Грптпйтикйсы а л ғ ы с ө З


бет8/212
Дата20.12.2023
өлшемі
#197951
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   212
Байланысты:
Kazak tilinin tarihy grammatikasy Tomanov

Зигіа Іап&ие кіг&һіг.
/А 1825-Рагіз) деген атпен Парижде француз тілінде 
басылған еңбегі. Бүл еңбегінде Клапарот қазақ тарихы жайлы қысқа 
мәлімет, французша-қырғызша (қазақша) создік береді. Қазақ создерін 
түрік, Қазан татарлары, Тобыл татарлары және монгол тілдерімен 
салыстырып береді. 1861 жылы Қ азан университетінің ғылыми 
жазбаларында Н. М. И льм инскийдің “ М атериалы к изучению 
киргизского (казахского) наречия” атты еңбегі басылады. Бүл еңбекті 
қазақ зерттеушілері қазақ тілінің алгашқы грамматикасы деп те атайды.
23


Бүл еңбек Орынбор маңын, Ж айық бойын мекендеген қазақтардың 
тілі негізінде жазылған. Кітап материалдарынан сол заманғы Батыс 
Қ а за қ с т а н тү р ғы н д ар ы
тіл ін ің , әсір есе ф о н е т и к ал ы қ ж әне 
морфологиялық сипатын білумен қатар, жазба тіл мен сойлеу тілінің 
арасындағы кереғарлықтың дәрежесі туралы толық мөлімет алу болады.
О ң түстік С ы рдари я бойы н м екендеген қ азақ тар д ы ң тілі 
М. А. Терентьевтің “Грамматика турецкая, персидская, киргизская и 
узбекская” (СПб, 1875) жэне “Хрестоматия турецкая, персидская, 
киргизская и узбекская” (СПб, 1876) деген еңбекгерінде лингвистикалық 
және филологиялық талдаулар объектісі болды. Оңтүстік қазақтарының 
сөз үлгілері Я. Я. Лютштың “Киргизская хрестоматия. Сборник образцов 
народной литературы киргизов Туркестанского края” (Ташкент, 1883) 
деп аталатын еңбегінде берілген. Ал сол замангы қазақ жазба тілінің 
үлгілері И. Н. Березиннің “Турецкая хрестоматия” атты сериясынын 
III томында берілген (СПб, 1890). Қазақ руларының атаулары, діни салтқа 
байланысты создер, этнографиялық атаулар А. И. Левшиннің “Описание 
киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей” (СПб, 1832) атты 
зертгеу еңбегінде барынша толық жинақталган. В. В. Григорьев 1862 ж. 
орыс алфавиті арқыяы қазақ дыбыстарын белгілеудің жолдары туралы 
мақала жазды (УЗКУ, отд. ист. фил. наук, 1862, г. в. 2). Бүл қазақ создерін 
мүмкіндігінше дүрыс берудің жолдарын түсіндіруге арналған еді. 
Григорьевтің бүл еңбегінің қазақ тілі материалдарын қагазга түсіруге 
практикалық мәні зор болды.
1894 — 1897 жылдары қазақ тілін зерттеуде үлкен белес болган 
еңбек — профессор П. М. Мелиоранскийдің “Краткая грамматика казак- 
киргизского языка” атты екі кітаптан түратын зерттеуі жарық корді. 
Мелиоранский еңбегінде сол заманғы қазақ тілінің синтаксистік жүйесі 
бірінші рет түсіндірідді. Бүл еңбектің гылыми мәнін былай қойғанда, 
XIX гасырдың екінші жартысындагы қазақтардың сөйлеу жүйесі, 
сөйлем қүрау жүйесі маман галым түсініктемесімен бізге жетті. XIX 
гасырдың аягы, XX гасырдың басындагы қазақ тілінің создік қоры, 
фонетикалық жүйесі мен грамматикалық қүрамы В. В. Катаринскийдің 
кітаптары арқылы белгілі. Оның “ Грамматика киргизского языка” 
(Оренбург, 1897), “ Краткий русско-киргизский словарь” (Оренбург, 
1895, 1898), “ Киргизско-русский словарь” (Оренбург, 1897) атты 
еңбектері тек қан а Орынбор маңындағы қазақтар тілін қамтып 
қоймайды. Сырдария бойы қазақтары тілінің де негізгі ерекшеліктерін 
қамтиды. Оңтүстік қазақтары тілі Ешмүхамбет Букиннің “Русско- 
киргизский словарь” (Ташкент, 1885), “ Русско-киргизские разговоры” 
(Ташкент, 1884) еңбектерінде біршама толық берілген.
24


ҚАЗАҚ ТІЛІ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ
Тілдің тарихи дамуын зерттеуде қолданылатын басты әдіс — 
тарихи-салыстырмалы әдіс. Түркі тілдерінің тарихын жасау сонау 
Мененский, Шотт, кейінгі Радлов зам аны нан-ақ осы тарихи салыс- 
тырма әдіс арқылы жүріп келе жатыр. Бүл эдістің басты шарты — жай 
салыстыру, қалай болса солай салыстыру емес, тілдердің, тілдік 
ф актілердің тарихи б ай лан ы сы мен ж ү й есін сақ тай оты ры п 
салыстыру. Тарихи-салыстырма әдістің қолданы латы н мынадай 
негізгі орыНдары бар: 1) бір тілдің әр кезеңге қатысты, бірақ бір 
жүйеге жататын, қызметі мен семантикалық жағынан бір-біріне 
эквивалент болатын фактілерін салыстыру; 2) бір уақытта омір 
сүрген, өмір сүретін, бір-біріне тілдік, тарихи жақындығы бар тілдер 
материалдарын салыстыру. Алайда, бір топқа жататын тілдердің озара 
байланысы, бір-біріне қатыс дэрежесі бірыңғай болып келмейтіні 
еске алынады. Бір тілдің екінші біртілм ен үқсастығы, жақындығы 
мол да, үшінші бір тілмен байланысы одан гөрі алыс, ал тортінші 
бір тілмен байланысы одан да алыс. Оның үстіне, олардың тарихи 
жағынан бір-бірімен үштасуы да әр түрлі. Кейде бір-бірімен оте 
үқсас, өзара жақын тілдер тарихи жағынан бір-бірімен оте алыс 
кезенде ғана үштасады. Мысалы: қазақ тілі мен қарақалпақ, не ноғай 
тілдері, қазақ тілі, ноғай тілі арқылы татар, баш қүрт тілдерімен 
немесе бүкіл қыпш ақ тілдерімен үштасады, қазақ тілі қыпш ақ тілдері 
арқылы оғыз тілдерімен үштасады, содан кейін ғана якут немесе 
чуваш тіл д ер ім ен салы сты р у ға м ү м к ін д ік туады. Ал екін ш і 
ерекшелікке қазақ тілі мен қырғыз тілдерін жатқызуға болады.

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет