беріп, ауылға, Ақтауға, еңбекке араласуға асықты.
Есенжан Ақтауға келісімен «шаршадым» деп шалқайып жатып алмай бірден жұмыс іздеуге кірісті. Әкесі Табын да күнде «жұмыс ізде!» деп тықақтап болар емес. Білдей бастықпын гой өзім тауып берейін деген ойында да жоқ. От басының басқа мүшелері де салмайды оның ойына, өйткені істемейді. Бәрінен бұрын Есенжан: «ел алдында қызармауды ойлау керек!» деді іштей түйіліп.
Жұмыс табудан қиналған жоқ. «Маңғыстаумұнайгазға» кадр бөліміне барып еді, іздегенге сұраған НГДУ «Жетібаймұнайға» оператор етіп жіберді. Үш айдан кейін шебер, сосын бұрғышы... тағысын тағылар. Қысқасы, мұнай іздеуден бастап табу, өндіру жолдарында болатын жұмысшы мамандығын түгелімен атқарып шықты. Бастықтың баласы ғой, екі қолды қалтаға салып жүретін болар деп, наразы болғандар да табылды. Бірақ, Есенжан жұмыс істей келе ол ойларынан арылтты.
Осы сөзімізге дәлел бола алатын мақаланы газет беттерінен таптық. Өткен ғасырдың 1990 жылы 25 шілдеде «Атырау» газетіне Х.Жәкенов жас талаптың талантын танып, мақтау марапатын да аямай, мақала жазыпты. «Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр» дер, әріптестің ізгі ниетіне қуандық біз де. Мақаланы баз қалпында беруді біз де жөн көрдік.
«АР-ОЖДАН ОНЫҢ СЕРІГІ»
— «Мына жігіт жоғары оқу орынын жақында гана бітіріп, арнайы жолдамамен біздің басқармаға жұмысқа жіберілген екен. Қадеке, Сіздің қарамағыңызға оператор мамандығымен жіберейін дел отырмын,-деді «Жетібаймұнай» басқармасының сол кездегі бастығы Мұрат Саламатов.—Теориялық біліміне шек келтірмегенмен, өндірісте істемеген жастар ғой, тәжрибеңізді үйретіп, жолға салып жібергейсіз. Мүндай жігіттердің алдыныздан талайы өтті ғой, сіз бен біз де қашанғы жүрерміз дейсің, пенсияға шығарда орнымызды осы жігіттерге бермей, арқалап, сірә да кетпейміз, солай емес пе Қадеке?
Әцгімені осылай бастаған Мұрат Саламатов есік жақта отырган жас жігітке бұрылып:-мына кісі басқармсы мақтанышы, сендер түгілі, бастықпын деп отырған мына бізді де мұнайшылық кәсіптің қыр-сырына үйреткен байырғы маман, скважиналарды жер асты жөндеу цехныц бастығы Қади Өтегенов деген ағамыз, сендер маңдайларыңның бағы бар жігіттер екенсіңдер, іздесе таптырмайтын ұстаздың қолына түстік тек ерінбей жұмыс істеп, өзіңізді көрсете біліңіз. Ал, іске сәт! - деп Мұрат орнынан тұрды.
Сөйтіп, Алматы политехникалық институтының түлегі-жас инженер Есенжан Оржанов «Жетібаймұнай» мұнай-газ басқармасына қат асты скважиналарды жерасты жөндеу це- хына операторлық жұмысқа орналасып, мұнашиылық кәсіптің алғашқы беттерін ашып еді.
Институтты жаңа бітірген жас маман деген аты болмаса Есенжан мұнайшылық кәсіптің әліппесін бұдан квп бұрын үйренген еді. Өйткені ол мұнайшылар семъясында туып, өсті. Атасы Әбуғали Қапанұлы Оржанов Ембімұнай кәсілшіліктерін түгелдей дерлік аралаған, кейін Гурьевтегі Батыс Қазакстан геологияльщ Барлау басқармасында инженер болып істеп, бертін келе құрметті еңбек демалысына шыққан адам, әкесі Табын Қапанұлы Оржанов Мәскеудің Губкин атындағы Мұнай институтын бітіріп, «Қаратон», «Қосшағыл» мұнай кәсіпшліктерінде, «Эмбімұнай» бірлестігінде ұзақ жылдар боііы Бас инженер, «Жетібаймұнай»мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы болған, бүгіндері «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінде.
Есенжанның інісі Сабыржан да ата, әке, аға жолын қуып, Москваның Губкин атындағы Мұнай институтын бітірді, қазір «Маңғышлақбарлаубұрғылау» басқармасының инженері. Сөйтіп, Маңғыстаудың мұнай байлығын игеруге Оржановтардың үш ұрпағы қатысып келеді.
- Иә, мен бала кезімнен мұрныма мұнай исі сіңіп өскен адаммын,-дейді Есенжан,- Атыраудағы Орджинекидзе атындағы орта мектепті бітірген жылы Алматыдағы институтқа барғанбыз бір топ жігіт, бірақ жолы болмады. Ауылға келіп, сол жылдары жаңадан ашылып жатқан «Мартынши» кәсіпшлігіне оператордың көмекшісі болып жұмысқа кірдім. Келесі жыл Алматыға тағы келіп, дайындық курсына түстім, одан 5 жыл институт қабырғасы. Жазғы каникул кездерінде де ауылда, мұнай кәсіпшілігінде жұмыс жасап, бұл жұмыстың қыр мен сырын біршама үйренген едім. Сондықтан институт бітіргеннен кейін жұмысқа тез үйреніп кеттім. Әрине, алғашқы ұстазым Қади Өтегенов ағаның бай тәжірибесі мен тәлім-тәрбиесі үлкен мектеп болғаны анық.
Жұмысқа алымдылығымен, тиянақтылығымен алғашқы күндерден көзге түскен жас жігітті басқарма әкімшілігі арада жарты жыл өтісімен скважиналарды жөндеу жөніндегі мастерлікке жоғарылатты. Бұдан кейінгі жылдары ол «Асар» кен орнында мұнай өндіру цехныц мастері, «Комсомолъскнефть» өндірістік бірлестігінде өндірістік бөлімнің аға инженері қызметтерінде болды. Осы қызметтің қай-қайсысында да ол өзін іскер, сергек, ұйымдастырушылық цабілеті бар, сауатты маман ретінде көрсете білді.
- Байқап отырған боларсыз, институттан кейін әр-түрлі жұмыстар атқаруға тура келді, бірақ қайда жүрсем де скважиналарды жерасты жөндеу жұмысы тонның ішкі бауындай болады да тұрады. Іздегенге-сұраған дегендей, 1977 жылдың күзінде бірлестік әкімшілггі өзімнің алгаш еңбек жолымдагы тұсауымды кескен «Жетібайнефтъ» мүнай-газ өндіру басқарамасына жіберді. Сол уақыттан бері, 1989 жылдың күзіне дейін скважиналардың жер асты жабдықтарын жөндеу цехның бастығы болып істедім.
Есенжан Оржанов өткен күзде басқарманың өндірістік қамту базасыныц бастығы болып жоғарылатылды. Ол қай жұмыста да өзін бесаспап маман ретінде көрсетіп келеді. Жер асты жөндеу жұмыстарының ұңгыл-шұңгылын да жетік біледі, енді үлкен бір басқарманы өнімді жұмыс істеуіне жағдай жасау ол басқаратын базаның бірден-бір міндеті. База коллективі скважина жөндеулілерді қажетті запас бөлшектермен қамтудың тапсырмасын артығымен орындады.
Ол баскарма партия ұйымы жанындағы экономикалық оқу жүйесі мектебінің насихатшысы ретінде өткен жылы Ералиев аудандық партия комитетінің алғысына ие болды. Коллектив арасында үлкен беделге ие.
- Бұдан атақты жыл бұрын Есенжан екеумізді аға мүнайшылар Қ.Өтегенов, Қ.Ихсанғалиев сыяқты ардагерлер тәрбиелеп, ұстаздық етіп, қатарға қосса, -дейді озат мастер Ә.Қармысов,- енді Есенжанның өзі жастардың ұстазы, әрі басшы, әрі білікті маман. Ол еңбекке баулыған жастардың бірқатары басқарманың, ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып жүр. Мәселен, цехтың бұрынғы операторы Б.Бисенов - бүгіндері басқарма комсомол комитетінің секретары, Қазақстан ЛKCM Орталық Комитетінің мүшесі, жоғары оқу орнында сырттай оқиды. Ал, операторлар: С.Боқанов, М.Битеміров аудандық Кеңестің депутаттары, С.Қаржауов кәсіподақтардың облыстық Советінің мүшесі. Осы жігіттердіц бәрі Есенжанды өздеріне ұстаз санайды. Ол оған ылайықты жігіт, өндірістің білікті жетекшісі. Ол мұнайшы Оржановтар әулетінің дәстүрін абыроймен жалғастырып келеді.»
(Облыстық «Атырау» газеті, 1990 жыл, 25 шілде)
Бұл мақала жазылғалы жиырма жылға жақындап қалыпты. Ол жас мұнайшының адымын анық басып, болашағын дұрыс болжапты. Қазір Есенжан Табынұлы Қазақстанның мұнай әлемінде өзіндік орны бар, қолтаңбасы бар мұнайшы. Бірақ, оны таныған жалғыз журналист Жәкенов емес екен, басшы-бастықтар да сенім білдіріп, жауапты қызметке, ұңғыларды күрделі жөндеуден өткізу цех бастық етіп тағайындады. Қазақта: «ескі үйді жамағанның есі кетеді» дейді, Есенжанның жаңа жұмысы дәл соған ұқсас болды. Талай жылдан тозығы жетіп тұрған құбырлар мен қамұттарды, бұранда мен бұрғыны, қиылысқан, байланысқан жерлер қатып-семіп қалған құрал-саймандарды ауыстыру есті аудырмаса да соған жақындатып еді. Мұндай жауапты іске Есенжан қиналмай келген-ді, ойында бұны да көрейін, үйренейін деген барды. Бәрінің де болашақ үшін қажет болатындығына сенімді.
Талабына сәттілік қосылып, айналасындағы әріптестері де нағыз шеберлер екен, не керек, бір-екі кәсіпшілікті күрделі жөндеуден өткізді. Сәтті шықты. Абырой жинады, бедел келді. Түрлі қызметтер бірінен соң бірі ұсынылды. НГДУ «Қаражамбастермұнайда» цех бастығы, «Оңтүстікмұнайқұбыр» өндірістік бірлестігінде бас бастықтың орынбасары...
Мысалы, бір ғана «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігінде 1986 жылдан 1989 жылға дейін: жер асты ұңғысын күрделі жөндеуден өткізу цехының бастығы, НГДУ «Жетібаймұнай» өндіріске қызмет көрсету базасының бастығы, Мұнай өнімдерін тарату бөлімі бастығының орынбасары, сосын, бастығы болды. Мұнайдан мұрнына исі баратын адамның бұл қызметтердің мақсаты, жауапкершілігі қандайлық екенін біз таладап, соқырға таяқ ұстатқандай етпесек те түсінеді. Бәрі бір біз олардан артық бұл жұмыстардың сыры мен қырын жеріне жеткіземіз деп, сөз бастаған артық болады, өйткені біз олардай білмейміз. «Мойындау да мықтылық» дейді халық жазушысы Әбіш Кекілбай.
Тек мына бір тұсты айта кеткіміз келеді. Өткен ғасырдың сексенінші жылдары Кеңес қоғамын Михаил Сергеевич Горбачев басқарды. Ол өзінің басшылығы арқылы қоғамға біз біле бермейтін «демократия» дегенді әкелді. Оның қазақшасын «жариялылық» деп жарияладық. Осы кезде, нақтырақ айтсақ, 1992 жылы НГДУ «Жетібаймұнайдың» өндірісті жабдықтау базасының бастығы басқа жұмысқа ауысып, орнына келетін жаңа адамды сайлап қоятын болды. «Сайлауға түссем бе екен?» деп, бір жағына шыға алмай тұрғанда жолдастары: «қолдау көрсетеміз, болатын адам сенен артық өндірісті білер ме екен?»- деп, дем беріп жіберді. «Жетібаймұнай» өндірісінің бас бастығы қарсы болды, бірақ оған Есенжанның тауы шағылған жоқ, қайта өзін бір сынғасалып, қайрап алғысы келді. Ішкі ойы оған: «шыңдалған темір мықты болады, ел алдында қызармайтын боласың!» -деді. Әсіресе, Бірлестіктің «Еңбек ұжымының» төрағасы Өтеғалиев Сейсенғали құрдасы: «сайлауға бірге түсіп жатқан бір әзірбайжанды жеңе алмайсың ба, Қапаннан, атаңнан келген күш қайда?»- деп, қалжыңы мен шынын араластырып. Ақыры, Есенжан сайлауға белді бекем буып, білекті сыбанып кірісті.
Жеңді! Жәй жеңіс емес 99% жетті. Бұл жолы Есенжан Табынұлы ел алдында қызармады, жүзі жарқын, көңілі хош күйде жаңа жұмысты қолға алды. Азды-көпті бастық болып, ұжым басқарғандағы өзінің басты бір ұстамы бар, ол, жұмысшыдан нәтижелі жұмыс сұрау үшін жағдайын жаса! деген. Өмір бойы осы қағидасынан Есенжан Табынұлы қайтқан, айныған емес. Бар мүмкіндігін қарастырып, жұмысшыларға қол үшын беріп, мәселелерін шешіп отырады. Жастыққа салынып бір нәрсені бүлдіріп қойған жұмысшылар болса, жерден жеті қоян тауып алғандай, жиналысқа салып, сөгіс беріп, жұмыстан шығаруға ол құштар болмады. Ол адамның ата мен анасын шақыртып, әңгімелесетін, кеңесетін. Соты жоқ, прокуроры жоқ бағзы замандарда қазақ халқы тәртіпсізін осылай тәртіптеп отырған, оны Есенжан өз от басынан жақсы біледі. Сайлауда жеткен 99 пайыз жетістік осындай басшылықтың арқасы, соның жемісі.
Содан, аталмыш қызметті 1995 жылға дейін абыройлы атқарды. Абыройдың келуіне ат салысқан азаматтар, Бірлестіктің бас мамандары Хасенов Толеген, Жанғазиев Жақсылық есімдерін мақтанышпен айтады.
Қоғамға келген жариялылықтың жақсылығы да, жамандығы да болды. Үкімет өз қарамағынан босатып, жеке меншік болыңдар, нарыққа шығыңдар деді. Біреу нарық қатынастарын түсінді, біреулер түсіне алмай, аңтарылып «жол ортасында» тұрып қалды. Осы бір кезең де Есенжан есінде жақсы сақталған. «Казтрансойлды» белгілі мұнайшы Қасымов Тарас басқарып отырған, ал, орнынбасары Есенжан Табынұлы еді. Бәрі табан астынан басталды, мұнайға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын едірейген-едірейген жігіттер келіп, орынды босатуларын сұрады. «Біз сатып алғанбыз» деді. Ол кезде біреу бір нәрсеге түсініп жатты дейсіз бе, әркім жан қалтасынан заң шығарып, сонымен билік жүргізді емес пе. He істемек, босатты орындарын. Бір қоғамнан екінші қоғамға өтер кезде мұндай бей берекетсіздік бола береді екен ғой. Басқа дамыған мемлекеттер де мұндай кезеңдерден бір кездері өткен көрінеді. Содан, Тарас аға мен Есенжан істің «ақырын берсін» деп басқа жұмыстар іздеді.
Көп мекемелер мен өндірістер өздерін қаржыландыра алмай бірінен соң бірі жабылып жатты. Халықтың басым көпшілігі жұмыссыз қалды. Есенжан жұмыс таңдамай, «ұнамайды» демей, реті келген қызметті атқара берді: Ақтаудың жөндеу зауыты бастығының орнынбасары, Алматыдағы «Интергазда» бастық, «Кедентранссервиз» филиалында бастық, сосын осы сала бойынша Алматы департаментінің бастығы болды. Бұл кезде басқа мемлекеттерден компания, фирмалар келіп, «жайғасып» жатқан бо- латын. Солардың бірі тәуелсіз экспертиз орталығы TOO «DZET group», ТОО «СЕС Техполоджи» Есенжанды қызметке шақырып, біраз жаңа келген нарық экономикасының парқын түсініп, тәжірибе жинақтады.
Қанша жерден жағдай билеп, соның соңына түссе де Есенжан өз кәсібі мұнайшылықты ұмытқан жоқ. Реті келер деп, ыңғайлы тұсты күтіп жүрген - ді.
Айтқандай ақ бір күні байырғы құрдасы Өтеғалиев Сисенғали: «неміс жігіттері өздеріне іскер мұнайшы іздеп жүр, бірлесіп мұнай жабдықтарын шығаратын зауыт ашқысы келеді, қалай қарайсың, мен сені ұсынып отырмын»- деді. «Бақыттылык деген керек кезде керек жерден табылу» дейді еврей халқы. Бұны білетін Есенжан: «Келісемін»- деді бірден.
Көп ұзамай идеяның ұйтқысы, неміс азаматы Кауц Дмитрий- мен кездесіп, танысып, ақырында іске кірісті. Жұмысты 2006 жылдың қаңтарында бастап кетті. Қызметі «Казмұнайгазмаштың» басқармасының бастығы болды. Оржанов Есенжан осыдан кейін Қазақстан басшылығымен талай келіссөздерге шығып, жұмысы тоқтап қалған ескі зауыттарды қалпына келтіріп, мұнай өндірісіне қажетті құрал мен жабдықтар шығаруға ыңғайлау әрекетінде болды. Мемлекет басшыларына бұл ұнады. Бәрін - бәрін, ең ақырғысы бұрау мен шегеге дейін шет елден әкеп жатқан кезде республика ішінен «Казмұнайгазмаш» зауытын ашу нағыз табыс еді. Осы бастаудың басында, оқиға ортасында Есенжан Табынұлы жүрді.
Қолынан іс келетін адам қандай қоғамда да, қандай қиын кезде де өзін жоғалтпайды. Қайта ондай сәттер іскер, таланттар үшін қолайлы, оңтайлы. Өздерін көрсете алатын мүмкіндікке жетеді. Міне, Есенжан сол сортты адамдардан болып шықты. Қанша қиындықтар болса да, ескі зауыттарды жаңаға айналдырып, мұнай өндірісіне шығаратын құрал жабдықтардың түрлерін көбейтіп, не керек, аз уақытта көп іс атқарды. Ақылдаса келіп, басшы бастықхар зауыттан гөрі холдинг құрып, жұмыс ауқымын, өрісін кеңейту керектігін ойлады. Ойдан ой туып, әрекет берекетке айналып, 2008 жылдың шілдесінде қарамағында алты зауыты: АО «Өскемен арматура зауыты, ТОО «Проммонтаж КІҮ» АО «Каскормашзавод», АО «Трубремцентр», TOO «PDV-Group", AO «Казмұнайгазмаш» бар, ТОО «КазПетромаш» холдингі құрылды. Есенжан Табынұлын оған Бас директор етіп тағайындады. Қазір холдинг бойынша екі мыңнан астам адам жұмыс істейді. Жұмыстан қысқарту бұл холдингте болған жоқ, қайта айлық жалақыларына 10% қосып отыр. Зауыттардың бас мамандарынан бастап, кейбір жұмысшыларды Германияға оқуға жіберіп, тәжірибе алмасуда.
Алты зауыттың шығаратын заттары Қазақстан мұнайына ауадай қажет: май қыздыратын иеш, задвижка, фонтанная арматура, колонный головка, винтовой насос... орысша айтқанда осылар. Қазақша аудармасы көңілге қоныңқырамаған соң орысша атауын айта бердік, ол үшін оқырманнан кешірім сұрауға әзірміз. Мұнай өндірісімен бірге жасасып келе жатқан качалкаларды, қазақшаласақ ырғалғыштар болып шығады екен, соны олар жаңа технологияға ауыстырды. Қазір біртіндеп мұнай кәсіпшлікітері ескі ырғалғыштардың орнына жаңа құралдар қойып, өнімді үш төрт есеге көбейтіи, шығынды азайтуда. Жаңа жабдықтың бұл қасиетін білген шетелдіктер, әсіресе, Россия мемлекеті тапсырысты көбейтіп отыр.
Міне, халық, Отан туралы ойлай алатын азаматтар байлықты сыртқа жібермей өз ішімізде калдыруды осылай шешіпті.
Жыл сайын ауыл шаруашылығы жетістіктері мен өндіріс жаңалықтарының «Алтын сапа» көрмесі Астанада өтеді. Талаптанып, жаңа зауыттың ұжымы оған қатысуды ұйғарады. Өнімдеріміз сапалы, бәрінен бұрын бәрі де өндіріске аса қажетті құралдар мен аспаптар. Сондықтан бақтарын сынап көрмек болып, көрменің қақ ортасынан орын алып, құрал саймандарын қойып, келушілерге ұсынады.
Бір кезде нөкерлерімен көрмені аралап келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев олардың қасынан өтіп бара жатып кілт тоқтайды да кері қайтып, Есенжаннан «Не әкеліп тұрсыңдар?» деп сұрайды. Жауабы ұнаған президент, «көңіл бөліңдер, көмектесіңдер, өзімізде өндіру керек деп айтып жатқан жоқпыз ба?» деп, ілесіп жүрген министр Школьникке тапсырма береді. Ойламаған жерден Ел басының назарына іліккендеріне қуанып, төбелері көкке екі елі ғана жетпеді. Тек бір қызық болған жағдай, Есенжан сасқанынан Елбасының қазақша койған сұрағына орысша жауап бере беріпті. Қазір ол әрекетіне өзі таң қалады, әрі ұялады. «Ел басынан кешірім сұрайын десем кездесе алмай жүргенім...» деп, қалжыңын да қыстырып қойды бізбен болған әңгімесінде Есенжан.
Жұмыс жайлы жұқартып айтқанда, Оржанов әулетінен шыққан мұнайшы Есенжан Табынұлы Қазақстан экономикасын көтеруге теңіздің тамшысындай болса да өз үлесін қосып жатқан ел азаматы.
Есенжан ұлдары: Әнуар, Айдар, Данияр әулеттің ата кәсібінен ауытқымай мұнайшы мамандығын таңдады. Олар туралы алдағы Табын Қапанұлының немерелеріне арналған бөлімде баяндаймыз. Ал, бұл балалардың мамасы, Есенжанның аспанда танысып, жерде үрпақ өсіріп жатқан жары Болғаным болған жайды біз емес өзі баяндайды:
- Бәрі бүгінгідей есімде. Келін болып Оржановтар ақ босағасын аттаған сәттен алдымнан ақ жарқын адамдар шықты. Осындай от басына кезіктірген тағдырыма ризамын. Әсіресе, Ақ әжеме айтар алғысым көп, жаны жәннатта болғай жарықтықтың. Қыз болып өз отаныңда жүру мен келін болып басқа от басына түсудің аіірмасы көп екен. Ақ әжем маған көп нәрсе үйретті: «Айналайын, бәріміз де сен сияқты келін болғанбыз. Бәрін бірден үйренген ешкім жоқ, сондықтан менің айткан сөздеріме құлақ сал. Келін болудың да өз тәртібі бар, соны сақтасаң кадірлі боласың, сақтамасаң жексұрын боласың. Сондықтан, айналайын, қысқа көйлек киме, үлкендердің алдында суырылып сөз сөйлеме, шәйді сорылдатып құйма, үлкен келе жатса жол бер, кішіге қамқор бол... Мақтанғаным емес, Ақ әжемнің осы айтқандарын әлі күнге дейін бұлжытлай орындап келемін.
Жасыратын несі бар, білмегенім көп болды, оған реніш білдіріп, ұрыспай, Ақ әжем көп нәрсеге үйретті. Үлкен ата (Қапан)мен кіші атамның (Табын) ләтерлері бір қабаттан болды. Есен оқу бітіріп келген соң біздер үлкен ата мен Ақ әженің колында тұрдық. Күнде мені бір нәрсеге: бауырсақ, шелпек, қуырдақ... пісіруге үйретеді. Әңгіме айтып отырып шәй ішеміз, өткен өмірлерінен көп әңгіме айтады. Ақ киім кигенді жақсы көріпті, содан ел «Ақ апа», «Ақ кемпір» атап кетіпті. Үлкен ата мұнай кәсіпшлігінде істегенін, бұрғышы болғанын, қырық градус ыстықта ат арбамен май тасығанын, мұнай іздегенін, шөлдеген кезде су ішердің алдында әуелі нанға тойып алатынын, сонда шөлдің тез қанатынын қызықты етіп айтып отыратын.
Жастары келген сон екеуі де ауырып қала беретін. Ақ әже омірінің соңында біраз уақыт төсек тартып жатып қалды. Сонда үлкен атам бәйек болып, жақсы күтті. Мамандығым дәрігер болған соң және жанымы жақын, аяулы жандарымның қасында болып, дәрілерін уақытында беріп, ем жасап отыратынмын. Соған риза болған Ақ әже: «Айналайын, Болғаным, мынаны Ақ әжеңнің көзіндей көріп тағып жүр» дел, құлағындағы айшық сырғасын маған берді. Көзіндей көріп, Ақ әжемді сағынғанда қарсы қоямын, анда санда тағып аламын.
Қазір өзімнің үш келінім бар, Ақ әжемніц орнын өзім бастым десем өтірігі жоқ. Ол кісіден үйренгенімді соларға айтып, үйретудемін. Қарап отырсам ұлттық дәстүр осылай жалғасады екен ғой. Жақында үйге қой әкеліл, Есенжан кіші баласы Даниярға қалай союын үйретті. Бұл дa тәрбие. Осылай үйретлесең жас бала қайдан білсін.
Үлкен атаның жақсы касниттерінің бәрі кіші атаға қонған. Кез келген адам қандай жағдайда да кайы атама сенуге, сүйеніш табуына болады. Өте жауапкершілігі, тазалығы, адалдығы зор адам. Туған туыстарының жағдайын ойлап, қамқор болып жүреді үнемі. Менің анамның жағдайын жиі сұрап, амандығын біліп тұрады.
Кіші әже қайда болса бар немересі сонда. Тамақты өте дәмді жасайды, неше түрлі заттарды пісіреді, дастархан үстін толтырып қояды. Соған үйренген немерелері кіші әжеге үйір, жақсы көреді. Ұлғайған жасына қарамай кіші әже жаңа заманға ылайықтап ұлттық үлгімен киінеді. Қонақ күткенді, қонаққа барғанды жақсы көреді.
Біздің кіші атамыз шахматты мықты ойнайды. Ортаншы ұлымыз Айдарға алты жасынан бастап шахматты атамыз үйретті. Әрине, ол кісі сияқты мықты ойнамаса да, атасынын алғаш үйреткен сәтін ұмытқан емес.
Айдар университеттің экономика факулътетіне түсіп бітіргенмен, әулеттің ата кәсібін басқа мамандыққа ауыстырғысы келмей мұнай өндірісімен байланысты компанияға жұ- мысқа орналасты. Мұнайдан мағұлыматы жоқ Айдар көмекті кіші атадан сұрады. Елдін төрт жылда алатын білімін атам Айдарға бір күннің ішінде беріп, ең маңызды мәселелерін түсіндіріп шықты. «Мұнай дегеннің өзі не?» деген сауалдан бастан оны іздеу, өндіру, геологиялық, геофизикалық жұмыстар жөнінде қолмен қойғандай етіп айтып берді. Бұл «лекбез» Айдарға құны жоқ көмек болды.
Есенжан Үлкен атаның баласымын дейді де кіші ата-өз әкесімен қалжыңдаса береді. Осы Айдардың бес айлық кезі болатын. Ата біздің үйге келіп, бәріміз түскі ас, сорпа ішіп отырғанбыз. Бір кезде Есенжан: «Папа, біліп отырсың ба, сорпаның дәмі қышқылдау ғой» деді. Атамыз: «болса болар» - деді де ары қарай ішe берді. Есенжан тағы да болмай: «жаңа Болған Айдарды көтеріп тұрғанда сорпаның үстіне сиіп жіберіпті» деді. Атам болса: «е, бәсе, неге дәмді десем!» деп, Айдарға мейірлене бір қарап, сорпасын әрі қарай іше берді. Бәріміз ду күліп жатырмыз. Сырт қараған адамға қатал көрінгенмен, атамның жүрегі жұмсақ, мейірбан адам...»
Есенжан от басынан бәріміз үйренетін жақсы бір дәстүрді естідім. Жаңалық емес, әрине. Ата-баба дәстүрінде бар салт. Қазір жоқ, бар болса да өте сирек. Ол-өзің тегін білетін, сырмінез жермен құда болу, қыз беріп, қыз алысу, қысқасы, жолдастық пен достықтың тамырын тереңге жіберу.
Кейінгі кезде бәріміз «махаббатшыл» болып, бұл салт-дәстүрге менсініңкіремей, ескілік деп үрке қарайтын болғанбыз. Ескіліктің бәрі жаман деп кім айтты? Тегін білетін жерден қыз алу, келер ұрпағыңның он екі мүшесі түгел, дені сау, ынтымақты болуының бірден бір кепілі емес пе? Бірақ осыны біле тұрсақ та қоштамаймыз, қолға алмаймыз. Есенжан «қолға» алды. Мүмкін ата мен әже тәрбиесінде болғанның әсері болар, әйтеуір, өрімдей өсіп келе жатқан ұлдарының болашағы үнемі ойландырып, «жан-жағынан», дос пен жолдас ортасынан іштей болашақ құдаларын іздеп жүретін. «Махаббатпыз!» деп үйленіп, үш айдан кейін ажырасып жатқандардың махаббаты қайда қалады осы? Оның бәрі шыққан тегін, өсіп-өнген ортасын білмеуден. Алла сақтасын! Үш ұлы ертең-ақ өзіне үш келін әкелгелі тұр. Қандай жерден, кімдер болмақ?». Бұл сұрақ ұлдары өскен сайын аналары Болғанымға да маза берген емес. От басындағы төрт ер адамның жағдайын жа- сап, ас-суын әзірлеу оңай емес, қолқабыс беретін ақ-адал бір келінді асыға күтуде.
...Бүгінгі әңгіменің басы өткен күндерде...Ол кезде өздері де, балалары да жас. Бір күні досы, әрі әріптесі, «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігіне қарайтын күрделі жөндеу басқармасының Бас механигі Құлдаспаев Ибатулланың әйелі Гүлжан босанып, қыз бала туды. Боса-болмаса, мұндайда жолдас деген қауым жанып кетеді ғой, тойлады. Сол сәтте аузына жаратушы салып тұрған шығар, кім білсін, Есенжан: «мен сендермен құда боламын!» деп, сол тойдың үстінде айтып салды, басқалар қоштай жөнелді.
Бірде, Айсәуленің үшке келіп қалған кезі, Ибатулла үйінде қонақта отырған Есенжан:
- Айсәуле, біздің үйге барасың ба, сен маған келін боласың,- деді қалжыңдап. Бала не түсінсін, «барамын» деді де киімдерін жинастырып, ойыншықтарын сөмкесіне салып, дайындалды. Қонақтар тарар кезде өзінің қалып бара жатқанын сезген Айсәуле жылап қалды. Баланың «бала тірлігі» болса да Есенжан мен Болғаным жүрегіне жылы тиіп, ойланып қалған-ды.
Уақыт озды, балалар өсті. Айсәуле әдемі бойжеткен, Әнуар бозбала атанды. «Анасын көріп қызын ал...». Арман ұлғаймаса, кемімеді. Ибатулла мен Гүлжан да қарсы емес, үкілеп өсірген қызының танымайтын жерге барғанынан, қадір-қасиетін білетін достарына келін болғанын дұрыс көріп тұр.
¥зын сөздің қысқасы, жастар бұл ескіліктің салты ғой деп біраз бұлқынып көріп еді, үлкендер түсіндірген соң, тектіліктерін танытып көнді. Көнудің соңы махаббатқа ұласып-ақ кетті. Екі жақ да дүрілдетіп той жасап, қуаныштарын ағайын-тумамен бөлісті.
Әке Есенжан мен ана Болғаным балаларынан тараған: Әнуар мен Айсауледен: Мәдияр, Мәлік; Айдар мен Бибүгүлден - Мансұр; Данияр мен Динарадан - Адия атты немерелері бүгінгі қуаныш, бақыттары!
Міне, Есенжан от басынан үлгі алар тұсымыз бұл, бэріміздіңде.
Достарыңызбен бөлісу: |