График а алматы "Білім" 2012



Pdf көрінісі
бет87/100
Дата13.10.2023
өлшемі5,19 Mb.
#185148
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   100
Байланысты:
Бәйдібеков Ә.К. Инженерлік графика 2012

 
 
 
 
 
 
 
263-
сурет
Серіппенің жұмыс сызбасын орындау. Сығылу жəне керілу серіппелерінің 
жұмыс сызбаларын орындау үлгілері 264, 265-суреттерде көрсетілген. 
Серіппелер бос күйінде, сыртқы əсерлер ескерілмей кескінделеді. Жұмыстық 
сызбада серіппе тек оң бағытта орындалады. Ал, серіппе орамының шын 
бағыты техникалық талаптарда көрсетіледі. Проекциялаудағы геометриялық 
заңдылықтарды сақтасақ, серіппелердің көріністері синусоидалар деп 
аталатын қисықтар болады. Сызбаны салуды оңайлату үшін қисықтарды 


234
түзу кесінділермен алмастырады. Жұмыс сызбасын орындағанда серіппені 
горизонталь орналастырады. Алдымен серіппенің ось сызығы горизонталь 
сызылады. Одан кейін орам қималарының осьтерін – D
орт
жүргізеді. Олардың 
арасы серіппе диаметріндегі (D) оны жасайтын сымның диаметрін (d) 
шегергенде шыққан өлшемге (D
орт
=D-d) тең. Егер серіппенің орам саны 
төрттен артық болса, онда сызбада оның əрбір ұшының тек екі орамын ғана 
көрсетеді. Қалған орамдар көрсетілмейді. Сығылу серіппелерінің шекті 
орамдары сығылып жаншылады да, шеңбер доғасының ¾ бөлігіне дейін 
егеліп тасталады. Сөйтіп, серіппе осіне перпендикуляр орналасқан тіректік 
орам пайда болады. Сымның диаметрі 1 мм-ге дейінгі серіппелердің шекті 
орамдары сығылмауы жəне егелмеуі мүмкін. 266, а-суретте серіппенің шекті 
орамдары сығылған; бірақ егелмеген (λ=0). 266, б-суретте сызылған орам 
шеңбердің ¾ бөлігі егеліп тасталған (λ=0). 266, в-суретте сызылған орамның 
¾ бөлігі егелген
(λ=0,25 (t-d);
мұндағы λ – тіректік орам мен жұмыстық орамның арасындағы саңылау.
Сығылу серіппесінің сызбасы.


235
Керілу серіппесінің сызбасы.
1,5d
0,75d
0,5d
t
t
t
d
0,25d
0,5t
0,5t
0,5t
0,25d
ג=0,25(t-d)


236
Керілу серіппелерінің ұштарында ілгектері болады. Көршілес орамдардың 
арақашықтығын серіппенің қадамы (t) деп атайды. Сығылу жəне керілу 
серіппелерінің бір-бірінен айырмашылығы: сығылу серіппелері орамдарының 
арасында саңылау қалдырылса, керілу серіппелерінің орамдары бір-
біріне тигізіліп жасалады. Керілу серіппесінің қадамы серіппені жасауда 
пайдаланылған сымның диаметріне тең.
Жұмыстық сызбада серіппенің ұзындығы (Н), серіппе жасауға 
пайдаланылған сымның диаметрі (d) жəне серіппенің қадамы (t) мен диаметрі 
(D) көрсетілуі керек.
Басқа өлшемдері, атап айтқанда, серіппенің толық орам саны (n
1
), серіппе 
жасауға керек сымның ұзындығы (L) мен маркасы, орамдардың оралу бағыты, 
т.б. техникалық талаптарда көрсетіледі. 
Өлшеу аспаптары мен құралдарында қолданылатын арнайы серіппелер 
мен жауапты қызмет атқаратын серіппе сызбасының үстіне механикалық 
сипаттамасының диаграммасы сызылады. Диаграмма серіппеге түсірілген 
күш пен серіппенің деформациялық шамасының тəуелділігін көрсетеді.
Мұндағы: Н – серіппенің ұзындығы (биіктігі);
Н
0
– серіппенің бос күйіндегі ұзындығы (биіктігі);
Н
0
=t*n+0,75 d;
Р – түсірілген күш;
F – серіппенің сығылу (керілу) шамасы;
1 индексімен алғашқы деформация кезіндегі шаманы белгілейді;
2 индексімен жұмыс деформациясының шамасын көрсетеді;
3 индексімен максималь (max) деформация шамасын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет