Қошгарий М.
Девону түрк. II т., Ташкент, 1961, 160—161-бет
301
сабақты етістіктер
-тық
(немесе алғашқы сипаты
-дық)
қосымшасы
арқылы салтқа айналған, яғни пассив қимылды білдіретін болған.
Осымен байланысты V — VIII жазбаларында үшырасатын
олурсуқ,
олурсық (отыру, отырган куй) қимыл есім және татсуқ (тутылу),
урсуқ (оққа тап болу)
етістіктерін еске алған жөн. Егер,
-сық
(оның
в а р и а н т ы
-дьіқ, т ы қ)
а ф ф и к с і а к т и в е т іс т ік т і п а с с и в к е
айналдыратынын ескерсек, келтірілген фактілердің тарихи түрғыдан
осы аффикспен байланыстылығын көруге болады. Көне түркі тілінде,
Маловтың фактілеріне қарағанда,
-сық
аффиксі туынды етістіктері
жасаған (Малов та
йоқсық-жоқ болу, алсық — алдану, ал — қулық,
залымдық, арсық — алданушы, ар - алдау, аздыру
сөздерін келтіреді).
Осыдан бүрын айтылғандай, жалпы етіс аффикстерінің қайсысы да
өздерінің алғаш қы қолдану кезеңінде сөз жасаушы аффикстер
болғаны белгілі. Ы ры қсы з етіс м әнін берген (пассив қимылды
білдірген)
-сық
аффиксі қазақ тілінде, сонымен, форма жасаушы
қосымш а (немесе етіс қосымшасы) мөнінде емес, жеке етістіктер
қүрамында сөз жасаушы элемент ретінде ғана кездеседі.
Әдетте ырықсыз етіс түлғасының негізгі қызметі актив қимылдың
пассивке айналуы, яғни, іс-қи м ы л субъектіге емес, іс-қимы лға
үшырайтын объектіге тенілу екені белгілі. Егер ырықсыз етістң негізгі
грамматикалық мәні осы деп қарасақ, мүндай грамматикалық мән-
мағына түркі тілдерінің алғашқы, тарихқа белгісіз кезендерінде нақ
осы аффикстер арқы лы берілмегенін көруге болар еді. Махмуд
Қаш қари сөздігіне
ула болса, йол азмас, біліг болса сөз азмас (белгі
болса жол бузылмас, білім болса сөз бузьиімас), алын арслан тутар,
кучун көгук тутмас (Айламен арыстан тутылар, кушпен қорқақтық
ушталмас)
тәрізді мақал-м әтелдер бар. Бүлардың қүрамындағы
етістіктер ы ры қсы з түлғасы нда келмеген, бірақ ы ры қсы з етіс
мағынасын береді. Етіс мәнін арнаулы қосымшасыз беру қы пш ақ
жазбалары тілінен де үшырасады:
Анда тапгайсыз тогырган оглан
чупреке чулганмы
(ана ж ақтан жаңа туылған шүберекке оралған
нәрестені табасыз) (КК).
Ескі, жаңа түркі тілдерінде үшырасатын бүл фактілер ырықсыз
етіс қосымш асының етіс мәнін туғызатын арнайы грамматикалық
ф о р м а н т б о л ы п , к е й ін т іл д ің өсу, даму д ә у ір л е р і б о й ы н д а
қалыптасқандығын дәлелдесе керек.
Өзгелік етіс қосымшалары
-т (-ут, ~ут, -ыт, -іт), -р (-ур, -ур, -
ыру -ір) -тур (-тур), -дур (-дир, -гур), -гур ~з, -тыз, -кіт, -гір
түлғаларында үшырасады. Басқа етіс қосымшаларына қарағанда,
бүлар әр түрлі, көп вариантты. Ескерткіштер тілінде қолданысы
302
қазіргі мағынасынан алш ақ кетпейді. Кейде бүл қосымшалардың
өзгелік етіс мағынасын бермейтін реттері байқалады. Мысалы:
теңірлерде арыттымыз — тәңірлерден қутылдық. Урагут оглына сут
емізді — әйел улына сут емізді
(МҚ.). Қ азақ тілінде де кейбір етістіктер
өзгелік етіс түлғалы болса да, істі басқа бір субъект арқылы істеу
мәнін бере бермейді. Махмуд Қ аш қари
-р, -з, -гар
аффикстерінің
қы зметі мен мағыналары жайлы түсіндіре келіп, осы түлғалы
етістіктердің кейбір дербес түбір мәнінде жүмсалатындығын, етіс
мәнін бермейтінін ескертіп отырады:
аның бойнын қазырды (оның
мойнын қайырды), қап қутурды (қапты қотарды), табузгуқ табузды
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |