Грптпйтикйсы а л ғ ы с ө З


бет117/212
Дата20.12.2023
өлшемі
#197951
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   212
Байланысты:
Kazak tilinin tarihy grammatikasy Tomanov

Мен ада мен. Сен ада сен
(Мен атамын. 
Сен атасың). Орта ғасыр жазбаларында: 
Мен санга ашық турур мен.
Сен менин анам туру сен
(Ш. Тер..). 
Мен мухлис турур мен
(тәпсір). 
Иақын тегті, тусті, куріп барды ол. Етіл сувы ақа турур
(МҚ). Осы 
сойлемдерден мынадай ерекшелік байқалады: біріншіден, жіктеу 
есімдіктері есім сөздерге тіркесе айты лган немесе баяндауыш 
қызметіндегі есімнен кейін байланыстырушы қызметінде айтылған 
көмекші етістіктің есімше түлгасына тіркескен (
анам турур сен).
Бүл 
ф актілер ж іктеу ес ім д ік те р ін ің п о с т п о зи ц и я л ы қ қо лд ан ы ста 
жалғауларға айналуының есім не есім мөнді создер негізінде пайда 
болғандығын корсетеді. Олай болса, таза етістік түлгалары жіктеу
1 ИСГТЯ. Т.ІІ, стр. 6 - 14.

К о т в и ч В.
Исследования по алтайским языкам. М., 1962, стр. 167.

Г а д ж и е в а Н . 3.
Основные пути развития синтаксической структуры тюркских 
языков. М., 1973, гл. 2.
174


есімдіктерімен тіркеспеген, есімше формаларымен ғана тіркескен. 
Екінші жағынан, есімдердің баяндауыш қызметінде жүмсалып, жіктік 
жалғауларын қабылдауы байланыстырушы қызметіндегі көмекші 
етістіктер арқылы жүрген: есім+есімше түлғалы көмекші етістік+жіктеу 
есімдігі > есім+(көмекші етістік) + жіктеу есімдігі > есім+жіктік 
жалғауы. К ей ін тіл д ам у ы н ы ң б ар ы сы н д а бай лан ы сты руш ы
қызметіндегі комекші етістік түсіп қалады да, жалғау баяндауыш 
қызметіндегі есімге тікелей қосыЛатын болады. Ал III жақта сол 
жақты білдіретін жіктеу есімдігінің сөз қүрамынан шығып қалуы 
орта ғасырларда-ақ қалыптаса бастаған. Жоғарыда М. Қашқаридан 
келтірілген сөйлем сондай процесті аңғартады: Етіл сувы ақа турур. 
Тіл дамуының кейінгі, жаңа дәуірлерінде соңғы есімше түлғалы 
көмекші етістік фонетикалық өзгеріске үшырайды, алдыңғы негізгі 
сөздің қүрамына енеді. Бір кезде үшінші жақты білдіру үшін айтылған 
ол есімдігінің түсіп қалуымен байланысты өрі ж ақты қ мән алған 
көмекші сөз енді жалғауға айналады. Сөйтіп ж ақты қ және ш ақтық 
м әндердің бір тү л ған ы ң бой ы н а ш оғы рлануы болады . 
Турур
көмекшісінің әбден қысқарған түрі қазіргі қырғыз тілінде (-т), ал 
қазақ тілінде аралық звено — (ады) орныққан.
Жіктік жалғауларының ж ақтық корсеткіштер ретінде есімдерден 
болған баяндауыштарға да, етістіктен болған баяндауыштарга да тән 
болуы сол тарихи генезисінде жатыр.
Жіктік жалғауларының есімше мен көсемше етістіктерге, 
-мақ
түлғалы етістіктерге, комекші етістіктерге қосылып қолданылатын 
түрлері бар да (
бара-мын, барган-мын, барган-быз
), шартты рай мен 
өткен ш ақ формаларына қосылатын түрлері бар екені белгілі. Соңғы 
түрі сыртқы пішіні жағынан тәуелдік жалғауларға кобірек үқсайды. 
Бірақ бүлар да (екінші түр) алдыңғы топ сияқты етістіктерге қосылып, 
жақтық үғым береді, ешбір меншік — тәуелдік үғымды білдірмейді. 
Тарихи — генезистік түрғыдан бүлар жіктік жалғаулармен бірдей 
болмағанымен, қолдану процесінде түгелдей солардың мәні мен 
қызметін атқарып, өздерінің алғаш қы м әнінен ажырап қалған. 
Сонымен, бүл жерде морфологиялық түлға — тәуелдік жалғаулары 
семантикалық өзгеріске түсіп, соңғы мәнде орн ы ққан . Бүндай 
семантикалық озгеріс о баста морфологиялық түлғалардың сыртқы 
үқсастығына негізделсе керек.1
1 Алайда 
Щ е р б а к А. М .
Шыгыс Түркістан ескерткіштері тілінде шартты рай 
түлгасына шақтық қосымша ретінде жіктеу есімдіктері қосылып қолданылғандыгын 
айтады (Грамматический очерк языка тюркских текстов... стр. 156). Бүл фактілср 
Орхон-Енисей жазбаларында қаіпыптаскан жүйсмен сай түспейтіні айқын.
175


тіл қүрамында жалгаулардың пайда болып, молаюы және етістіктердің 
меңгеру қабілетінің озгеріп, кеңеюі. V—VIII ғасыр ескерткіштері 
тілінде шылаулар өте аз. Сондықтан септік жалғауларының шылаулар 
жетегінде қолданылуы аса сирек үшырайды. Ал кейінгі дәуірде 
шылаулардың сан жағынан молаюымен бірге, септік жалғауларының 
да семантикалық саралануы күшейеді. Осындай өзгерістің екінші 
бір түрі етістіктердің меңгеру қабілетінің дамуымен байланысты 
болған. Көне түркі тіліндегі жиі үшырасатын, септік жалғаулардың 
“жүйесіз” алмасып қолданылуының азайып, белгілі бір жүйеге түсуі 
де етістіктердің меңгеру қабілетінің сараланып, жіктелуімен тығыз 
байланысып жатады. Мысалы, көне түркі тілінде атау мен табыс, 
жатыс және барыс септіктерінің “жүйесіз” алмасып қолданылуы бар. 
Кейінгі даму барысында сол етістіктер әлгі септіктердің тек біреуімен 
ғана қолданылатын болған.
Қазіргі тіліміздегі септік жалғаулардың аргы кезендегі пішінін, 
ең алдымен, ескерткіштер тілінен көреміз. Алайда осы арада мына 
бір ерекш еліктерді айту керек. Тарихи салыстырмалы әдісімен 
іздестірілуі м ү м к ін сеп тік ж ал ғау лар д ы ң б әр і бірдей ежелгі 
ескерткіштер тілінде қолданылатын (живые) қүралдар қатарында 
үшыраса бермейді. Ол тілде де іздестірілетін жалғаулардың кейбірі 
түбірмен бірігіп кеткен “олі” қосымш а түрінде ғана кездеседі.
Қазіргі түркі тілдеріндегі, солардың бірі қазақ тіліндегі септеу 
категориясын тарихи барлауда сүйенетін тірек — көне түркі тілі, сол 
тілдің бізге жеткен ескерткіштері екені белгілі. Ол тілдің фактілері 
түркі тілдерінің коне дәуірлерінде септелудің үш түрлі жүйесі 
болғандығын дәлелдейді. Ондай жүйелер: жай септеу, тәуелдеулі 
сөздердің септелуі және есімдіктердің септелуі. Көне түркі тілінде ілік, 
табыс септіктері ыңғайында зат есімдер мен есімдіктер септелуінің 
арасындағы айырмашылық, табыс, барыс септіктер ыңғайында жай 
септеу мен тәуелдеулі септеу арасындағы айырмашылық байқалады. 
Алайда сол дәуірде-ақ, яғни, коне түркі дәуірінде-ақ, бүлардың 
арасындағы, өсіресе, зат есімдер мен есімдіктер септелуіндегі шектелу 
жойыла бастаса керек. Сол жазбалардың тілінде де зат есімге жалғануға 
тиіс жалғаудың есімдіктерге не керісінше қолданылуы үшырайды. 
Екінші созбен, сол тілде-ақ жоғарыда айтылған айырмашылықтар 
жеке-жеке өз аясында қалмай, бірінің белгісі екіншісіне ауыса, араласа 
бастауы байқалады.
1 Бүл қүбылыс туралы: 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет