Гравиметриялық анализ әдістері №1 Зертханалық жұмыс Барий хлоридi кристаллогидратындағы кристалданған


Иодтың титрленген ерітіндісін дайындау



бет18/29
Дата04.04.2023
өлшемі463,96 Kb.
#173743
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Байланысты:
Сандық анализ зерхана

Иодтың титрленген ерітіндісін дайындау
Иод ерітіндісін даярлау: пен әрекеттескенде иодтың әрбір мо-лекуласы екі электрон қосып алады. Сондықтан иодтың грамм-эквиваленті молекуласының грамм-эквивалентінің 1/2 құрайды, яғни 238,82:2=126,91г. 0,1л 0,05н ерітіндісін дайындау үшін:
m = Э ∙ V ∙ N = 126,96 ∙ 0,05 ∙ 0,1 = 0,6346г иод алу қажет.
Аналитикалық таразыда есептелген иодтың шамасын өлшеп алып, 100мл өлшеуіш құтыға салып, оған 10мл 25%-тік калий иодидінің ерітіндісін қосып, таңбаға дейін сумен толтырады. Ерітіндіні мұқият шайқайды.
Иодтың нормальдылығын натрий тиосульфатының ерітіндісімен анық-тау. Таза бюретканы тиосульфат ерітіндісімен шайқап, титрлеуге дайындай-ды. Пипетканы да иод ерітіндісімен шайқап, 10мл иод ерітіндісін алып конус құтыға құяды. Бюреткадағы тиосульфат ерітіндісімен титрлейді. Ерітіндінің қоңыр түсі сарғыш түске өзгерген соң оған 2мл крахмал қосып титрлеуді ары қарай жалғастырады. Пайда болған көк түстің тиосульфаттың артық мөл-шердегі бір тамшысынан жойылуы титрлеудің аяқталғанын көрсетеді. Титр-леуді 2-3 рет қайталап ортақ шамасынан есептеулер жүргізіледі.
Мысалы: 10мл иод ерітіндісін титрлеуге орташа есеппен 9,7 мл 0,04841н натрий тиосульфатының ерітіндісі жұмсалған. Иод ерітіндісінің нормальды-лығы:



Натрий тиосульфаты ерітіндісінің нормальдылығын калий перманганаты бойынша анықтау

Конус құтыға калий иодидінің 10% ерітіндісінен 10-15мл алып, оған 10-15мл 20% күкірт қышқылын тамшуырмен (пипеткамен) 10,0 мл калий пер-манганатының стандартты ерітіндісін қосады. Реакция нәтижесінде иод бөлі-неді:



Құтыны шынымен жауып және жарық сәулесі жоқ жерде 5 минут ұстаған соң (реакция жүруі аяқталуы үшін), 100 мл сумен сұйылтып, натрий тио-сульфатының ерітіндісімен бюреткадан ерітінді қоңыр түстен сарғыш түске айналғанға дейін титрлейді. Содан соң, 3 мл крахмал ерітіндісін қосып, титр-леуді ары қарай жалғастырады. Ерітіндінің түсі көгерген кезде қосылатын тиосульфаттың әрбір тамшысынан кейін құтыны жақсылап шайқап отыру керек. Титрлеуді 2-3 рет қайталап, орташа мәнінен есептеу жүргізеді.
Есептеу кезінде реакцияда 1 грамм-эквивалент 1 грамм эквивалент және соңғыны титрлеуде 1 грамм эквивалент жұмсалатынын ес-тен шығармау қажет. Сонымен, мен бір-бірімен тікелей әре-кеттеспегеннің өзінде мөлшерлері бір-біріне эквивалентті болады.
Олай болуы есептеуді келесі теңдеумен жүргізуге мүмкіндік береді:

Мысалы: 10,0мл 0,0518н калий перманганатының ерітіндісінің әрекеттесуі нәтижесінде эквивалентті мөлшерде бөлінген иодқа 10,66 мл натрий тиосуль-фатының ерітіндісі жұмсалған. Онда натрий тиосульфатының нормалдылығы тең болады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет